Дружба — великая сила

Тақырыбы:Дос және Достық
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлім
-Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Дос және Достық»деп аталады.
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы:
Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.
2-оқушы:
Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы:
Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы:
Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5-оқушы:
Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы:
Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:
Достық-адамдар арасындағы байланыс.
Айзат: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.
Мұғалім:
-Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам.
Сенімді адам.
Мұғалім:
-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
/Оқушыларды тыңдау/


Ән:Достық.Орындайтын:4-сынып оқушылары.
Көрініс: «Екі дос»
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
ІІІ.Қорытынды.
1.«Алақан» тренигі.
2. Ітоп:5жолды өлең құрау.
ІІтоп: РАФТжазу
3.Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?
Хор: «Біздің сынып»
Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.


Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа
Темірғалиева Назым Фатихқызы
ІІсанаттты бастауыш сынып мұғалімі
БҚО облысы
Казталов ауданы
Сатыбалды орта жалпы білі беретін мектеб
Похожие материалы
26
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
12345
КАТЕГОРИЯ: ТӘРБИЕ САҒАТЫ | ДОБАВИЛ: ADMIN
ПРОСМОТРОВ: 23426 | ЗАГРУЗОК: 0 | РЕЙТИНГ: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
RSSСохранить на Del.icio.us
Сабақтың мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту; Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу
Сабақтың әдісі: тренинг Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер.
Сабақтың мазмұны:
Жүргізуші: Достық — адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зло маңызына байланысты екені даусыз.
Біз бүгін жас ұрпақ арасында «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас» деген тақырыпта пікірлесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы ой пікірлерін білу, достықты қадірлей білуге шақыру, адал дос таба білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды».
Сіздерді біз «достық» туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз. Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар» әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.
Назгүл: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді. Достық адамның өмірдің өзіндей сан бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның басты мәндері көрегендікпен ашып көрсетілген.
Феруза:Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші: Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші: Қандай адамдар досқа лайық?
Абылай: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді, мына бір көрініске назар аударалықшы.
1 – көрініс
Марал етігі жыртылып қалғандықтан сабақтан бірнеше күн қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш іздеп үйіне келді.
— Марал, көптен сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың ба?
— Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.
— Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін етігім бар ғой. Сен кие тұр
— Мамаң ұрыспай ма?
— Мамама түсіндіріп айтамын ғой.
— Рахмет! (Марал етікті киіп алады да бірге шығып кетеді)
Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі !Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» — деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар. Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші: Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл — өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», — демес еді. Енді келесі көрініске назар аударалық.
2-көрініс
Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара достыққа лайықты жандар ма? Осындай достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л д а у
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург, ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің ең зор қуаныштырының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы» — деген екен. Енді тағы бір көрініске назар аударалық.
3-көрініс
2-ші көріністегі қайталанады. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң…
Жеке оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің кіммен жүретінін айтты…»
Бәрі шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек. Американ саяси қайраткері физик Бендами Франклин айтқандай, досты асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп, аялауды, бағып – қағуды қажет етеді. Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас», — деген екен. Жаңағы көріністегі кімдікі достық?
Т а л д а у
Айдос: Достық — әншейін дос тапқысы, дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана дос бола алады. «Сенің досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» — деген екен ғой бір дана кісі жаңа танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі, талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан жақын болады дегенге меңзейді.
Абылай: Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Мөлдір: Ал меніңше Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның ішінен»,- деген нақылды білмеген үлкен қателік.
Анаргүл: Достықтың өміршеңдігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей болмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық.
Фариза: Халықта: «Досыңнан тап!» — деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан, қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті, қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай. Сондықтан достықтың белгісі – достың сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ салып алғаннан да қиын», — деп. Тіліне ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші: Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо, грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты даналар бейне бір келісіп алғандай: «Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы, тіпті дұшпаныңның өзі артық», — дейді. Жан-Жак руссо айтқандай «Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті», — дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т а л д а у
Жүргізуші: ағылшын философы, Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады», — деген екен. Тағы да көрініске назар аударалық.
4-көрініс:
Ұл мен қыз дос еді. Бір күні екеуі келіспей қалды. Ұл өзінің досына көңілін айтып келді.
Ілияс:Таңат, досым болған соң келдім. Мен жүріп жүрген қызыммен келіспей қалдым. Ақыл айтшы, енді мен не істеймін?
Әділхан:Қиналма, кеткен қыз өзі келеді. Нағыз болмаса қыз көп емес пе?
Ілияс:Мен оны жақсы көремін ғой. Одан басқа қыздың қажеті жоқ.
Әділхан:Ақыл айтайын ба? Анаше шек. Мен де шегіп жүрмін. Кайф. Бәрін де ұмытасың. Мә!
Екеуі шегеді. Ыржалақтап шығып кетеді. Бір аптадан соң Ілияс «Ақша! Ақша керек!» деп ұрлық жасап жүр.
Жүргізуші: Ілиястың досының ісі достық па? Оның орнында сен болсаң не істер едің? Қандай ақыл айтар едің?
Т а л д а у
Жүргізуші: «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы». Ал енді бір көрініске назар аударалық.
5-көрініс:
Екі достың мектеп бітіргендеріне де бір жыл болыпты. Көптен кездескен жоқ еді. Екеуі кездескенін арақпен жуып, арты екеуінің төбелесіне айналды.
Жүргізуші: Түркі ғалымы Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді» Достарымызды ұмытпайық достар.
Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Сабақтың тақырыбы: Шын дос – асыл қазына
Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?
Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Жүргізуші: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
Ән: «Достар»
Жүргізуші: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)
Жүргізуші: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.
Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.
«Пікір алысу»
1. Жос пен жолдастың айырмашылығы.
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.
Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
Презентацияны жүктеп алу: Дос және достық (PDF)
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Пайдаланылатын көрнектілер: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Дос және достық» тәрбие сағаты.
Ән тыңдау «Достарым»

