Отбасы-отанымызды? оша?ы саба? жоспары 8 орыс сыныбы


Сабақтың тақырыбы: Отбасы -отанымыздың ошағы
Грамматика: Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Сабақтың мақсаты: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу дағдыларын, сабақтас құрмалас сөйлем құрай білу, тілдік материалды талдау құзыреттіліктерін дамыту, азаматтық, басқарушылық, әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Технология, әдіс-тәсіл: СКТ, СТО, ДО.
Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, этнопедагогика, ағылшын тілі
Ұйымдастыру формасы:
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-бағдарлау кезеңі
Ұйымдастыру: Бағалау парағы таратылады.
Үй тапсырмасы тексеріледі: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. І деңгейлік тапсырма.
Ой қозғау: Отан деген ұғымды қалай түсіндіресіңдер? Отанға деген махаббат қайдан басталады?
Сөзтізбектер шешіледі:

Сөйтіп, сабақтың тақырыбы беріледі. Оқушылар сабаққа мақсат қояды.
Операциялық кезең:
1. Оқылым. Оқулықтан 1-тапсырма. Мәтінді іштей оқып, түсініңдер.
Аударма сөздікпен жұмыс жасалады.
2. Жазылым. Тілдік материалмен жұмыс. Жоғарыда оқыған мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар. Сөйлемдердің құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңдар. Тұрлаулы мүшелердің асытн сызыңдар.
3. Айтылым. Оқулықтан 2-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Сергіту сәті: «Қамажай» биі
4. Тілдік материалмен жұмыс. Интербелсенді тақтада құрмалас сөйлемдер беріледі.
Шарты: құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңдар.
Сөйлемдер:
1. Ертең біздің үйге қонақ келеді, сондықтан мен отбасыма көмектесуім керек.
2. Менің бүгін ерте тұрған себебім -әкеме қар күресуге тиістімін.
3. Мен анамды өте қатты қадірлеймін, себебі ол маған жарық дүние сыйлады.
4. Бірде мен ерте тұрамын, бірде ағам ерте тұрады.
5. Мен ерте тұрғандықтан, ағам сабағына кетті.
6. Отбасында үнемі сыйластық болса, адамдар ұзақ жасайды.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
Оқулықтан 3-тапсырма, 24-бет.
Интербелсенді тақтада құрмаластардың 1-сыңарлары беріледі, 2-сыңарларын оқушылар толықтырады:
Сөйлемдер:
Мен анама әрдайым көмектесемін, сондықтан ...
Әкеммен бірге балық аулауға баратын болғандықтан, ...
Бүгін мен ағама сыйлық сатып алдым, себебі, ...
Әпкем сабақтан кеш келгендіктен, ...
Үй жинау, ыдыс жуу -менің міндетім, ал ...
Інім бүгін күн демалыс болса да ерте тұрғандықтан, ...
3. Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. Оқулықтан 4-тапсырма.
Бағалау.