Поурочный план по казахской литературе на тему Абай ??нанбаев «?ыс»


Қазақ әдебиеті. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.
Тәрбиелік: Эстетикалық және еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өлеңнің  мазмұнын түсіну, ақын-жазушының стилін меңгеру, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының лексикалық қорын молайту. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білуге баулу.
Түрі: таным сабағы
Пәнаралық  байланыс: тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі
Әдістері: жинақтау, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап, қорытынды жасау,
Көрнекіліктері: электронды  слайдтар,  кітаптар,
Барысы:
Ұйымдастыру:.
Үй тапсырмасын тексеру:
1.Бұл әңгіме не туралы?
2.Еңбек етуден ерінбеген адам кедей болатынын, қайыр сұраудан арланбайтынын байқадың ба?
3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?
4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқы.
Енді балалар 3 топқа бөлініп, еңбек туралы мақал-мәтелайтып жарысамыз.
Жаңа сабақ: Балалар, бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін өтеміз.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ұғым беру.
Өлеңді құрылысына талдау.
Сөздікпен жұмыс :
Ұшпадай-жеке шоқ бұлт
Оқшырайтып-шошайтып, оқшауландырып
Ажарланды- сұлуланды,өңі кірді
Долданғанда- ашуланғанда
Үсік шалу- үсу, тону
Ымтығы құру- қажу, шаршау
Мәтінмен жұмыс: Шығарманың мазмұның түсіну, идеясын меңгеру.
1.Ақын қысты қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқы.
2. «Кәрі құда» деп ақын нені айтып отыр? Өлеңнен «кәрі құда» қыстыңәрекетін тауып оқы.
3.Қыс келісімен күйзелген ауыл тіршілігін бейнелейтін жолдарды тауып оқы.
4. Ақын малшыларға қандай ақыл айтады?
Балалар енді ақынсуреттеуіндегі «кәрі құда» қысқа мінездеме беріңдер. (Ол тойымсыз, қыңыр,қисық, қаһарлы, кеселді құда кейпінде суреттеледі).
«Кәрі құда» қысты осылайша мінездеу арқылы ақын нені көрсетпек болған? (Қыс мезгілінің жайсыздығы әңгіме болады).
Міне, осындай сұрақтарға жауап алғаннан кейін ақын нені суреттеп отыр, осыөлеңінде нені айтпақ болғандығы анықталады.
Өлеңнің көркемдігін таныту.
1.Ақын суреттеуіндегі «Кәрі құда» қыс қалай сипатталатындығына оқушыназарын аудару керек.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Осы сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
Эпитет- бір заттың не бір құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөз эпитет деп аталады.
Енді өлеңдегі теңеу және балама мағынасында қолданылып тұрған сөздерге тоқталамыз.
Теңеу- заттың, құбылыстың қасиетін сапасын ашу, екінші бір затпен,құбылыспен салыстыру теңеу дейміз.
«Ұшпадай бөркі, бұлттай қасы, бурадай долданғанда» деген тіркестердегіұшпадай, бұлттай, бурадай-теңеусөздер.
«Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық, дем алысы-үскірік, аяз бен қар» балама мағынасында қолданылып тұрған сөздер. Үсті басы-аққырау, түсі суық деген сөз оралымы қыстағы табиғат көрінісін бейнелейді.
«Дем алысы-үскірік, аяз бен қар» деген сөздер қыстың қатал табиғатын суреттеу қызметін атқарып тұр.
Ақын «Қыс» өлеңінде қысты кімге теңейді? (Ақ киімді, денелі, ақ сақалдыкәрі құдаға теңейді).
Бұл жерде Абай қысты «Кәрі құда» кейпінде суреттей отырып, өлі табиғаттыжандандыра, қимыл-әрекет үстінде көрсету арқылы жаңаша образ жасап отыр. Қыстың жаңа образы-«Кәрі құда». Мұндай суреттеу тәсілі тек Абай ашқан жаңалық. Біз бұдан Абай атамыздың жаңашыл-реформатор ақын екендігін көреміз.
Кейіптеу-табиғат құбылыстарын жандандырып, тірі кісі кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атаймыз.Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін жаттауға. Әдебитеориялық ұғымдарды жаттау.
Бағалау