Тақырыпты ашу сұрақтары
Дос деген кім?

Дос
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам

2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім




3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл

3.Досың бар ма? Ол кім?
4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5. Достық жасқа байланысты ма?
6. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?


Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
— Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
— Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, — деп жауап береді екен.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені …
Ә) Сыйластық бар жерде …

V. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Y. «Мінездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік
YІ.Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».
4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
6. «Досы көппен …. ,
Досы жоқпен … ».
7. «Досы … , өзі де жақсы».
8. «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
10. « Досың мың ….,
… біреу болса да көп».
11. « … адам тамыры жоқ … тең»
12. « … дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
… дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
.
Қорытынды:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Досыңды қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Оқушылар арасында треннинг ойнату.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
3. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Пікірталас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлы адамдардың нақыл сөздері, караоке, слайдтар, шарлар.
Сабақ барысы:
I. Кіріспе
II. «Досым, саған арнаймын»
III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»
V. Жағдаяттан шығу
VI. Тосын сый
VII. Қорытынды.
I. Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Абай атамыз айтқандай:
Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,
Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.
Немесе оны Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:
Дос табу оңай-сақтауы қиын,
Жау табу оңай-тоқтауы қиын.
Ал, Мұқағалиша айтсақ:
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген-адамның көрігі екен.
Достық деген-ақылдың серігі екен.
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз пікірталас түрінде өтпек. Сондықтан өз ойларыңды ортаға салып отырсаңыздар. Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?
Дос деген кім?
1.Сыр бөлісетін адам.
2. Мені өте жақсы түсінетін адам.
3. Көмекке ардайым дайын адам.
4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.
5. Сенімді адам.
Аңыз. «Екі дос»
Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін, ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар! Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім»-дейді.
Қолбасы оны сынамақ болып: -Жарайды мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын, маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады-дейді. –Ол не?-дейді досын құтқаруға келген, асыққан жігіт.
-Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, -дейді қолбасы.
-Олай болса, көзімді тезірек алда, досымды босат-дейді.
Жігіт бұл сыннан да мүдірмей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген. Бұндай достармен мақтануға болады, солай емеспе?
-Достықтың екі түрі бар, олар: адал достық және амал достық.
Адал достық өмірлік нұсқа болады,
Амал достық өрісі қысқа болады.
II. «Досым, саған арнаймын»
Әрбір адамға дос керек, өйткені адамдарға сырласатын, қуаныш пен қайғыны бөлісетін, бір-біріне көмек беретін жақын адам керек.
III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)
Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.
1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.
2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
3. Күлме досыңа, келер басыңа.
4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.
5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.
8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.
10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.
11. Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.
Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.
IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»
Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.
Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!
V. Жағдаяттан шығу
Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.
1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп, өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?
2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?
4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?
VI. Тосын сый
Енді достар бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе.
VII.Қорытынды
Дос
Дос емес достық сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атыңа қосылады?
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Осымен «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!

