Математика ашы? саба? Заттарды? екі тобын салыстыру


Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттардың екі тобын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру,салыстыру арқылы «артық», «кем», «сонша»деген математикалық термин сөздердің түсінігін қалыптастыру;
2. Заттарды санау дағдылары мен біліктерін одан әрі дамыту;
3. Ұқыптылыққа баулу
Оқыту әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,салыстыру,талдау-жинақтау
Пәнаралық байланыс:дене тәрбиесі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,үлестірме санау материалдары,бейне таспа
Сабақтың жүру барысы:
І. Психологиялық дайындық
ІІ. Білімді бекіту.
1. Салыстыру (беттестіріп.)
2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)
3. Сызғыштың көмегімен анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.
«Қанша?» ойыны.
-Сыныпта қанша есік,қанша терезе,қанша гүл бар?
Оқушылар сынып ішіндегі аталған заттардың санына сәйкес сонша санау материалдарын (таяқша,үшбұрыш,т.б)санау материалдарын алдарына қояды.
Жауаптардың дұрыстығын санату арқылы тексерту.Мысалы:терезе мен есікті,гүлдер саны мен гүл қойғыштар санын және т.б.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
1.Теннис қалақшасы мен добын салыстыру. Қалақша нешеу? Доп нешеу?
2.Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)
3.Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша.
685800323850022860032385004. - 4 -5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,
асық сонша.(5)
5.Не болуға тиіс?
3 трактор мен 1тракторды салыстыру.
1 машина мен 2 машинаны қосу.
Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4)
Сергіту сәті: Бейне таспадан көре отырып орындалады
«Топ-топ,топ-топ басайық!»
6.Дәптермен жұмыс:Сәйкестендіру тестін орындайды.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық? Есеп өлеңдер шешу:
6 алманың 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
ҮІ.Мадақтау