?ызы?ты грамматика. Ашы? саба?. Т?рлаулы м?шелерді ?айталау


Тұрлаулы мүшелерді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелерді қайталауСабақтың мақсаттары:Білімділігі: Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзілік тұрғыдан меңгерту. Тапсырмалар орындау арқылы тұрлаулы мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, сауатты көркем жазу дағдыларын дамыту.Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін, елін, Отанын сүюге құрметтеуге, таза жазуға, сауаттылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, ребус, бағалау парақшалары.Типі: Қайталау сабақТүрі: Саяхат сабақӘдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтау, іздену, талдау, баяндау, практикалық, әңгімелеу.Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.Сабақ барысы.І. Қызығушылықты ояту.Психологиялық дайындықҚатар - қатар тізіліп,Оқушыға лайықҚолымызды жіберіпТүп - түзу боп тұрайық.Жақсы оқып сабақтыӘдеп сақтау сәнімізОтыруға нақпа - нақДайындалдық бәріміз1 – қатар жай отыр,2 – қатар тез отыр,3 – 4 – қатар сен де отыр.Сабақ бастар кез боп тұр.ІІ. Көркем жазу минуты.Қолға қалам алайық,Салақтықтан қашайық.Дәптерімізді ашайық.Көркем етіп жазайық.ІІІ. Ребус шешу.Сөзжұмбақтың жауабы: АстанаБеделі зор бас қалаБәйтерегі жас қалаОл қай қала? АСТАНАБүгінгі сабағымызда Астана қаласының саяхат жасаймыз.• Астанаға тез бару үшін немен барғыларың келеді? - Ұшақпен• Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.ІV. Өткенді еске түсіру.Миға шабуыл.Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді.Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді... дейміз. (сөйлем мүшелері)Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз. (бастауыш)Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?)Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін... қойылады. (сызықша)Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің... мүшелері дейді. (тұрлаулы)Тірек сызбамен жұмыс.V. Бәйтерекке саяхат. Оқулықпен жұмыс.1 – жаттығу. Суреттер бойынша Кім не істеді? сұрағына жауап жаз. Бастауыш пен баяндауышты тауып, оларға сұрақ қой. Бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сыз.Әскери адам талдың сынған бұтағын байлады. Құрылысшы үй салды. Дәрігер баланың тісін емдеді.VІ. Ақордаға саяхат. Өлеңмен жұмыс.2 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнен бастауыштар мен баяндауыштарды тап. Баяндауыштар қай сөз табынан жасалған? Сұрақ қой. Ақын жаңбырдан кейінгі табиғатты кімге теңеп тұр? Жаңбырдан кейінгі табиғатты суретте.Жаңбырдан соң.Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты,Жылғалардан жылжып қана су ақты.Жаңбырдан соң күлімдеді табиғатЖақсы бағаАлған балаСияқты.VІІ. Хан шатырға саяхат. Тақтамен жұмыс. 3 – жаттығу. Тиісті жерге сызықша қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, астын сыз. Бастауыштан кейін сызықша қандай жағдайда қойылады?Нөсер бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары. Кесе – шай ішетін ыдыс. Ю. Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Қыран – қасиетті құс. Арман – әдепті бала.VІІІ. Сергіту сәті.Орнымыздан тұрамыз,Белге қолды қоямыз.Бұрыламыз оңға бір,Бұрыламыз солға бір.Бір, екі, үш,Бір, екі, үш,Жоғары қолды созамыз,Тып - тыныш қана отырамызІХ. Тәуелсіздік монументіне саяхат. Өзіндік жұмыс.5 – жаттығу. Берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрастырып жаз.Х. Астананың көрікті жерлеріне саяхат.Ойын: “Жоғалған сөз”Бастауыш БаяндауышМысық ----- Мияулайды -----------Жылқы ---- КісінейдіСиыр ------- МөңірейдіТүйе ------- БоздайдыОйын: «Ұйқасын тап»Үні ғажап,Дүлдүл,Бақта сайрар…( бұлбұл)Бәрі бірдей жұмысқа,Шығатын кім?…(құмырсқа)ХІ. Темір жол вокзалына саяхат.Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасымен қорытындылау.БАСТАУЫШОртақ қасиетіБАЯНДАУЫШПойызбен ауылымызға қайтамыз.- Балалар бүгінгі сабаққаБағалау.Мұғалімнің айтқанын,Мықтап ойға тоқимыз.Бар ынтамен оқысақКілең 5 – ке оқимыз, - деп бағалау парақшаларымен бағалау.Үйге тапсырма беру.Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Сөйлем мүшелері туралы алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық.Тапсырма. Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерді жақшасыз көшіріп жаз. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қой.(Кім?) Айдос ағаштың басына қараторғайдың ұясын орнатты. Қараторғай ұяға (қайтті?) қонды. (Не?) Қараторғай ұяға жұмыртқа басты. Біраз уақыттан соң балапандар (қайтті?) шықты. Қараторғай балапандарға күні бойы қорек (не істейді?) іздейді. (Нелер?) Балапандар қанаттанды. Енді олар өздері (қайтеді?) ұша алады.