Разработка урока по теме Досты?ты ба?алай біл.К?птік жал?ау 5 сынып


Сынып:5
Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін, сөйлемдер жасау арқылы ауызекі сөйлеуге үйрету
Тәрбиелік: Достықты бағалай білуге, оның қадірін түсінуге шақыру.
Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: ойландыру, іздендіру, сұрақ- жауап, көрнекілік
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қималар, суреттер, мақал-мәтелдер жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Сөздік жұмысы.
Жақсы – хороший
Тату – дружный
Тұз – соль
Әрқашан - всегда
1. Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, дәптерге жазу.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Өздік жұмысы
Мақал-мәтелдер мен кеңестерді дәптерлеріне жаздырып, өздеріне орыс тіліне аударту.
I. Мақал-мәтелдер
1.Жолдасы көптің – олжасы көп.
2. Татулық - табылмас бақыт.
3. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
4. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
5. Досы азбен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
II. Кеңестер
1. Достықты бағалай біл.
2. Басқа ұлттың баласына бауырмал бол.
3. Досың қиналғанда қол ұшын бер.
4. Сыйлағанды сыйла.
5. Досың туралы жамандама
V. Грамматикалық тақырып.
оқушылар
1371600333375Көптік жалғау
00Көптік жалғау
68580066167000491490064706500400050011042650022860001104265001943100110426500365760010985500182880010985500балалар
дәптерлер гүлдер
мектептер қаламдарVI. Тапсырма бойынша үш деңгейлік тапсырмалар.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
Дос, достық туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
IХ. Оқушылардың білімін бағалау