О?ыту мен о?уда?ы ?згерістер
Алакөл ауданы , Үшарал қаласы «№2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Садуакасова К.М.
Оқыту мен оқудағы өзгерістер
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған қазақ,орыс,ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 7-ші бет)
5715120904000 Осы жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді айта келіп мен өзімнің төртінші сабағымның егжей-тегжейлі есебімді жазып отырмын. Сабағымның тақырыбы сын есім, қорытынды сабақ. Сабақтың барысын мен ең алдымен ұйымдастыру кезінен бастадым, ол жерде оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, сабаққа дайын екендерін пысықтадым. Сабақтарының сәтті өтуіне тілек тілеп, оқушыларды шаттық шеңберіне шақырдым. Оларда бір-біріне жақсы тілектер айтып өздеріне сәттілік тіледі.
Содан кейін тақтадағы бір түсті қағаздарды алуын сұрадым. Олардың ішіндегі смайликтер түріне байланысты оқушылардың топқа бөлінуін сұрадым. Топ басшысын тағайындау барысында үлкен смайлик түрлерін әр топқа өзім сыныптағы ұяң, орташа оқитын оқушыларды топ басшысы етіп тағайындадым. Ондағы мақсатым нашар оқушыларды сөйлету. Бұлай топқа бөлу біріншіден сыныптағы оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден психологиялық ахуалын қалыптастырдым. Топқа бөліп болғаннан соң сабақтың басын үй тапсырмасын сұраудан бастадым. Олар тапсырма бойынша сан есімге байланысты мысалдарды оқып талдады.
95256400800 Бұл жерде мен оқушыға үй тапсырмасын «Ыстық орындық» ойының ойнату арқылы оқушылар арасында диалогтік әдіс - тәсілі арқылы сұрақ жауап жүргіздім. Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, жасқаншақтық танытты. Өзімнің шақыруым арқылы сыныптағы орташа оқитын оқушым Рахатты шақырдым. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ қойған, ыстық орындақтағы оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Келесі шақырған оқушым сыныптағы нашар оқитын оқушы Мадина еді. Ол берілген сұрақтарға өз дәрежесіне қарағанда белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл де болса ойын жүйелеп жауап берді. Оқушылар сұрақтарды қоюда еркіндік танытты.
5715-133350000
Келесі тапсырма «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тапсырма берілді.. Яғни екі мәтін берілді. Осы мәтінді екі оқушы кезекпен оқыды. Мәтінді салыстырды. Салыстыру барысында мәтіндерде қандай айырмашылық барын сұрадым. Марал бірінші мәтін дара, Еркебұлан екінші мәтін күрделі деп айтып жаналап өтті. Аслан соның ішінде сын есім барын айтты. Ал қалған оқушылар бірден ойларын айта жөнелді. Яғни екінші мәтіндегі сын есім екенін тауып, оған сұрақтар қойдық. Мұғалім тарапынан бірінші мәтінге қарағанда екінші мәтінде қандай өзгеріс барын, ерекшелегін нақтылап сұрай келе екінші мәтіндегі сөйлемдегі сын есімдерді сұрақ қоя отырып, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сын есім деп тақырыбын аштым. Жыл соңындағы қайталау сабағы болғандықтан оқушыларға Сын есімнің қандай түрлерін білесіңдер деген сұрақпен әр топқа постер тараттым. Мақсат сын есімнің түрлеріне байланысты сызба ма әлде сурет арқылы қорғай ма деген оймен топпен постерді қорғау тапсырылды. Оқушылар бірден ұйымдасқан түрде жұмысқа кірісіп кетті.
Оларға бұл постер мен жұмыс қатты ұнады. Сондықтан болар олар сабақтың үстінде жұмыстың осы түрін асыға күту үстінде отырады. Бұл топтық жұмыста әсіресе нашар, орташа және ұяң оқушыларым белсенділік танытқаны мені қуантады. Сыртынан қарасам оқушылар идеяларын ортаға салып асығыс үстінде ынтамен жұмыс істеуі байқалады.
-32385233680000Топ өзінің жұмысының аяқталған белгісін беріп отырды. Бұл белгіні беруде балаларға қызық көрінді. Ондай белгі берген топтарға мадақтаулар жасап отырдым. Топ бойынша бірінші топ басшысы Ильяс топтың атынан Құралайдың шығып қорғайтынын хабарлады. Құралай салған суретіне байланысты сөйлемдер құрау арқылы оған сұрақ қойып сын есімдерді тапты. Сонымен бірге сын есімнің түрлерін жіктеп схема арқылы дәлелдеп берді. Екінші топтан дарынды оқушым Мөлдір шығып қорғады. Оған бірнеше сын есімге байланысты сұрақтар қойдым. Ол жақсы жауап берді. Келесі топтан Аслан шығып қорғады. Ол оқушымда сыныптағы үздік оқушы болғандықтан өте жақсы жауап берді. Асланға оқушылар сын есімге байланысты сұрақтар қойды. Осылай төрт топта мысалдар арқылы сурет салып ойларын айтып постерді қорғап шықты.
