Абай ??нанбаев ?ылым таппай ма?танба
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға Абайдың поэзиясы туралы мәлімет беру, өлеңін талдауға дағдыландыру.
ә)Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, отанды сүюге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, әңгімелеу..
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың өлеңдер жинағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша реферат жазу.
2.Зейнолла Қабдоловтың сипаттамасын оқу.
3.«Қыс» өлеңін жаттау.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Ғылым таппай мақтанба
(Қысқартылып алынды)
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеіңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де - өзі, мал да - өзі
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз...
ІV.Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.
Абай қандай нәрседен жиренуді, неден үйренуді ұсынады?
Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер? Ғылым таппай мақтанбау, ғылымға көңіл бөлу, балалықты қию деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Өлеңдегі қашық – асық, жамандық –жақсылық, сөну – жану сөздерінің мағыналық айырмашылығына көңіл бөліңдер, құмарлану, шаттану, қанағат, рақым деген сөздердің синонимдерін табыңдар.
Сөздікпен жұмыс.
Нәфрәтлі – жеркенішті деген сөз.
Ғибрәтлі – үлгілі деген сөз.
ІV.Үй тапсырмасын беру:
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.
VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ.Сабақтың аяқталуы.