Доклад на тему: Применения новых информационных технологий на уроках иностранного языка


ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Төкен Айдана Төкенқызы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы
Қазіргі таңда білім жүйесін озық технологиялармен жабдықтап, білім жүйесіндегі талаптарды меңгеру маңызды болып отыр. Өйткені келешек жас ұрпаққа саналы білім беру маңызды болып табылады. Техниканың дамып озған шағында ғылым мен білімнің талабы күшейіп, дәстүрлі оқу түріне қосыла басқа да өзгерістер еніп ақпараттық мәліметтер күннен күнге күшейіп әрбір жеке тұлға өз-өзінің талантын, дағдысын, ақыл-ойын қабілетін дамыта отыру осы күнде саналы адамның даму жолына қойған ең басты мақсатының бірі болып отыр. Мен сөзімді толықтырар болсам, жоғарыда айтылған даму үдерісінің ең басты нүктесі шет тілдерін жан-жақты меңгеру деп айтсам қателеспес едім. Себебі қазіргі таңда бала бақшадан бастап, мектептің он бір жылдық білімін тәмәмдағаннан кейінде ЖОО-на түсу үшін тапсырылатын текстке алтыншы пән етіп шет тілін бекітуі - бұл саналы, халықаралық бәсекеге қабілетті ел болу үшін жасалып жатқан қадамдардың бірі деп айтар едім. Осыдан кейін шет тілін меңгеру тек педагогтарға ғана емес жаппай барлығымызға үлкен жетістік деп білер едім. Елбасымыз «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп айтқан. Сондықтан ағылшын тілін толықтай меңгеруге біздің елімізде үлкен талап қойған болса, демек, біздің қоғам болашағының кемел болатынының басты шарты осында деп білемін.
Елбасымыздың жолдауында «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады» - деп атап көрсеткен. Бұл байлам жеке адам құндылығын арттыру, мұғалімдердің жауапкершілігінің, тынымсыз еңбегінің өсуі деуге болады.
Шет тілдерін меңгеруді әр түрлі жағдайда іске асыруға болады. Ол үшін шет елге онлайн тесттер тапсыру арқылы бір жылдық ақысыз курстар оқуға немесе қазіргі таңда қазақстанымыз қарыштап дамыған заманда қалалардан бөлек кейбір аймақтарда тіл үйрететін арнайы орталықтарға және интернет арқылы әр түрлі онлайн видео сабақтар арқылы сайттарға оқып үйрену үшін жүгінуге болады. Бұлар жеке адам өз бетімен оқып үйрену үшін жасалған жағдайлар болса, оқушылар үшін сан алуан XXI ғасырдың жаңа технологияларына жүгінуге болады. Жаңа озық технологияларды меңгеру мұғалімдердің іс тәжірибеде қолдануы оқу-тәрбие үдерісін жаңа бағытта қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және далпы адамзаттың құндылығы, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздеп бізге бағыт бағдар береді. Қазіргі таңда шет тілдерін оқытудың әдістемесі жоғары деңгейде. Озық технологиясымен мықты мықты деген отыз елді озып шауып, мәдениетімізге таңдай қаға қарайтын өзге елді, білім мен өзге ел мәдениетіне қанық, көзі ашық көкірегі ояу ұрпақпен таңдандыру бізідің басшы талабы. Сондықтан мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеістікті әртүрлі деңгейде қажетімізге жарата білу керек. Білім беру ошақтарында жаңа озық технологияны пайдаланудың маңызы зор.
Поляк педагогы В.Оконь озық технологиялы оқыту құралдарын мұғалімнің кәдесіне арттырып, оқушының әрекетерін жыдамдату мүмкіндігін өсіруді айтады. Сондай-ақ оқыту құралдарын қазіргі кезеңде екі топқа бөліп қарастыруға болады. Жәй және күрделі.
Жәй құралдар:
- сөздік, оқулықтар;
- көрнекі құралдар;
- суреттер.
Күрделі құралдар:
- оқу бағдарламалық құралдар;
- электронды оқулық;
- онлайн курстар;
- дәрістер;
- слайд;
- мультимедиялық құрал-жабдықтар.
Бұл технологиялардың шет тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениетін қатар үйренеді. Ал оны толықтай үйрену үшін кітап аздық етеді. Адам көру, сезіну арқылы өзге ұлттың мәдениетін тезірек сезінеді. Тіл үйрену барысында жаңа технологияны қолдана отырып, шет тілінде жазу, сөйлеу, тыңдау, түсіну дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.
Жаңа технологиялық құралдарға: интерактивті тақта, электронды оқулық, электронды/онлайн сөздік, онлайн курстар және компьютердегі мультимедиялық қосымша бағдарламалар т.б жатады. Аталған технологияларды қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады. Олар:
Оқып үйрену.
Меңгеру.
Қолдану.
Дамыту.
Біздің елімізде ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту жұмысы күннен күнге қарқын алып келе жатыр. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілетін жетілдіруіне зор ықпал ететін тиімді жүйе болып отыр. Озық технологияларды үйренудің, меңгерудің ең басты құралы – компьютер мен интернет кеңістігі.
Шет тілі сабағында жаңа технологияны (компьютер, мультимедиялық құралдар, электронды оқулық, интерактивті тақта) пайдаланғанда: лексиканы оқып үйренеді, оқылуын, дыбысталуын, диолог, монолог жазуға үйренеді. Сонымен қатар грамматиканы үйрене отырып есте жақсы сақтауға көмектеседі. Жаңа технология оқытушы мен оқушыға жеңілдетілген озық тәсіл. Өз іс – тәжірибем арқылы айтар болсам, мен сабақтарымда аудио материалдарды тақырыпқа сай, оның ішінде әуендерді жиі пайдаланамын. Оның пайдасы грамматиканы іс жүзінде қалай пайдалану керек екендігін жақсы меңгереді. Кәсіптік шет тілі сабағында тақырыпқа сай электронды сөздіктер, электронды оқулықтар мен аудио материал және видео жазбалар пайдаланамын. Нәтижесінде менің сабағым қызықты, тартымды, студенттерге қонымды болады.
Жаңа ақпараттық технологияларды шет тілі сабағында қолданғанда:
- үлгерімі төмен студенттерге көмектеседі;
- студенттің сабаққа қызығушылығын арттырады;
- студент жеке жұмыс жасауға үйренеді;
- грамматикалық ережелерді тез әрі оңай түсінуге көмектеседі;
- студенттің есте сақтау, көру, сөйлеу, ойлау қабілеті дамиды;
- дисскуиялап, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін жоғарылайды.
Компьютер көмегімен: мультимедиялық презентация арқылы, видео ролик арқылы, сөзжұмбақ, сөзтізбек, бейнелерді дыбыстау секілді әдістермен сабақты қызықты етіп өткізуге болады. Өйткені студентті шет тілі сабағына көру, есту сияқты жасалған жұмыстары арқылы қызықтыра түсу мен қызығушылығын арттырып, белсенділікке ынталандыруға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, 2007 ж.
Сақтағанова М.С, Алиева Н.Қ, «Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі», Білім, №3, 2006 ж.
Г.Исаева, «Шет тілі сабағында иновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшелігі»
Зимняя И.А, «Психология обучения иностранному языку в школе». М,. Просвешениее, 1991 г.
Эналеев, С. «Триединство общей цели, Языковая политика,Казахстанская правда», 2007 ж.