Коснпект урока по математике на тему Е? ?лкен орта? б?лгіш ж?не е? кіші орта? еселік та?ырыбына есептер шы?ару


Пән аты Математика
Сыныбы 5 «А»
Күні 2.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты
1)Білімділік:
Оқушылардың білуі тиіс:
Оқушылар үйренуі тиіс:
2)Дамытушылық:
3)Тәрбиелік: Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау.
Натурал санның бөлгіші, еселігі туралы түсініктерді;
Натурал сандардың 2-ге,3-ке,5-ке,9-ға,10-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын;
Жай және құрама сандардың анықтамасын;
Өзара жай сан ұғымын;
Ең үлкен ортақ бөлгіш туралы түсінікті;
Ең кіші ортақ еселік туралы түсінікті.
Натурал сандардың бөлгішін, еселігін табуды;
Жай сандар кестесін пайдалануды;
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді;
Екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуды;
Екі санның ең кіші ортақ еселігін табуды;
Бөлгіш пен еселіктер табуға тақырыптық есептер шығаруды.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен іздену дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды шапшаңдыққа, ұлтжандыққа, ұйымшылдыққа, сабақ үстінде тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі Қайталау сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар Ақпараттық компьютерлік технологиялар, ойын , жарыс
Оқыту құралдары 5-сынып математика,Т.П.Кучер,дидактикалық құралдар
Көрнекілігі Кесте, суреттер, кроссворд, слайдтар
Сабақтың барысы
А)Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
Оқушыларды түгендеу,оқушылармен сәлемдесу,сабаққа дайындықты тексеру.Сабаққа назарын аудару. Тақта,бор тазалығы,оқулықтың түгелдігі,оқу құралдарының түгелдігі Мұғалімнің берген бағыты бойынша сабақ жүргізуге дайын болу
Сабақтың жоспары
1.Ұйымдастыру
2.Үй жұмысын тексеру
3. Қайталау-оқу анасы.
Өткен тақырыптан алған білімін тексеру,жүйелеу.
4. “Ізденген
жетер мұратқа”
5. Оқу - ой азығы
Жаттығу – тән азығы
(Ойлан,есепте)
Оқулықпен жұмыс.
6. Сабақты бекіту(тест)
7.Табыс ағашы
8.Үй жұмысын беру
9.Бағалау
10.Қорытынды Сабақтың жоспарымен танысу. Сабаққа белсенді араласып жоғары баға алу. Оқушыларды сабақтың жоспарымен таныстыру
Ә)Үй тапсырмасын тексеру
№338
1)ЕҮОБ(10,70)=10 ЕКОЕ(10,70)=70
2) ЕҮОБ(22,88)=22 ЕКОЕ(22,88)=88
3) ЕҮОБ(25,75)=25 ЕКОЕ(25,75)=75
4) ЕҮОБ(14,20)=2 ЕКОЕ(14,20)=140
5) ЕҮОБ(18,30)=6 ЕКОЕ(18,30)=90
6) ЕҮОБ(16,40)=8 ЕКОЕ(16,40)=80
№339
1) ЕҮОБ(6,27,42)=3
2) ЕҮОБ(15,20,45)=3
3) ЕҮОБ(16,28,44)=4
4) ЕҮОБ(18,27,36)=9 Мұғалімнің берген бағыты бойынша сабаққа дайын болу.Үй тапсырмасының қатесін жөндеу.
Бағалау парағында өзін-өзі бағалау

