Разработка по английскому языку на тему Sport in Kazakhstan (8form)



Мұғалімнің аты-жөні: Абсаттарова Салтанат Сапарбековна
Еңбек өтілі: 12 жыл
Жұмыс орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қызметі: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Біліктілігі: Екінші санат
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫБЫ: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары. (Sport in Kazakhstan and in my life. Қазақстандағы және менің өмірімдегі спорт.)
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Спорт және ойындар туралы әңгімелеуде топта бірлесе жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлай отырып, АКТ- ны дұрыс қолданып, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: өзін-өзі реттей алады, топпен жұмыс жасай біледі, топ ережесіне бағынады, АКТ-ы қолдануды біледі, бір-бірін бағалауға үйренеді.
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: 8-сынып оқушылары.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Миға шабуыл, негізгі бөлім (мазмұнды сызбамен жұмыс), оқулықпен жұмыс, кері байланыс.
Әдіс-тәсілдер: жұптық және топтық жұмыс, «Өрмекші торы», екі жұлдыз, бір тілек.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, презентация, видео материал, мазмұнды сызба, стикер, маркер, смайликтер, бағалауға арналған парақшалар мен фишкалар.
Сабақтың мазмұны:
Жұмыс
кезеңдері Кезеңдердің
мазмұны Қатысушылардың іс-әрекеті Уақыты Ресурстар
Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе:
Мақсаты:
Оқушылардың сабаққа және спортқа қызығушылықтарын ояту, жаңа тақырыпты меңгертіп пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Өзін-өзі бақылау, бағалауға үйрету.
Негізгі бөлім:
(мазмұнды сызбамен жұмыс)
Мақсаты:
Оқушылар Қазақстандағы және олардың өміріндегі спорт түрлерін әңгімелейді.
Міндеттері:
Тиімді шешім қабылдауға, топта бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойларымен бөлісуге, басқалардың ойын тыңдап құрметтеуді қалыптастырады.
Әдіс-тәсілдері:
Топтық жұмыс.
Жұптық жұмыс.
Өрмекші торы
Рефлексия
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек».
Мұғалімнің сәлемдесуі
Топтарға бөлу
Әр түрлі спорт суреттерін ұсынады
Миға шабуыл:
Мұғалім сұрақтары:
1. What does sport help people to do?
2. What sports are popular in the Republic of Kazakhstan?
3. Do our sportsmen participate in international tournaments?
4. Where can amateurs go in for sports?
5. What is your favourite sport?
Топтарға спорт түрлеріне байланысты мазмұнды сызба қорғау
ұсынылады.
1-топ: Футбол.
2-топ: Баскетбол
3-топ: Волейбол
Дұрыс жауап бергеніне қарай фишкалар арқылы бағаланады. Оқушылардың сәлемдесуі
Оқушылар топтарға бөлінеді
(спорттың әр түрлі суреттері арқылы топтарға бөлінеді)
Әр топ ақылдаса отырып сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар өз ойларын мазмұнды сызбаға түсіріп басқа топтарға таныстырады.
«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқай отырып сабақты бекіту.
Топ мүшелері бір-бірін бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
Оқушылар смайликтерге өз әсерлерімен бөліседі. 3 мин.
5 мин.
10 мин.
10 мин.
7 мин.
7 мин.
3 мин. Футбол, баскетбол, валейбол спорт түрлерінің суреттері
Слайдтар, суреттер.
Әр топ өз топтарына түскен спорт түрлерін қорғайды.
Фишкалар мен бағалау парақшалары.