-2000250100076000Келесі тапсырмада оқулықпен жұмыс жүргізілді. Кітаптағы 45-жаттығудан сын есімнің күрделі сын есімін табу. Оқушылар бұл тапсырмада да жақсы ат салысты. Сергіту сәтін орындадық. Сергіту сәті оқушыларға қашанда ұнайтыны белгілі. Дегенмен жаңа әдіс - тәсіл бойынша оқушыларға ғаламтордан алынған сергіту сәті болғандықтан олар сергіту сәтінің жиі бола берсе екен деген тілектерін әр сабақ соңында жиі айта бастады.
Келесі тапсырмаға шығармашылық жұмыс берілді. Онда ақылды әдемі жайдары, бақытты сөздерінің қатыстырыуымен төрт жол өлең шумағын құрау берілді. Оқушылардың ішінен алғыр оқушым қиналмастан шығып құраған өлең жолдарын оқыды. Маған ұнағаны оқушының еркін, ұялмай шығып өлең жолдарын оқығаны.
723908064500Осы жерде нашар оқитын Мадина сөз ұйқасы келмесе де өз қатарынан қалғысы келмей қолын көтеріп өзінің ойын білдіргені сәл де болса өлең шығарғанға талпынысы бар екені дәлелдеді.
left729615Ал Мөлдір, Құралай, Еркебулан тағы басқа оқушылар топ алдына шығып тақпақтарын оқып жатса орташа оқушым Рахат тамаша өлең жолын оқып мені таң қалдырды. Келесі тапсырмада «Аукцион» ойынын ойнаттым. Бұл ойында берілген сандар қатарында сандарды таңдау арқылы сол санға байланысты ұпай саны болатыны ескертілді. Егерде оқушы берілген тапсырмадағы мақалды дұрыс таппаса мұғалім столына бір фишкадан әкеп береді. Егер оқушы дұрыс тапса онда мұғалім сол топқа бір фишка береді. Бұл тапсырманы шешуде сол ұпай санына байланысты ұпайын алады.
Бірінші мақал -....... ішкен жігенін айтады.
Екінші мақал -........ бірді жығады. Білімді мыңды жығады
Үшінші мақал - Өнер алды ........тіл деген сұрақтарды алып бірінші, екінші мақалда қазақша, үшінші мақалда қазақша, орысша, төртінші мақалда қазақша, орысша, ағылшынша, шешу арқылы ұпай санының көбейетіні ескертіліп ұсынылды. Оқушыларға бұл тапсырма қызықты болды. Осы тақырып бойынша оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. Әр оқушы өз деңгейіне байланысты тапсырмаларды орындады. Онда да ұпай сандары бөлек жазылып отырды. Әр кім өз қабілетіне қарай орындады. Келесі тапсырмада оқушылардан тест жұмысын алдым. Сабағымның соңында оқушылар тақырып бойынша кері байланыстарын жазды.Кері байланыста осындай сабақ келесі жылы да бола берсе екен деген тілектерін жазыпты. Жалпы төрт сабақта мені таң қалдырғаны оқушылардың жауап бергенде тек қысқа сөзбен ғана жауап беріп үйренген болса, осы жеті модульді сабақ барысында қолданғаннан бері оқушылардың кішкене болсада сөздік қорының молайғанын байқауға болады. Осындай жауаптарға қарап оқушылар өткен материалдарды толық түсінгендері және кері байланыс орнағаны мен үшін әсерлі болды.
Сабағымның өтілу барысында біраз кемшіліктер орын алды. Оқушыларға кішкене толықтырулар керек екенін байқадым. Олардың бірі дарынды оқушым Мөлдірге сөйлеу дағдыларын дамыту үшін сабақ барысында жан -жақты тапсырмаларды беріп, одан әрі жетелеу сұрақтарын көп қойып кері байланыс орнату арқылы, диалогке түсіріп отыру керек екенін түсіндім. Тапсырмаларды оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында интернет пайдалану арқылы және бейне материалдарды қолдануда оқушылардың зейіні арта түсетініне көзім жетті. Болашақта осындай тапсырмаларды көбейту арқылы оқушыларды бағыттап отырамын деп мақсат қойдым. Оқушылар тапсырманы орындай отырып сабақтың тақырыбын аша алады, тақырыпты түсіне алады, өздері іздену арқылы өз білімдерін жетілдіреді. Келешекте осы модульдерді сабақта пайдалану арқылы оқушыларды дамытуға болатынына көзім осы төртінші сабағыма қолдану барысында жетті. Тек қана сабаққа дайындалу барысында мұғалім өзі не білем? Не үйретем? Нені қалай қолданам? - деген сұрақтарға жауап беріп алғаннан соң ғана дайындалу керек екенін түсіндім. Тапсырманы дайындағанда сабақтың тақырыбына үйлесеме ? Оқушыларға түсініктіме? Сыни тұрғыдан ойлауға болады ма? - деген сұрақтарды назарға ұстау керек екенін есте сақтаған жөн деп ойладым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық 7- бет
Алакөл ауданы, Үшарал қаласы «№2 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова К.М.