Уа?ытты ба?алай біл ?аза? тілі саба?ыны? жоспары 10 сынып

Сыныбы 10 Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Уақытты бағалай біл
Мақсаты
Міндеттер Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру, қарапайым сөздер деңгейінде 10-11 сөйлем көлемінде сөйлесуге үйрену.
Сөздерді қолдануға жаттығу;
Ережені қайталау;
Сөйлем, сұрақ құрастыру арқылы сөйлеу тілін дамыту;
Уақытты жоспарлау, бағалау маңыздылығын түсіну.
Күтілетін нәтиже Оқушылар «Уақытыңды бағалай біл» тақырыбы бойынша өз ойларын толық жеткізеді, қыстырма сөз тақырыбын қайталап шығады.
Оқушылардың бәрі: жаңа сөздерді есте сақтап, сөйлем құрастыра алады, сұрақтарға жауап береді, қыстырма сөздерді сөйлемнен ажырата алады.
Көбі: мәтінді ауысша мазмұндайды, қыстырма сөздерімен сөйлем құрастырады, өздері сұрақ қояды.
Кейбіреуілері: өз сөзімен уақытты бағалау керектігі туралы толық айтып бере алады, оқиғаларды салыстырады, пікірлерін дәлелдей алады, басқалардың қателерін түзетеді
Әдіс -тәсілдер «Миға шабуыл», баяндау, жаттығу, проблемалық баяндау, көрнекілік (флип-чарт), кластер, «Дұрыс –бұрыс» тәсілі, «Синквейн» тәсілі.
Сабақ кезендері Сабақ барысы
Мұғалім мен оқушы әрекеті Нәтиже
Психологиялық дайындық Сәлемдесу (дорбашадан кәмпит алады, әр кәмпитте еркелету, сыпайы сөздер жазылған). Сабақтың рубрикаторын толтыру. Критерийлер, дискрипторларды толтыру
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Білу - түсіну
Қолдану Әр топтан бір баладан уақыт туралы мақал-мәтелдерді тыңдау. Қалған балалардың үй тапсырмасын мұғалім мәтінмен жұмыс кезінде аралап дәптерлерін тексереді. Мақал-мәтелдерді тыңдайды.
Қызығушылықты ояту:
Сурет «Адамның қолында сағат және баға». (Оқушылар сурет бойынша өз ойларын айтады).
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Уақытыңды бағалай біл»
Сабақтың мақсат, міндеттерін анықтау.
Сіздердің ойыңызша, алдымызға қандай мақсат қоя аламыз? (оқушылар өз ойларын айтады.)
Сөздік жұмыс:
Ақсүйек, құрал, қадағалау, шығын, іскерлігі, жалқаулық, кері қайтару, мойындамау, сезінгенде, аулақ ұста.
Тапсырма:
С деңгей –сөздерден қыстырма сөзі бар жай сөйлем құрастыру;
В деңгей –сөздерден салалас құрмалас сөйлем құрастыру;
А деңгей –сөздерден жай сөйлем құрастыру.
2 оқушы тақтада «жалқаулық», «шығын», «ақсүйек», «мойындамады» сөздеріне морфологиялық талдау жасайды Сабаққа мақсат қояды
Сөздерге сипаттама береді (ауысша морфологиялық талдау жасайды).

Жаңа сөздерді қолдануға үйренеді
Түсіну
Талдау
Қолдану
Мағынаны ажырату.
Оқушылар мәтінді өз бетімен оқиды, түсінгендері бойынша тапсырма орындайды.
1топ: Мәтінді мазмұндап береді. (екі топ етістіктерді жазып алады)
2 топ: Мәтін бойынша 7 сұрақ құрастырады.
3 топ: Мәтін бойынша 7 қате пікір құрастырады.
Ережені қайталау:
Қыстырма сөз – дегеніміз не?
Қыстырма сөз неше түрге бөлінеді?
Қыстырма сөз сөйлемде қай жерде тұрады? (топ ішінде бір біріне сұрақ қойып ережені қайталайды)
Деңгейлік тапсырма:
А.Жазылған етістіктерге морфологиялық талдау жасау.
В.Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, сөйлем мүшелерінің сөз таптарын анықтау Мектепке баратын уақыт келді.
С.Тақтада. «ПАЗЛ» жинап, мәтінге толық синтаксистік талдау жасау. (екі оқушы). Мәтінді түсініп, мазмұнын әңгімелейді
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады
Ережені өз сөздерімен айта алады.
Сөйлемде ережені анықтайды, ауысша түсіндіреді
Жинақтау Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды? Тақырып бойынша өз пікірлерімізді жазамыз. 3 оқушы оқып береді. Қалған балалар бір бірін бағалайды.
"ПОПС" тәсілі
«Мен, … деп санаймын»
«Өйткені…»
«Мен бұны мысалмен дәлелдей аламын…»
Айтылғаннын нәтижесінде мен мынадай қорытындыға келдім…..» Қажетті сөздерді дұрыс қолдана білу, өзара бағалау
Бағалау: Оқушылар Рубрикаторларында балдарын санайды
Үйге тапсырма «Бос уақытымды қалай өткіземін» тақырыбына эссе жазу. Ережені қайталау. Күнделіктеріне жазып алады
Рефлексия Сабақтың тақырыбы бойынша 1-бәрін түсіндім, 2- қиналдым, 3-түсініксіз болды
Белгілерімен пікірлерін қалдырады Мұғалімге парақтарға жазып тапсырады

Уақытыңды бағалай біл.
Адам үшін ең қымбат нәрсе –уақыт. Ол алтыннан да қымбат. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
Адамның іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
Уақыт ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім –тәулігіне жиырма төрт сағат. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Ісіңнің алға басуы өзіңе ғана байланысты. Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақыттың дұрыс жоспраламау –шығын. Жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұстау керек.
Уақытты жоспарлау шарттары:
-Әр күн жұмыстың бәрін күнделікке немесе ұялы телефонға жазып отыр;
-Өз жұмысыңды үш категорияға бөл: өте маңызды, маңызды, күнделікті.
-Нақты мақсат белгіле;
-Жұмысты орындау уақытын белгіле;
-«Жоқ» айтуға үйрен;
-Бұл ережені бір ай сақта, қорытынды жаса.
Сөздік:
Ақсүйек –аристократ
Құрал –способ
Қадағалау –контролировать
Шығын-ущерб
Үнемі –постоянно
Іскерлігі –дело (работа, бизнес)
Жалқаулық – лень
Қара – в значении простолюдина
Нәрсе –вещь
Кері қайтару –вернуть
Мойындамады – не принимает
Сезінгенде –когда ощущает
Аулақ ұста –избегай

«жалқаулық», «шығын»,
«ақсүйек», «мойындамады»
Уақытыңды бағалай біл.
Адам үшін ең қымбат нәрсе –уақыт (не). Ол алтыннан да қымбат. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік (қандай) капиталы. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
Адамның іскерлігі уақытты босқа жібермеуден (неден) басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
Уақыт ақсүйектікті (нені) мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім –тәулігіне жиырма төрт (қанша) сағат. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана (кім) биіктерге жетеді.
Адам уақытты сезінгенде ғана (қашан) өзін-өзі қадағалап отырады. Ісіңнің алға басуы өзіңе ғана (неге) байланысты. Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақыттың дұрыс жоспраламау –шығын. Жалқау (қандай) адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан (неден) бойыңды аулақ ұстау керек.