Сынып са?аты та?ырыбы ?стазым, ?ла?атым, ?лгі-?неге 4 сынып
Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі. Мақал - мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні.Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.1 - оқушы: Али
Ұстаз деген қасиетті адам бар,Біле білсең, сенің екі анаң бар,Бірі - сенің туған анаң болса егер,Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.2 - оқушы: МерхатҰстаз ана - болашақтың анасы,Ұстаз ана – ақыл - білім анасы,Жүзіндегі пәк мейрімді көргендеӘр шәкірттің оянады санасы,3 - оқушы: Таншолпан
Ұлы өмірге жетелеп,Ашқан білім есігін,Құрметтейік, мәпелеп,Ұстаздардың есімін4 - оқушы: Жания
Сыйлай бәрін еліңіз,Сізге жыр да, тілек те,Шыңға өрлей беріңізБілім сеуіп жүрекке.Домбырасын қағып қапТөгілдірер нелер сазШабыты асқақ шарықтапОртаға шықсын өнерпаз5 - оқушы: ДауленЖыр өнерін жалғаған,Тайпалдырсын, жорғасын,Өздеріңе арнағанӘнін жырау толғасын.6 - оқушы: БауыржанҰстаз болам өзіңдей,Үйретер ақыл, парасат,Аянбай еңбек ететін,Болсыншы деп бала шат!Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.Жігерің мен талантыңды жұмсамай,Оңай боп па тәрбиелеу жақсы адамОсы жолдың қиясы мен өрі бар,Сүріндірер қиын өткел жолы бар.Көп ізденіп алсаң биік бұл шыңды,Отырғызар шын құрметтеп төрі бар.Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,Шаршаса да осы жолдың бойында,Қандай жақсы шын бақытын тапса адам!Жақсылық атаулыға жаршы жандар,Жамандық атаулыға қарсы жандар,Баланы сусындатып өсіругеБілімнің бұлақ көзін аршығандар
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.Жан біткен жанарына нұрКүндей боп күлімдеген жарықсыздар.Ән «Ағажан» Орындайтын: Сағиева Сымбат.Ұстаздарға арнау7 - оқушы: Камила
Келешекті кезіндеКесіп айтар өзіңе.Өнеге мол өзінде,Өсиет көп сөзінде.Көп шәкірттің досындай.Бақыт апай осындай.8 - оқушы: Әділжан«Білім» десе бойымызда тұрар күш.Шәкірттері шетінен тіл алғыш.Талай рет тентектікті кешірген,Индира апай өзіңе мың алғыс!9 - оқушы: ЖанеляТеңейміз біз оны кейде жұлдызға,Үлгі тұтып келешек жас ұл - қызға.Дүние жүзінің географиясын жаттатқанЖан жете ме жайсаң апай Гауһарға!