План урока на тему Квадрат те?деу. Толымсыз квадрат те?деулер


Сынып: Күні: Пәні: Пән мұғалімі
8 16.11.16 алгебра Бегманова К.Д.
Сабақтың тақырыбы §1. Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер.
Жалпы мақсаттар: 1) Квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, келтірілген квадрат теңдеу мен толымсыз квадрат теңдеулер анықтамаларын білу;
2) Квадрат теңдеудің коэффициенттері мен толымсыз квадрат теңдеудің түрлерін анықтап, толымсыз квадрат теңдеулерді шешудің алгоритмін білу;
3) Толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу іскерлігін қалыптастыру
Ресурстар: Оқулық, натурал сандардың квадраттарының кестесі, плакат y=x2 функция графигі
Әдіс - тәсілдерТәсілі : жеке, жұптық, топтық Әдісі: СТО, ТжД, ДО, ОқуүБ және Оүб, АКТ
Оқыту нәтижесі: Квадрат теңдеудің түбірлерін y=x2 функциясы қасиеттеріне сүйене отырып, толымсыз квадрат теңдеулерді ажыратып, оларды шешу алгоритмін білу. Оқушылар өз бетімен, екеуара жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жеке,жұппен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды,жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Дерек көздерОқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, тест тапсырмалары, Блум таксономиясы бойынша бағалау парақтары
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс – әрекетіҰйымдас-тыру кезеңі: Сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексереді. Сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды
"Шаттық шеңберде" оқушыларды екеара еуропалықтар, жапондықтар, африкалық тайпа өкілдері негізінде амандасу. Топқа бөлу – 11, 12, 15, 16 сандардың квадраттарын табу арқылы топтасу, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі және 11, 12,15,16 сандардың квадраттарын тауып, бірігіп 4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды. Топ басшысын, баяндаушысын, бағалаушысы мен уақыт бақылаушысын сайлайды.
Сабақтың ұранымен танысады
"Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер!
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер."
Қызығушы-лығын ояту:
Үй жұмысын екеуара дәптерлерінде тексеру.
СТО: «Қайталау–оқу айнасы»
әр түрлі деңгейдегі 2сұрақтан дайындап тапсырма беріледі, топ оқушыларына кезекпен жауап беруі сұралады. Топ мүшелері екеуара дәптерлерін тексереді, сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Оқушылар N, Z, Q, R сандар жиындарын, сандардың квадраттарын, квадрат функция қасиеттерін еске түсіреді, талдайды.
Білу
СТО
Алдын ала берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты оқушылардың өздері игеруге көмектесу. Оқушылар постер жасап жана тақырыпты түсіндіруге ұсынады. (квадрат теңдеу,келтірілген квадрат теңдеу,толымсыз квадрат теңдеу және толымсыз квадрат теңдеулерді шешу алгоритмі ) Оқушылар мұғаліммен бірге постер бойынша жұмыс жасайды.
ax2+bx+c=0, x2+px+q=0, квадрат үшмүше және толымсыз квадрат теңдеулер анықтамаларын тұжырымдайды. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу алгоритмімен танысады.
Бағалау : "Бағдаршам".
Түсіну Диалогтық оқыту:
Квадрат теңдеудің коэффициенттерін табуға, толымсыз квадрат теңдеулерді шешу үшін қарапайым есептерін ұсыну.
х²=4; х²-81=0; х˚+2х=6
Оқушылар тақтаға назар аудару арқылы және мұғаліммен ақылдаса отырып, білімдерін толықтырады, әр топ өз тапсырмасын дәптерлеріне түсіреді.
Бағалау : "Бағдаршам"
Қолдану,
талдау Талантылар және дарындылар:
Оқулықтан: №230 (ауызша), 234, 235 (І-1,5; ІІ-2,6 ІІІ-3,7, ІV-4,8) А тобы, 240 В тобы
Дарынды оқушыларға деңгейлік тапсырмалар.
Тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін:

Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы. (Оқулықпен жұмыс)
Оқулықтағы жалпыға бірдей міндетті тапсырмалар беріледі.
Квадрат теңдеулер тарихынан
1) Ежелгі Вавилондағы квадрат теңдеу
2) Үндістандағы квадрат теңдеу
3) Еуропадағы квадрат теңдеу
4) Квадрат теңдеудің қазіргі түрі
Шығармашылық тапсырма беріледі
Әр топқа өз кезеніне байланысты бас киім тандау және тарихы мәліметтерді
баяндау тапсырмасы берілу. Алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар оқулықтағы міндетті тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. және бірінші орындап болған оқушы тақтаға жазып, қалғандары онымен бірлесе отырып тексереді
Есептер топтарға бөлініп берілгенімен,оқушылар жеке орындайды. Әр оқушы тапсырманы өзінің шамасы жеткенінше орындайды.
Дарынды оқушылар:
І топ: Ежелгі Вавилондағы квадрат теңдеу
Бірінші дәрежелі теңдеуді, тіпті екінші дәрежелі теңдеулерді шешу осыдан 4000 жыл бұрын ежелгі Вавилондықтардың жазбаларында сақталған. Олардың жазбаларында x2+x=34; x2-x=1412 түріндегі квадрат теңдеулерді кездестіруге болады.
ІІ топ: Үндістандағы квадрат теңдеу Квадрат теңдеу есептері 499 жылы үнді математигі, астрономы Ариабхаттың "Арриабхаттиам" астрономиялық трактатасында кездестіруге болады.
Ал, Брахмагуптта (VIІ ғ) ax2+bx=c, a>0 квадрат теңдеуді шешудің жалпы ережесін берген.
ІІІ топ: Еуропадағы квадрат теңдеу
Квадрат теңдеуді шешудің формулаларын алғаш рет 1202 жылы итальян математигі Леонард Фибоначчи ұсынды. 1544 жылы Штифель квадрат теңдеуді шешудің жалпы ережесін берді.
ІV топ: Квадрат теңдеудің қазіргі түрі Квадрат теңдеудің қазіргі түрін Франсуа Виет ұсынған еді, ол тек түбірлері оң сан болатынын қарастырған. Тек 17 ғасырда Рене Декарт пен Иссак Ньютон еңбектері арқасында квадрат теңдеуді шешудің қазіргі тәсілі еңгізілді
Бағалаушы оқушылардың жауаптарын тексереді және оны талдайды.
Сергіту сәті Оқушыларды логикалық есепті шығарып сергіту Логикалық есеп шығарып сергіту сәтін орындайды.
Жинақтау Көшбасшылық және басқару:
Топтық тест тапсырмалары:
Алған білімдерін алдындағы тақырыптар бойынша жинақталған білімдерімен салыстыра отырып, тестілік жұмыс орындайды.Мұғалім бақылаушы болады. Әр топ мүшелері жеке тест жұмысын орындайды. Орындап болған соң, қасындағы көршісімен дәптерін алмасып, тестінің дұрыс жауаптарымен салыстырып тексереді, жинаған ұпайын жазады. Бағалаушы жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіреді.
Бағалау Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау.
Оқушыларға бағаны бағалаушы қойған бағалары арқылы талдап бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қою. Бағалаушы топ мүшелерінің сабақ барысында жинаған барлық ұпайларын қосып бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды. Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
Рефлексия Стикерлер таратып оған оқушылардың көңіл күйін анықтау үшін
"Қосу"-
"Алу"-
"Қызықтырды"-
пікірлерін жаздыру Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін,алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін стикерлерге жазады
Үйге тапсырма І тарау §1 № 231, 236, 237, (1, 3) Үй тапсырмасын күнделікке жазады.