Мектебі: Өтес орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Исаева Жанар Т.
Тақырыбы: «ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ!»
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; достық, көмек туралы түсінік беру; өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту; бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Пән аралық байланыс: музыка, сурет салу, тіл дамыту.
Көрнекілік: сюжетті суреттер, үнтаспа, электронды тақта, тақпақтар жинағы, слайд жұмыстары, фломастерлер, гүлдер, ағаш макеті.
Мұғалім өзі сөз сөйлеп, кешті ашып береді:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
(көңілді әуенмен балалар әндете залға кіреді).
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Корсет, кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Татулықтың белгісі,
Кел қосылып күлейік!
Шаттық шеңбері (Балалар бір – біріне тілектерін айтады)
Жүректен жүрекке
-Ойыншық жүрекшені алақандарына салып, «Сенің досың қандай болғанын қалайсың?» деген сұраққа жауап бере бір-бірлеріне ұсыну.
Балалар:- Менің досым ақылды болса деймін...
Менің досым өтірік айтпаса екен деймін...
Менің досым әр уақытта қуанып жүрсе деймін...
Менің досым еңбекқор болса деймін...
Менің досым мейірімді болса деймін...
Менің досым кешірімді болса деймін...
Менің досым сабағын өте жақсы оқыса деймін...
Менің досым сұлу болса деймін...
Менің досым адал болса деймін...
Менің досым әдепті болса деймін...
Менің досым салмақты болса деймін...
Менің досым төзімді болса деймін...
Менің досым тәртіпті болса деймін...
Менің досым ақкөңіл болса деймін...
Менің досым кішіпейіл болса деймін...
Менің досым салмақты болса деймін...
Менің досым көңілді болса деймін...
Менің досым білімді болса деймін...
Менің досым инабатты болса деймін...
Менің досым ибалы болса деймін...
Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос. Балалар достықтың екі түрі болады екен. Біріншісі –адал достық, екіншісі айнымалы алдамшы достық. Біздер сол екі достықтың қайсысын таңдаймыз. Олай болса балалар бір – бірімізге адал дос болайық.
«Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлеметпе міне мен,
Доспын енді сенімен!»
Ән: «Дос туралы жыр!» Орындайтын: Сайлау Мырза
Көрініс: «Саңырауқұлақтың саясы»
Қатысушылар: Жүргізуші - Жұлдыз, құмырсқа - Сырым, көбелек – , торғай - , қоян - , түлкі - Мырза
Жүргізуші: Көктем келді,
Жер көгерді,
Табиғат әсем күйге енді!
Дала гүлге бөленді.
Шалғынына ендіҚұмырсқа келді.
(аспан түнере бастайды. Жаңбыр жауғалы тұрған сурет көрсетіледі)
Бұлттар бәрі жылжыпты,
Жаңбыр сірә төгеді.
Мына саңырауқұлақ пана болса,
Бізге тиер көмегі.
(Құмырсқа жорғалап барып,саңырауқұлақтың астына жасырынады. Жаңбыр жауа бастайды.Шалғынға көбелек келеді)
Көбелек:
Күшім кетіп әлсіреп,
Қанатым су боп жабысып,
Ұша алмады,құмырсқа,
Алшы мені қасыңа,
Пана берші басыма.
(жаңбырда қанаты су болып ұша алмаған соң,торғай да саңырауқұлақтың саясына жасырынуға келді.)
Торғай:
Жаңбыр қандай күшті еді,
Ұша алмадым,мені көр!
Бас сауғалап келіп ем,
Жандарыңнан орын бер.
(Сол кезде қоян жүгіріп келді)
Қоян:
Түлкі қуып есім кетті,
Айналайын аңдар-ау!
Маған пана болыңдар
Жасырыңдар,қорыңдар.
Үшеуі қосылып:
Тұра ғой,
қосыл да,
Жасырамыз осында.
Түлкі: Ор қоянды орғыған көрдіңдер ме,балақайлар-ау?
Бәрі: Жоқ,жоқ,көрген жоқпыз.
Түлкі: Әлі-ақ қолға түсерсің. (ол кетіп қалады)
Жүргізуші:
Міне,жаңбыр да басылады,
Аспан шайдай ашылады.
Аңдар саңырауқұлақтан шықты,
Бір-біріне қарасты,
Таңдана былай таласты.
Құмырсқа: Мен жалғыз өзім сыйған саңырауқұлақ сиқырлы ма?
