Конспект урока по математике для 8 класса Те?деулерді квадрат те?деулер ар?ылы шешу
Тақырыбы: Теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешу.
Мақсаты: 1) Квадрат теңдеулерді формула арқылы шешуге есептер шығару;
2) Әр түрлі теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіріп шешуге машықтандыру;
3) Өз бетімен ізденіске, белсенділікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аукцион.
Көрнекілігі: лот-сұрақ, карточкалар, рұқсат белгі, формула плакаттары, ақша ретінде қағаз карточкалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын тәртібі:
Сынып төрт топқа бөлінеді.Әр топтың брокері, бухгалтері болады.
Аукционға қатысушылар 30 % жылдық өсіммен 100 000 теңге қысқа мерзімдік несие алады да , аукцион соңында 130 000 теңге банкке қайтаруы керек.
Ойынға қатысушылар кез-келген лотқа қатысуға рұқсат номер алады.
Қатысушылар ақшасы таусылған жағдайда 50 % жылдық өсіммен тағы да 100 000 тг несие алуына болады.
Ойын соңында оқушылар қолдарындағы ақшаларын санайды, қай топтың қалған ақшасы көп болса сол топ жеңімпаз болады.
Ойын 3 турдан тұрады:
1-тур Ашық лот. Мұнда сұрақтар қойылады.
2-тур Жартылай жабық лот. Сұрақтар тек сипатталып айтылады.
3-тур Жабық лот. Белгісіз сұрақ.
Әрбір лоттың бастапқы бағасы 100тг. Саудаласу деңгейі 50 тг.
Лотты сатып алған топ сатып алған бағасын төлейді.
Дұрыс жауап берген топқа сұрақтың деңгейіне байланысты ақшалай сыйлық беріледі.
Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе банкке 1000 тг көлемінде айыппұл төлейді.
1-тур. Ашық лот. Дұрыс жауапқа 1000 теңге көлемінде сыйлық беріледі.
Квадрат теңдеу дегеніміз не?
Квадрат теңдеудің қандай түрлері бар?
Қандай теңдеуді толымсыз квадрат теңдеу деп атайды? Мысал келтір.
Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды?
Квадрат теңдеудің дискриминанты деп нені атайды?
Квадрат теңдеудің қанша түбірі бар?
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы.
Квадрат теңдеуді шешу тәсілдері.
2-тур. Жартылай жабық лот. Есептер шығару.
Толымсыз квадрат теңдеуді шешіңіз: х2 – 5 ═ ( х + 5 )( 2х - 1)
Сыйлық 10 000 тг
Теңдеуді қысқаша көбейту формуласын пайдалану арқылы квадрат теңдеуге келтіріп шешіңіз: ( х + 4)2 ═ 3х + 40
Сыйлық 20 000 тг
Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шешіңіз: ( 2х – 3 )( 5х + 1 ) ═ 2х + 0,4
Сыйлық 20 000 тг
Бөлшек теңдеуді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешіңіз:
x2+ х2 = 8х-73 Сыйлық 20 000 тг
3-тур. Жабық лот. Белгісіз сұрақ.
2-формуланы қолданып теңдеуді шешіңіз: 4х2 – 36х +77 ═ 0
Сыйлық 30 000 тг
Сызба бойынша есепті шығарыңыз:
Х + 2
10
Х Қабырғаларының ұзындығын
табыңыз.
Сыйлық 40 000 тг
Теңдеуді шешіңіз: ( х + 1)2 ═ ( 2х – 1 )2
Сыйлық 30 000 тг
АС ═ 6 см, ВД ═ 8 см, ВС ═ ?
В
А С
Д
Сыйлық 40 000 тг
Қорытынды:
Банктен алған несиелерін қайтару.
Қалған ақшаларын санау, жеңімпаз топты анықтау.