Планирование. Фонетика туралы т?сінік.?аза? ?ліпбиі.
Мерзімі
26.01.2016ж Сыныбы: 5«В» Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.
Тақырыбы: Фонетика туралы түсінік.Қазақ әліпбиі.
Мақсаты: Фонетика туралы түсінік.Қазақ әліпбиі туралы түсінік беру.
Міндеттері: . Білімділік: Қазақ тілінің үлкен тарауларының бірі фонетика туралы түсінік беру. Төменгі сыныптарда алған білімдерін толықтыру. Әліпби жайындағы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын ояту, зейін зеректігін арттыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Жаттығу жұмыстары арқылы достық туралы ұғым, шешендік өнер туралы ұғымды қалыптастыру. Адал дос болып, достарыңды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Табыс критерийлері: Біз кез келген оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет.Әр сабақ сайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Білімді, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, баяндау, Венн диаграммасы,талдау.
Көрнекілігі құрал жабдығы: Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушымен сәлемдесу.
2.Оқушының зейінін сабаққа ау.
Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
Үй жұмысын қорыту: сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?
ІІІ. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Фонетика -(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір - бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.
Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.
Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер.Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін ,әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.
Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.
Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай?
Фонема деген не?
Фонетика нені зерттейді?
Қазақ тіліне тән дыбыстарды жаз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
237-жаттығу
Төмендегі сөздерді әліпби тәртібімен теріп жазыңдар.
238 – жаттығу
Мәтіндегі бас әріппен жазылуға тиісті сөздерді бас әріппен жазып, көшіріңдер.
VІІІ. Сабақты бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2.Қазақ әліпбиінің авторы туралы мәлімет жинау