Көбелек: Біз бәріміз сонша кішкентаймыз ба?
Тоғай: Көңіл сыйса,бәрі сыяды.
Қоян: Екі адам ығысса,бір кісіге орын табылады.
Тақпақтар айтылады: Ұлпан, Зули, Ақбота, Донди, Әсел, Али
Ұлпан:
Зұлымдықты әрқашан жеренейік,
адалдықты сүйуді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
Зули:
Сынға түскен кездерде
Сырын бермес достарым;
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым;
Ақбота:
Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
Дінмұхаммед:
Тұрғанымда қысылып
Медет берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым;
Әсел:
Жырға сені қосумен
Өтсем деймін досым-ау;
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.
Али:
Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.
Ортаға сыныбымыздың биші қызы Жаннұрды үнді биімен шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Мақал – мәтелдер айту.
Тақтаға жалаңаш ағаштың бұтағы ілінеді. Оқушылар мақалдар айтып, сол бұтаққа гүлдер мен жапырақтар ілуілері керек.
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды
Достық қымбат өмірде
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіртіп айтар
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көріне мақтар
Күлме досыңа, келер басыңа
100 сом ақшаң болғанша, 100 досың болсын
Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең
Заттың жаңасы жақсы, Достың ескісі жақсы
Дос достың кемшілігін кешіре біледі.
Мұғалім сөзі: Балалар, міне жапырақсыз ағаш, қандай көріксіз болса, доссыз адам да осындай болар еді. Осы мақал - мәтелдерді жатқа біліп, мағынасын түсініп, бойымызға сіңіре білсек, өміріміз де осы ағаштай гүлдеп, көрікті болады.
Тақпақтар айтылады: Жаннұр, Қуандық, Ұлболсын, Тілек, Аружан, Жанболат.
Жаннұр:
Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.
Қуандық:
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.
Ұлболсын:
Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.
Тілек:
Достығымыз достарым арылмасын,
Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.
Аружан:
Замандастың жеңісін
Көре білген достарым;
Қолындағы жемісін
Бөле жеген достарым;
Жанболат:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.
Мұғалім: -Балалар, сендер қандай балаларсыңдар?
«Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжесуді білмейміз.»
Ал балалар, біздің топтағы балалар қандай?
«Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлайды.»
Мұғалім: -Балалар тату – тәтті болу үшін, ең алдымен өзіміздің бойымыз жақсы қаситтерге толы болу қажет.
Ән «Ертегілер елінде». Сыныптың барлық қыздары.
Тақпақтар айтылады: Мырза, Жұлдыз, Сырым, Алтынай, Марлен, Залина.
Мырза:
Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
Жұлдыз:
Берсе берді бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алайақ бүреу болса
оны қатар ортадан аластайық
Сырым:
Куніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,
Алтынай:
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.
Марлен:
Тайғақ заман, тар жерде
Қолын берген достарым;
Жолдасына мәреде
Жолын берген достарым.
Залина:
Досым менин мунайма жасымаган,
Мыкты бол кеуде керип тасымаган.
Терен кузга кулдырап бара жатсан,
Мен саган кол созуга асыгамын.
Ән «Мектебім» Орындайтындар – Аружан, Ұлпан, Жұлдыз, Марлен, Мырза.
Би «Арива» Барлық сынып оқушылары
Қорытындылау:
«Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді – өзің аяда,
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңсің ақыл айнасы,
Өзіңді тану пайдасы » - деп, бүгінгі «Дос болайық бәріміз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет!
Сөз кезегін қатысушы ағай – апайларымызға