«?зiн-?зi тану» п?німен интеграциялан?ан биология саба?ыны? жоспары


«Өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған биология
сабағының жоспары
Мектеп: Озерное орта мектебі Мерзiмі 28.04.2016 Оқушылар саны: 8
Мұғалiм: Жиентаева Акерке Сулейменовна Сынып: 6
Тақырып: Сабақ-өркеннің негізгі бөлігі Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттері: қамқорлық жасау, өз ісіне жауап беру, қоршаған ортаны қорғау
Сабақ мақсаты: Оқушыларға өсімдік сабағының  түрлері, құрылысы туралы жалпы түсінік беру, қоршаған ортаны қорғауға  сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1. Өсімдіктердің сабағының құрылыс ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу;
2.Өздерінің теориялық білімдерін өмірмен байланыстыру арқылы сабақтың маңыздылығын ұғындыру;
3.Қоршаған ортаға жанашырлық сезімімен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ұғындыру. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
инт.тақта,
бейнеролик, өсімдік сабағының көлденең кесіндісі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыртқы интеграция
Тыныштық сәті.
«Мұхит астына саяхат»
Көзімізді жұмамыз,терең тыныс аламыз.
- Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыз?
Оқушылармен тыныштық сәтінен алған әсерлері туралы пікір алмасу.
5 Т ұстанымын еске түсіру. Ескерту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қане, өткен сабақта өтілген тақырыпқа байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешіп, үйге берілген тапсырманы пысықтап өтейік.
қ о С а л қ ы
с А б а қ
т ө Б е
ж А н а м а
б ұ й ы Қ қ а н
1. Кез  келген мүшенің әр  жерінде  дамыған  бүршік
2. Өркеннің негізгі орталық тірегі?
3. Өркеннің  ең  ұшында  орналасқан  бүршік?
4.Жапырақ  қолтығында  орналасқан  бүршік
5. Тыныштық   күйге  ауысқан  бүршік  қалай  аталады?
Зымыран  сұрақтары
1.тірі  ағзаның  ең кішкентай құрылымдық  бөлігі?
2. Жасушалар  біргіп  не құрайды?
3.Ұлпа  дегеніміз  не
4.Өсімдік  ұлпаларын  ата?
5.Мүше  дегеніміз  не?
6.Өсімдік  мүшелері  қандай  топтарға  бөлінеді?
7.Вегатативтік  мүшелерді  ата?
8.Генаративтік  мүшелер9.Тамырдың  қызметі?
10.Түрі   өзгерген  тамырды  ата? ІІІ. Жаңа сабақБіз бүгінгі сабағымыз сабақ-өркеннің негізгі бөлігі Сабақтың  қызметі.
1.Сабаққа  бүршік  жеміс ,жапырақ,гүл  бекінеді.
2.Қоректік  заттар  сабақ  арқылы   қозғалады.
3.Органикалық  заттар  қорға  жиналады.
254635180975Сабақтың түрлері
Тік
Шырмалғыш
Қысқарған
Жатаған
Өрмелегіш
Лианалар
00Сабақтың түрлері
Тік
Шырмалғыш
Қысқарған
Жатаған
Өрмелегіш
Лианалар
4.Көбеюге  қатысады
Ішкі интеграция
Ағаш түзу өсу үшін оны күтіп бабтауымыз қажет. Ол үшін әрбіріміз өсімдіктерді суарып, қамқорлық жасап, күтуіміз керек. Сол кезде ол жеміс беріп жайқалып өседі.
Бейнеролик көру. Жапон халқы суға тәжірие жасапты. Сөздің, музыканың суға әсерін зерттеген. Сонда, суға жағымды, жақсы сөздер айтқанда су мөлдір болып тазарған, ал жағымсыз сөздер айтқан су көгеріп, иістеніп, бүлінген. Сонда, өсімдіктерді суарғанда жағымды сөздер айтып суаруымыз керек.
Бөлме өсімдіктерін суару. Суарып отырып жағымды сөздер айту.
Кестені оқулықты пайдаланып толтырыңдар.
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз.
Ағаш діңінің көлденең кесіндісін қарау.
346075189865Сабақтың ішкі құрылысы
Қабық
Камбий
Сүрек
Өзек
өң
тоз
тін
00Сабақтың ішкі құрылысы
Қабық
Камбий
Сүрек
Өзек
өң
тоз
тін
Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.
320484533083500

Сүрек бойымен су өтеді. Судың маңызы өсімдіктер үшін өте маңызды.
Ішкі интеграция  Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуімен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер немесе жылдық қабат деп те атайды.
Ағаштың көлденең кесіндісін көру.
Биологиялық  диктантСабақдың  ішкі  құрылысы ........қабаттан  тұрады. Сабақтың  ең  сыртқы  қабаты .....деп  аталады. Қабық -....,өң.... қабатынан  тұрады.  Өң түссіз  жас сабақтардың  .... қаптайды.
Тоздың  ішкі  жағында беріктік  қасиет  беретін ........... орналасқан . Үлкен ағаштардағы......түлеп  түсіп, орынына  тоз  қабаты  алмасады.Қалың болса  да  ішкі  жасушалардың тыныс  алуына оттегіні өткізеді.Тозда  орналасқан  пішін  төмпешікке ұқсаған  жасушаларды ......... дейлді.Жасымықша  өркеннің  сыртыннан  бұртиып  айқын  көрінеді.Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.
Қабық Камбий Сүрек Өзек
1. Сабақты жуандатып өсіреді.
2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.
3. Органикалық заттар қорға жиналады.
4. Су мен минералды заттар қозғалады.
5. Тін талшықтары орналасқан.
6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
7. Қабық пен сүректің арасында орналасады.
8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады. 
Бағалау
Үй тапсырмасы  §18 оқу, біліміңді тексер оқулық 66-67 бет.