Математика п?ніні? ?зін-?зі тану п?німен интеграциялан?ан саба? жоспары


Математикамен интеграцияланған сабақтың жоспары
Мектеп: «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мерзімі: 11 қазан 2016ж
Сынып: 2 «Б» Оқушы саны: 22 Тақырып: 13 санының құрамы
Құндылық: ақиқат Қасиеттер: қарапайымдылық, әділдік
Сабақ мақсаты: 13 санының құрамымен таныстыру, бөліктеу бойынша есептеуге және оны тексере білуге үйрету.
Міндеттері:
1) Есептің шартын дұрыс жазып, оны шығара білуге үйрету.
2) Оқушылардың тілін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту
3) қарапайымдылыққа, әділдікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
-сандардың құрамы
-кеспе сандар
- санағыш
-оқулық
- дәптер.
- қалам;
- ән ойнататын құралдар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Сыртқы интеграция
«5-Т» ережесін айту.
Тыныштық сәтін өткізу «Нұрға бөлену»
Өткен сабақты еске түсіру. Ауызша есептеулер орындату.
«Сандарды үйлеріне орналастыр» ойыны
Сандардың құрамын қайталауға арналған ойын.



Дәптерге жазу
9+4= 9+1+3=13 13-4= 13-3-1=9
13 3 1
№2 Бөліктеу бойынша есептеп, тексеру:
6+7= 13-6= 13-5=
4+9= 13-4= 9+4=
Сергіту сәті
Құстай қанат қағайық,
Қоян болып қашайық.
Қырғауылдай тапқыр боп
Орнымызға қонайық.
Ішкі интеграция
13 саны. Қазақ халқы үшін барлық күн сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Адам адалдықпен, ақиқатпен дұрыс әрекет етсе, сүйіспеншілікке бөленеді. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», — деп ұлын ардақ тұтады.
№3 Есепті шығару:
Банан-8
Қарбыз-?
Барлығы-13
Шешуі: 13-8=5(қ )
Жауабы: 5 қарбыз әкелінді.
Шаршасақ санамақ айтайық:
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда  сонда  саусағым нешеу?
Оң қолымда  бес  саусақ,
Сол қолымда  бес саусақ
Қосып едім  екеуін,
Болып шықты он саусақ.
«Кім жылдамды» өзіндік жұмыс ретінде дәптерге жаздыру
«Сандардың көршілерін тап» ойынын ойнату:

№6 Қосындылардың мәні шығатындай бос орындарды толтыру.
7=2+2+3 9=3+3+3
www.balakai.kz

Сабақты бекіту: 13 санының құрамын айту
Сыртқы интеграция
Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.