Т?рбие са?аты. Та?ырыбы Атадан ?ал?ан асыл с?з
Тақырыбы«Атадан қалған асыл сөз»Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.Сабақтың түрі: сахналау.Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.1. Көп жасаған қарияАқылы теңіз дария.Көп өнеге сөзі бар,Сөзі - сопақ, өзі нәр.2. Ата салты - ардақты,Әрбір сөзі - салмақты.Сол сөздерді ұқпасаңТістерсің бір күн бармақты.Жоспары:1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.2. Сұрақ - жауап /мұғалім - оқушы/3. Досбол бидің шешендік сөзі.4. Билердің отырысы/сұрақ - жауап оқушылар арасында/5. көрініс «Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.»6. айтыс «Біржан мен қыз»7. Көрініс «Қожанасырдың май сатып алуы»8. Ертегілер еліне саяхат «Алтын балта»9. Ескірмейтін сөздер/тиым, ырымдар/10. Мақал - мәтел жарысы11. Тәуелсіздік тұмары /билердің сөзі./Барысы:Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық.- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?- ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.- жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б.- Жырау деп кімді айтамыз?- Жыршы деген кім?- Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.- Шешендік сөздердің қандай түрлері болады?- шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/- шешендік сөздердің мақал – мәтелге ұқсастығы бар ма?Айырмашылығы ше?- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады.Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.- Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер?- Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б.Қазбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде не қымбат? Дүниеде не жақын? Дүниде не қиын?- Кім жақын? - деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.- Тату болса – ағайын жақын,- Ақылшы болса - апайың жақын.- Бауырмал болса - інің жақын,- Инабатты болса – келінің жақын.- Алдыңа тартқан адал асың,- Қимас жақын қарындасың.- Не қымбат? – деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.- Алтын ұяң - Отан қымбат,- Құт берекең атаң қымбат.- Аймалайтын - анаң қымбат,- Мейрімді – апаң қымбат.- Асқар тауың - әкең қымбат,- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.- Не қиын?- деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.- Арадан шыққан - жау қиын,- Таусылмайтын - дау қиын.- Шанышқылаған - сөз қиын,- Жазылмаса - дерт қиын.- Іске аспаған - серт қиын,- Ақылыңнан - адасып.- Өзің түскен - өрт қиын- Не істеріңді біле алмай,- Ашиды сонда бас миың.- Төле биге қойылатын сұрақтар:- Төле бидің төрелігі- Төле бидің билігі.- Төле бидің шешендік сөздерінің бірін жатқа айтуы керек.Әйтеке биге қойылатын сұрақтардың түрлері.- Жігіттің жақсысы қандай болады?- Бала Әйтекенің билігін айтыңыз.- Әйтеке бидің кең тараған кең тараған шешендік сөздерін айтып беріңіз.«билер» кезек - кезек оқушылардың сұрағына жауап берген соңкөрініс қойылады.« Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім»Мұғалім: айтыс деген не, кім айтады?- Айтыс өлең түрінде болады. Оны айтысқа түсетін ақындар қолма - қол ойдан шығарып айтады.- Айтыстың мақсаты - өзімен айтысушының қапысын тауып, қисынды сөзбен ұту, жеңіп шығу.- Ал біздер айтыс білеміз бе?Ұл бала мен қыз бала «Біржан мен қыз» айтысын орындап береді.Келесі жұп «Оқушылар айтысын» айтып береді.Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.Оқушылардың орындауында « Қожанасырың май сатып алуы»- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.« Алтын балта» ертегісінен көрініс.Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,Көпті қорлаған көмусіз қалады.Хан азса, халқын сатады,Халық азса хандыққа таласады.»Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,Жерімізді жау баспасын деп,Елімізден құт қашпасын деп,Найзамызға үкі таққан елміз»Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсынАр мен абырой өмірлеріңе азық болсын.Бірің ту ұстаған қолбасшы,Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,қанаттарым!Бердім батамды!Аллауакбар!»Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек.- Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?- Тәрбие сағаты ұнады ма?- Қай жері ұнаған жоқ?- Әсіресе, оқушылардың рольдері қалай шықты?- Осы тәрбие сағатының тақырыбын тағы басқаша қалай атауға болады? Неліктен?- Үш арсызды талдайық.- Неге ұйқыны, күлкіні, тамақты арсыз дейміз? Қалай ойлайсыңдар?- Балалар сабақ сендерге ұнаса алдағы уақытта не істеулерің керек?- Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.