Үйге берілген тақырыптарды еске түсіреді.
Б)Жаттығу жұмыстары
Білім сыны
Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс жасау
Тест
2. Қайталау-оқу Анасы.
Жұптық жұмыс. Өткен тақырыптан алған білімін тексеру,жүйелеу.
Кроссворд шешу.(5 минут)
Сұрақтары:
1) натурал санның неше еселігі болуы
мүмкін
2) Екіден артық бөлгіштері болатын
натурал сан
3) Берілген санға бөлінетін санды
не дейміз?
4) Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең
натурал сандар ...... жай сандар деп аталады.
5) Және мағынасын білдіретін
орысша сөз
6) 4 6 жазуындағы 6 саны
нені білдіреді?
7) 9 5 жазуындағы 9 саны
нені білдіреді?
8) Натурал сан қандай цифрмен
аяқталғанда ғана 10-ға бөлінеді?
9) 2 санына бөлінбейтін сандар
қалай аталады?
Интерактивті тақтада сұрақтар беріледі.Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі.
3. “Ізденген
жетер мұратқа”.
Білім сыны. Өткен тақырыптан алған білімін тексеру мақсатында викториналық сұрақтар.
2 санының бөлінгіштік белгісі.
3 санының бөлінгіштік белгісі
ЕҮОБ табу ережесін айт
ЕКОЕ табу ережесін айт
ЕҮОБ(181,11) неге тең?
* ҚР тұнғыш президенті сайланған жыл?
Өзара жай сандардың ортақ бөлгіші неге тең?
* Тұнғыш деген сөзді білдіретін сан
7. 73 өрнегі қалай оқылады?
4. «Жаттығу – тән азығы,
Оқу – ой азығы»
Есептер шығару:
№ 343 № 344
№ 343
Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу
ЕҮОБ ( 220,165,77)=
ЕҮОБ (230,92,138)=
ЕҮОБ(63,42,168)=
ЕҮОБ(42,650,260)=
№ 344 Сандардың ең кіші ортақ еселігін табу
ЕКОЕ(120,300,100)
ЕКОЕ(480,216,144)
ЕКОЕ(105,350,140)
ЕКОЕ( 280,140,224)
6.Сабақты бекіту(тест)
Сабақты бекіту(тест)
Әр оқушыға тест тапсырмасы таратылып береді.Тестті орындап болған соң көршісіне береді.Көршісі интерактивті тақтада көрсетілген жауаптарымен тексереді.
1. 120, 13, 17, 9, 12сандары берілген. Құрама сандарды ата
2. 120, 13, 17, 9, 12сандары берілген. Жай сандарды ата
3. a=23∙3∙5; b=22∙3∙5 сандары берілген. ЕКОЕ(a,b)=
4. a=23∙3∙5; b=22∙3∙5 сандары берілген. ЕҮОБ(a,b Кроссворд сұрақтарына жауап беру

Дайын жауаптарды оқу. Бағалау парағына алған ұпайды жазып отыру.
Викториналық сұрақтарға жауап беріп ұпай жинау, білімін шыңдау
ЕҮОБ ( 220,165,77)= 11
ЕҮОБ (230,92,138)= 46
ЕҮОБ(63,42,168)=21
ЕҮОБ(42,650,260)= 2
ЕКОЕ(120,300,100)=600
ЕКОЕ(480,216,144)=4320
ЕКОЕ(105,350,140)=2100
ЕКОЕ(280,140,224)=1120
Мұғалім берген тапсырманы өз бетінше орындау
120,9,12
13, 17
120
60 Оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде түсінгендігін қадағалау.
Оқушылардың өз орнында кроссворд сұрақтарына жауап беруін қадағалау.
Көмекші сөз ретінде президент туралы сұрақ қою.
5 минут уақыт беру.
Оқушыларға сұрақтарды қоя отырып ҚР үшін желтоқсан айы ерекше ай екенін айта кету. Аталатын мейрамдар туралы сөз ету.
Оқушылардың тақтада және өз орнында оқулықтағы есеп шығаруына бағыт беру. Есепті қатесіз шығаруын қадағалау.
Оқушылардың сұрақтарға қатесіз дұрыс жауап беруін қадағалау
Г)Үй тапсырмасын беру № 345, 356, ережелер Үй тапсырмасын белгілеп алу,жазып алу,орындап келу. Әр баланың жеке жұмыс жасауына ықпал ету
Д)Бағалау Оқушыларды әрқайсысын өз қолдарындағы бағалау парағына сәйкес бағалау.
Бағалау кестесі
«5» – 20-31 балл
«4» - 15-20 балл
«3» – 10-15
«2» – 0-10 Журналға қойған бағаны күнделікке қойдырып алу Әділ бағалау, жақсы бағалардың санын арттыру
Е)Қорытынды Білім ағашы Міне, сабақа аяқталды. Бүгін біз «Натурал сандар бөлінгіштігі» тарауынан алған білімдерімізді көрсеттік. Алдымыздағы бағалау парағын маған өткізіп, мына білім ағашына жасыл параққа білген үйренгендеріңді жазыңдар, ал сары түсті параққа нені үйренгіміз келеді соны жазыңдар да білім ағашына жапсырыңдар.
Сабақ аяқталды,сау болыңыздар Сау болыңыз Ертеңгі сабаққа дайындалып келу