Таза ауамен демалайы? 6-сынып
Қазақ тілі.5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық:Танымдарын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту.Тәрбиелік: белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жеке жұптық жұмыс, сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Спорт түрлері: футбол, бокс, күрес, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика (тірек – сызба бойынша)
2. Сұрақтарға жауап беру:
1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2010 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Шиншалло).
8) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларды білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).
III. Жаңа сабақ өту.
Мұғалімнің сөзі.
- Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Сендер біраз спортшыларды атадыңдар. Бүгін біз Қазақстанның белгілі спортшымен танысамыз.
1) Жаңа сөздермен танысу.
Дүниеге келген – родился
Тұңғыш олимпиада чемпионы – первый олимпийский чемпион.
Грек – рим күресі – греко - римская борьба.
Жеңімпаз – победитель.
Жеңіп алған – победил.
Белгілі – известный.
Сөздерді дұрыс оқу, мағынасын түсіну, қайталау, еске сақтау.
2) Сөз тіркестер мен сөйлем құрастыру.
Мысалы: Алтын медалін жеңіп алған грек – рим күресінің спортшысы.
3. Мәтінмен жұмыс. (Оқу, аудару)
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
Мәтінді түсініп оқу. Жазбаша жұмыс.
Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Жақсылық Үшкемпіров кім?
3. Ол туралы не білдіңдер?
4. Ол не жеңіп алған?
5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?
Спортшылар жайлы слайдтар көру.
Грамматиканы қайталау.
Септіктерді еске түсіреміз
Күрес – септеуДоп – тәуелдеу
IV. «Қазақстан спортшылары» тақырыбына диалог құрастыру.
V. Сергіту сәті.
VI. Слайдтар көру.
VII. Бекіту.
VIII. Баға қою.
IX. Үйге тапсырма: мәтіннің мазмұнын жаттау.
Қазақ тілі. 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Таза ауамен демалайық.Есімдік
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік- Көкшетаудағы әдемі көлі, оның тұщы ,мөлдір суымен,қайынды орман,ерекше табиғаты мен таза ауасы туралы таныстыру; грамматикалық тақырыпты «Есімдік» қайталау; 2.Дамытушылық-берілген мәтінді түсініп,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру,жаңа сөздерді меңгерту,сауатты жазуға ,өз бетімен сөйлем құрастыру,мәтіннен есім сөздерді табуға,тіл байлығын,терең ой,шығармашылық қабілеттерді дамыту; 3.Тәрбиелік-табиғатты қорғауға үйрету;
Түрі - аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері- түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тіл дамыту
Көрнектер- табиғат туралы суреттер
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық кезең «Гүл сыйлау»
II. Үй жұмысын тексеру
III.Жаңа сабақ
1. Сөздікпен жұмыс
Таза ауа-чистый воздух Үнемі-постоянно
Жарамсыз-непригодный Ойлайсыңдар-думаете
Дем-дыхание Неғұрым-поскольку,насколько
Жұту-дышать Соғұрлым-настолько
Көңіл-настроение
А) оқу-аудару
Ә) сөйлем құрастырып, дәптерге жазу
Б) фонетикалық талдау жасаү
2. Мәтінмен жұмыс
Жұмбақтас
Қалмақ қызын алмақшы болған батырлар,қыздың үш сынынан өтсе ғана,қызды жар қылып алуға құқығы болды. Абылай қыздың сөзін мақұл көріп,келіседі. Құстар ән салып,қаз бен аққу көлде қаңқылдайды. Аспан ашық. Айнала тау,қалың орман. Тас басында қалмақ қыз тұрып: «Тақсыр,бірінші сыным жеңіл,ол күш сыңасу,ал екінші –жеңіл жұмбақ. Осы мен тұрған тастан мың қадам өлшеніп,сол жерде маған таласатыңдар жарыссын»,- дейді. Кейбіреулері жүрексіңіп бой тартса,кейбіреулері алға шығады. Бірінші шарты-үстіне төрт адам мінгізіп алып жүгіру. Бұл жарыста 8 батыр озып шығады. 8 батыр қыздың алдына келеді,сонда қыз әміршіге: «Бәйгені өз көзіңізбен көрдіңіз,төрелік бір өзіңізден...».
IV. Сергіту сәті «Жер,табиғат туралы» жұмбақтар
1.Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайтын десем тәуір кілем (жер)
2.Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатар көгеріп. (тау)
3.Отқа жаңбас, суға батпас. (мұз)
4. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
V.Тіл дамыту
- Қыс туралы не білесіңдер? Қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
VI. Ереже кезеңі
1.Есімдік ол не?
2. Неше топқа бөлінеді?
3. Әр топтың есімдіктерін атап,мысал келтіріңдер
VII.Дәптерде жұмыс
1 .Тапсырма- мәтіннен есім сөздер бар сөйлемдерді теріп,түрлерін ажыратыңдар.
2. «Бурабай» сөзге 5 жол өлең құрастыру
VIII. Үй тапсырмасы
IX. Бағалау.
X. Рефлексия.