Ма?ала жеті ж?ртты? тілін біл, жеті т?рлі білім біл…


Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл..
“Жастардың және еліміздің
басты капиталы - сапалы білім”
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыздың Қазақстан 2050 жолдауында айтқандай тіл саясаты бізге көптеген мақсаттар мен талаптар жүктеп отыр. Осы орайда айтпақ ойым үш тұғырлы тіл идеясы жайлы болмақ. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл- деп ата бабаларымыз айтқандай, қазіргі кезде дамыған мемлекеттер қатарына ену үшін әр азамат білімді де саналы болуы керек. Сапалы тұрмыс, тіршілікті саналы ұрпақ ғана қалыптастыра алады. Мен ұстаз ретінде бұл мақаламда тіл үйрену мен қатар кітап оқудың маңызды екенін сөз етпекпін. Бүгінгі күні оқушыларымыз кітап оқудан гөрі бос уақытын телефон немесе әлеуметтік желіде көп өткізеді. Уақытты қалай тиіміді пайдалансам болды? немесе қалай қысқа мерзімде шет тілін үйренсем болады? деген сауалға ешкімде бас қатарып жатқан жоқ. Жетістік, жырғаулы тұрмыс, мықты денсаулық осының бәрі тек білім мен қажырлы еңбек үйлескенде ғана келетінін қазіргі жастарымыз санасынан әлде қайда жоғалтып алғандай. Осы орайда елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауындағы мына бір сөзі көңілге ой салардай.
«Еліңнің ұлы болсаң еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!.
Еліміздің өркендеп өсуіне қазіргі өскелең ұрпақ жауапты. Сондықтан сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаз біздерге артылар жауапкершілік пен міндеттің жүгі ауыр болып отыр. Бірақ жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей сауатты да саналы үш тілді меңгерген, білімді ұрпақты қалыптастыруда ата-аналарда атсалысса нұр үстіне нұр болары анық.
Қазақ маманы С.Раевтың пікірінше сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады дейді. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 % өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Осыдан-ақ бүгінгі өскелең ұрпақтың тіл меңгеруге немесе кітап оқуға деген ынтасының нашарлығын көруге болады.
Сауатсыздықтың түбі сорақылыққа соқтырары қақ. Сондақтан қазіргі алмағайып заманда ұл-қызымыздың ертеңіне көз жұма қарамайық ағайын. Әрбір Қазақстандық азамат өз ертеңі үшін бүгінгі мүмкіндігін жоғалтпаса екен деген оймен мақаламды тамамдаймын.
Захарова НЖЖБМ-нің
ағылшын тілі мұғалімі Майтах Алтай