Ашы? саба? Таби?ат — тал бесігі? аялай біл 8-сынып


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Сам мектеп-балабақша кешені» КММ Мерзiм: 2.03.2016
Мұғалiм:Мамбетова Назгүл Далубековна Сынып: 8 Оқушылар саны: 11
Тақырып: Табиғат - тал бесігің аялай біл
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық,
тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау
туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) ребус, түрлі-түсті қаламдар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
2.Үй тапсырмасын тексеру
Тыныштық сәті
Орманға ойша серуен Ескерту
3.Дәйексөз.
Адам табиғатқа тәуелді болса,Табиғатта оған тәуелді А. Франц 4.Оқиғаларды әңгiмелеу
«Ағаш» әңгімесі (сеттен алынған)Ерте-ерте-ертеде әдемі үлкен алма ағашы болыпты. Бір кішкентай бала сол алма ағаштың көлеңкесінде үнемі келіп ойнағанды жақсы көретін. Ағаштың ең басына шығып, нәрлі жемісін жеп, көлеңкесінде ұйықтайтын еді. Ағашты жақсы көретіні анық еді. Ағаш та баланы жақсы көретін. Уақыт өте, бала ержетіп ағаштың көлеңкесінде ойнамайтын болды. Бір күні келеді, бірақ көңіл күйі жоқ болады.«Менімен ойнашы!», деп сұрайды ағаш.«Ағаштың көлеңкесінде ойнайтын кішкентай бала емеспін енді», жауап береді жігіт, – «Қазір мені басқа заттар қызықтырады, бірақ оларды сатып алуым үшін ақшам жоқ».«Қап, менде де ақша жоқ… Бірақ сен барлық алмаларымды жинап алып, оларды сатсаң, ақша жасай аласың».Жігіт қуанып, ағаштың барлық жемісін жинап алады да, қуанып сол жерді тәрк етеді. Қайтып ол жерге оралмады. Ағаш көңілсіз болады. Бір кезде ол қайтып келеді – кешегі жігіт енді ер болды! Ағаш оны көріп қатты қуанады.«Менімен ойнашы!», сұранады ағаш…«Ойынға еш уақытым жоқ. Жұмыс істеуім керек, бала-шағамды асырауым керек. Үй керек, жай керек. Көмектесе аласың ба?»«Кешір… Менің үйім жоқ. Бірақ бұтақтарымды кесіп, солардан үй жасауыңа болады… »Адам қуана келіседі де, ағаштың бұтақтарын кесіп алады. Адамның қуанғанын көріп, ағаш та қуанады. Содан адам ұзақ уақыт көрінбей кетеді.Көп жылдардан соң адам қайтадан ағаштың алдына келеді.«Балам, кешір. Саған беретін ешнәрсем қалмады. Алма да жоқ…»«Керегі де жоқ. Алма жейтін тісім да қалмады..»«Үстіме шығарып ойнатайын десем, бұтақтарым да жоқ…»«Ойын үшін тым кәрімін…», дейді адам.«Саған ешбір нәрсемен пайдалы бола алмайтыным мені қатты мұнайтады. Барым – кәрі, өліп бара жатқан тамырларым ғана», деді ағаш көзге жас алып. «Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Демалатын бір орын болса болғаны. Өткен жылдар шаршатыпты…»«Кәрі ағаштың тамырлары – демалу үшін жақсы жер, жантайып демала ғой…» – дейді ағаш қуанып. Кәрі адам ағаштың түбіне отырып, жанына тыныштық тапқандай болады. Ағаш болса адамның бақытын көріп қуанады…Сұрақтарға жауап 1.Біз ағаш туралы не білеміз?2. Ағаш адам өмірінде қандай маңызды рол атқарады ?3. Ағаштың істегені дұрыс па, баланың істегені дұрыс па? Неге?4. Ағаш -біздің бақытымыз үшін барын беруге даяр ата-анамыз…? 5.Шығармашылықіс-әрекет,топтық жұмыс
1.Ағаштан нені үйренуге болады?(кластер жасау)2.Ағаш маған не береді, мен ағашқа не беремін?Оқушыға өз еркімен шығармашылық жұмыс беру(суретті схемамен бейнелеу ) 6.Топпен ән айту.
7.Үй тапсырмасы
«Менің ауламдағы ағаштар» мұнда оқушы өз ауласындағы ағаштың түрін, жасын оқушы оған қандай қамқорлық көрсете алады өз ойын жазып келу.  8. Қорытынды
9.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштық... Тыныштық бар жерде Музыка қойыла ды. Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.