Сауат ашу Н дыбысы мен ?ріпі



Оқушылардың білім алғандығын дәлелдейтін
рефлексивтік есеп
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін. Тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын», - деп Альберт Эйнштейн айтқандай қазіргі заманғы ұстаздың алдында жеке тұлғаны қалыптастырудағы басты әрекет- жаңашыл сабақ беру.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивтік) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie,2009).
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау , үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Осыған орай әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.Бастауыш сыныптарда ерекше орын алатын пән сауат ашу пәні. Кітаппен жұмыс істей білуге дағдыландыру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Бастауыш сыныптардағы сауат ашу пәнінен берілген тапсырмаларды оқытуды: бірінші берілген мәтінді жүргізіп, түсініп оқып, мазмұнын айта білуге, екінші мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттай білуге , үшінші мәтіндегі көркем, таныс емес сөздермен сөздік жұмысын жүргізуді, төртінші мәтінге қатысты өз көзқарасын, ойын білдіре алуды деңгейлеп меңгерту қажет.
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Сондықтан бастауыш білім беру сатысында бастауыш сынып мұғалімінің алдына қойылып отырған басты мақсат- міндеттерді назарда ұстап, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіре, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп, ана тілінің қыры мен сырын бала бойына сіңіріп, дарыту басты міндет болуы тиіс.
Осы мәселелерді ескере отырып, өзім оқытатын 1 «В» сыныбымда сауат ашу пәнінен өткізілген « Н дыбысы мен әрпі» сабағын ұсынамын.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз құрамынан бөліп алу, н дыбысын дұрыс дыбыстауға үйрету, мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаман әдеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелеу.
«Н»дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы зерттеу сабағымда, алдыма мынадай оқытудың мақсаттарын қойдым.

Мәтінді түсініп оқыту арқылы,негізгі ойды ұғындыру
Өз ойларын еркін, ашық жеткізе білуге үйрету.
Тіл байлықтарын дамыту, бір-біріне диалог құруға үйрету.
Мәтінді қатесіз оқуға, сауатты жазуға үйрету.
Сонымен бірге сабақта оқушылардың топпен жұмыс және жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, қалыптастыру, ортақ тіл табыса алу басты назарда болды. Алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге баулу. Сабақты әдеттегідей кіріспе кезеңінде, белсенді жұмыс ортасын құру мақсатында, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Дыбыстар арқылы сыныпты топтарға бөлдім.Ой қозғау әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрадым.
Композициялық талдау жасау арқылы «сұрақ-жауап» стратегиясын қолдана отырып,өткен сабақты қорытындыладым. Әрбір сұраққа жауап алу үшін түрткі сұрақтарын пайдаландым, қандай мысал келтіре аласың ? дей отырып сынақтан өткізу сұрақтарын қойдым және кім көмектесе алады? деп қайта бағыттау сұрақтарын қою барысында әрбір жауапты тиянақтап отырдым. Себебі, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады және сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

-М дыбысы қандай дыбыс?
- М дыбысы қалай айтылады?
- М дыбысы бар сөздерді ата?
Тақырыпты ашпас бұрын тақтаға шатасқан әріптер ілініп , оқушылар сол әріптерден сөз құрастырды. «Нан» «Моншақ» , «ине », «нар» сөздерін құрастырды.Әр топқа құрастырылған сөздерден сөйлем құрауды тапсырдым.Оқушылардан нан туралы білетін ойларын жеке-жеке сурап ойларын ашық жеткізуге дағдыландырдым.Балаларға нанға байланысты мақал --мәтел оып беріп мағынасын түсіндірдім.
Сергіту сәті барысында оқушыларға би жаттығуын жасаттым.
Дәптермен жұмыс:Оқушылар н дыбысының кіші әрпін жазуға үйреттім.

Барнстың (1971) «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді»- деген тұжырымдамасына негізделе отырып, сыныптағы диалогтың маңыздылығына аса назар аударып отырдым.
Нәтижесінде оқушы сөйлеу тілін дамытты. Тіл адамзаттың бір - бірімен тілдесуін, пікірлесуін, түсінуін, сөйлеуін қамтамасыз ете келіп, іс – жүзіне асырады. Тілдік қатынас –адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, айту, тыңдау, түсіну, пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс.
Сонымен қатар А. С. сияқты оқушылар өз бетімен ізденуге, топ алдында пікірлерін ашық айтуға үйренді. Ал сыныптағы басқа оқушылар ауызекі сөйлеуді есту арқылы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамытты. Топтық жұмыстан байқағаным , балалар ортада өздерін еркін, ашық сезінді. Бұрын өз білгенін басқалармен бөлісе бермейтін, өзімшіл оқушылар идеяларымен бөлісе бастады. Топта бірлік пайда болды. Күнделікті топ құрамдарының ауысып отырғандарына байланысты оқушылардың да қызығушылығы арта түсті.