Открытый урок на тему ?депті бала-арлы бала
5-сынып
Сабақтың тақырыбы:Әдепті бала-арлы бала
Мақсаты: а)Жаңа сабақты түсіндіре отырып, білімдерін кеңейту
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.б) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке,әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдТүрі: аралас сабақӘдісі: сұрақ - жауапІ.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
ІҮ.Жаңа сабақ«Әдепт бала-арлы бала» тақырыбын өтеміз
Біздің халқымыз әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында, мектепте, қоршаған ортада баланы кішіпейілдікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек.Уәде беріп орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз» екен дейді. Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай не білмей бұзады. Әдепті бала кездескенде үлкендермен сәлемдеседі. Сөйлескен кезде «сен» демей «сіз» деп сөйлесу керек. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Әдепті бала-арлы бала
Айберген -өте әдепті бала. Өйткені ол мектепке бара жатқанда жолдан өте алмай тұрған атаны көрді. Атаның қасына барып, амандасты, сонан кейін атаның қолынан ұстап, жолдың екінші жағына өткізді.
Ата Айбергенге батасын беріп, көп рақмет деп әрі қарай кетті. Айберген үлкен кісіге көмектескеніне риза болып, мектебіне қарай жүгіре жөнелді.
2-тапсырма.Мәтіннен алынған сөйлемдерді көшіріп жазып, сұрақ қою арқылы сын есімді табыңдар.
Айберген –өте әдепті бала.
2Ата-Айбергенге батасын беріп, көп рақмет деп әрі қарай кетті.
Айберген үлкен кісіге көмектескеніне риза болды.
Ү. Сабақты түсінгенін тексеру 3-тапсырма.Мектепке , оқушыға қатысты сөздерді айтып, сөйлемдер құраңдар.
ҮІ.Сабақты бекітуӘдепті бала қандай болуы тиіс?
Сендердің үлкендерге көмектескен кездерің болды ма?
Зат есім дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Сан есім дегеніміз не?
ҮІІ.Үйге тапсырма.4-тапсырма.
1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.2. Құстарды атуға болмайды.3. Кішкене баланы жылатуға болмайды.4. Сабақтан кешігуге болмайды.5. Қыз баланы ренжітуге болмайды.6. Сыныпта айқайлауға болмайды.7. Түнде үйге қарай жүгіруге болмайды.Не істеу керек?1. Үлкен кісіні сыйлау керек.2. Үлкеннің тілін алу керек.3. Үлкендерге сәлем беру керек.4. Аналарды, апаларды сыйлау керек.5. Кішіге қамқор болу керек.7. Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.«Құпия хаттарға» жауап беру1 – хат: Құрметті достар!Менің көршімнің баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?2 – хат:Сен бір құшақ газет – журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...Не істейсің?3 – хат:Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті....Не істейсің?Қорытынды