«?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан География саба?ыны? жоспары


Тапсырыс«Ғылыми – жаратылыстану пәндерін оқытудағы жалпыадамзаттық құндылықтар»
1. Конкурс қатысушысының аты-жөні, әкесінің аты Камелова Жадра Әділбекқызы
2. Қызметі Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
3. Мекен жайы Әулиекөл ауданы.Құсмұрын ауылы
4. Жұмыс орыны № 28 Құсмұрын орта мектебі
5 Педагогикалық өтілі 6 жыл
6 Сабақтың тақырыбы 7. Пәні География пәні.
Мұғалімі: Нүрсеитова Сауле Бағытқалиқызы
8 Сыныбы 8 сынып
9. e-mail электрондық поштасы
Мектеп директоры: Кубекова И.К.

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған
География сабағының жоспары
Мектеп: №28 Құсмұрын орта мектебі
Мерзімі :25.01.2017ж
Мұғалім: География пәнінің мұғалімі: Нүрсеитова Сауле Бағытқалиқызы
Сынып : 8 «Ә» сынып
Оқушы саны: 18
Тақырыбы: «Қазақстанның өзендері»
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: адамның жан дүниесін сумен байланыстыру, ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Өзендерге сипаттама бере отырып, су тіршілік көзі екендігіне көз жеткізіп, ластамау амалдарын табу.
Сабақтың міндеттері:
Су ресурстарын шаруашылыққа пайдалану жолдарын қарастыру.
Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерін адамның жан дүниесімен салыстырып, сипаттама беру.
Су алаптарын ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Тыныштық сәті (су түбіне саяхат) әуен қосылады.
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер. Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығап, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүрып, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағынызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңізбе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттерңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз аырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыныздар. Ресурстар: (материалдар, көздері)
Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
«Бейнеролик» көру арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.Су туралы әңгіме өрбітеміз.
Дәйексөз:
Дәулетияр Әлімжановтің
“ТАБИҒАТ СЫЙЫ”
өлеңін мәнерлеп оқу.
Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай
Оқушылар есте сақтап қалу үшін бір неше рет қайталайды. Дәйексөзді, мағынасын ашады.
Оқушылар 3 топқа бөлу (Тобыл, Есіл, Ертіс)
Физикалық, географиялық орнын анықтап, қасиетін,шаруашылықтағы маңыздылығын сипаттайды. Аңыздарға сүйене отырып, тарихи деректерге тоқталады.
(үш топқа бірдей тақырып беріліп, әр топ өз қалауы бойынша қорғайды)
1.Тобыл тобы
2.Есіл
3. Ертіс Ескерту
Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Қазақстанның өзендерін ластамау жолдарын мен амалдарын қарастыру. Суды қорғау жобасын құру.
Судың қасиетін, құрылымын адамның жан дүниесімен салыстыру.
Рефлексия:Оқушыларға смайликтер таратамын.
Жолаушылап келе жатқан сәуегей қарияға үлкен сарай құрылысына тас әкеле жатқан үш құрылысшы кездесіпті. Қария оларды тоқтатып әрқайсысына сұрақ қойыпты.  Бірінші құрылысшыдан:- Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты.  Ол болса:-күні бойы құрып кеткір тастарды тасумен болдым- деп жауап беріпті.
Екінші құрылысшыдан:-  Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты.  Ол болса:-күні бойы өзіме жүктелген жұмысты жауапкершілікпен жасадым- деп жауап беріпті.
Үшінші құрылысшадан:- Ал
сен не істедің?- дп сұрапты. Жүзінен қуаныш нұры төгілген үшінші құрылысшы қарияға қарап күлімсіреп:- Мен бүгін күні бойы мына зәулім сарай құрылысына қатыстым деп жауап беріпті.
-Балалар! Кім бірінші құрылысшы секілді жұмыс істеді? (қызыл смайлинк)-Кім екінші құрылысшы секілді жауапкершілікпен жұмыс істеді? (сары смайлинк)-Ал кім өзінің білім сарайының құрылысына қатысты? (жасыл смайлинк)
Үй тапсырмасы
«Су- тіршілік көзі» атты Эссе жазып келу.
Сабақтың қорытынды сәті
Қазақстан бойынша экологиялық қауіпті, лас, аймақтарды анықтап, оқушылар экологиялық жағдайлардан шығу жолдарын анықтап, идеяларын ортаға салды.
Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерін өздерінің жан дүниелерімен салыстырып, ұқсастықтарын тапты. Тобыл өзені еркін, жайдарлы.Есіл өзені ерке, сылқым, жан-жағына қуаныш сыйлай білетін. Ертіс жігерлі, қайсарлы, тік мінезді.