Онды?тарды ?осу ж?не азайту?а, бірліктерді разрядтан аттау ар?ылы ?осу?а негізделген ауызша есептеу т?сілдерімен таныстыру


Математика 28.01.2016ж 76 сабақ
Сабақтың атауы 37+7 44-7
Мақсаты Білімділік: Ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сыни тұрғысынан ойлай отырып, алған білімді қолдануға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже сыни тұрғыда ойлауға ой-өрісі, танымдық қабілеттері кеңейеді.
зейіні, есте сақтауы дамиды.
пәнге деген қызығушылығы және белсенділігі артады.
бағалауға үйренеді.
білімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сілтеме математика оқыту әдістемесі, интернет желісі.
Сабақтың көрнекілігі оқулық, суреттер, сандар.
Сабақтың әдісі: СТО, түсіндіру, талдау, жинақтау, ой қозғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Амандасу.
Түгендеу.
Сабаққа дайындығын тексеру.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
– Рақмет, балалар!
Сабаққа зейіндерін аударады.
Мұғаліммен бірге тақпақты айта отырып бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрау.
№6, 121 – бет Жекелеген оқушылар логикалық сұраққа жауап береді.
Қызығушылықты ояту
1.Тиімді тәсілмен есепте. «Кім мерген?» ойыны.
4+8+2, 28+2+5, 6+4+25, 13+5+5, 15+5-13 1+9+15
15+3+7
2 «Үндемес» ойыны.№1 тапсырма
Кім есептің тиімді шешу жолын тапса, сол оқушының добы себетке дәл түседі.
Үндемей отырып, ойланып, қол көтеріп жауап береді.
Мақсат қою
Ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен танысамыз.
37+7 44-7
сабақтың тақырыбымен танысады.
Мағынаны тану
Жаңа сабақты түсіндіру.37+7=(37+3)+4=40+4=44  3 4 37+7=30+(7+7)=30+14=4430 744-7=(44-4)- 3=40-3=3730 1444-7=30+(14-7)=30+7=37 4 3 
Жаңа тақырыпты түсіне отырып, тапсырмаларды дәптерге жазады.
Меңгерту
1. Тақтамен жұмыс
№3 түсіндіре отырып есепте
85-5 56+9 34+9 28+8
35см-8см 5дм 4см+9см 5дм 4см-9см
56см+8см
2.Карточкамен жұмыс.
№4 салыстыру
23-9 21-3; 16+8 34-7;
81-5 93-5; 77-8 17+8;
42-8 15+9; 15+7 63+9;
23+5 54-7;
3.Тақтамен жұмыс.-№6 есепті оқимыз, талдаймыз, шығарамыз. Сұрақтар: Есеп не туралы, не белгілі, не белгісіз, нені табамыз?Шарты: Екінші сынып-18дмБірінші сынып-9дмЕкінші сынып неше дм артық?Шешуі: 18-9=9Жауабы: Екінші сынып 9дм артық
Есептеуді түсіндіре отырып шығарады. Қай тәсілді, неше тәсілмен шығаратынын өздері біледі. Тексеріп қорытынды жасайды.
Карточкадағы салыстыру амалын орындайды сонымен қатар қосу және азайту компонеттері арқылы ауызша айтады.
Мәтінмен танысады, талдайды бір оқушы тақтаға орындайды.
Өз беттерімен кері есеп құрастырады.
Серіту сәті
Сергіту сәті. Жұмбақтар әлемінде.
1.  Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой       (19)
2.     Дүкеннен сабын алдым
Оның және қабын алдым
Екі дәптер, бір қарындаш, төрт кітап
Тіс ысқышты қоса алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары?      (10)
Жұмбақтағы жануарлар санын анықтайды.
Сатып алынған заттың санын есептейді.
Ой толғаныс
Қорытынды
1. Жануарлар қай пәтерде тұратынын тап. №5
76-8 54+9
76+8 54-9
65+6 38+9
65-6
2.Математикалық диктантА) 30 бен 12 қосындысына 18-ді қос.Б) 100-ден 54 пен 16-ның айырмасын азайт.В) 15-ке 55 пен 5-тің қосындысын қос.Г) 82 мен 19-дың қосындысынан 45-ті кеміт.
Қосу және азайту амалдарын орындай отырып жануарлар қай пәтерде тұратындығын табады.
Математикалық диктантты дәптерге орындайды және бірін – бірі тексереді.
Үйге тапсырма
№7 есепті талдау арқылы шығарамыз.Шарты: Болғаны-8кг және 10кгЖелінді-7 кгҚалғаны -? Кг азықҚанша кг азық қалғандығын табамыз.
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Формативті бағалау, сумативті бағалау.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығы сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.
Оқушылар өздері қалаған түске бояйды.