Т?лкі мен ешкі ертегісі саба? жоспары 5 сынып


Күні: 02.12.2016 ж Сынып: 5 «Б», «В» Пәні: Қазақ әдебиетіСабақтың тақырыбы: «Түлкі мен ешкі» ертегісі. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ертегілерінің бірі «Түлкі мен ешкі» ертегісі туралы түсінік беру. Міндеті: Ертегі тыңдау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы түсінік бере отырып, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд,ертегілерСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып оқушыларын тексеру, түгендеу ІІ. Үй тапсырмасы: оқушылардың жануарлар туралы ертегі анықтамасын қайталап білімін тексеру, бағалау. ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру. 1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздер: Абайсызда – внезапно Терең апаңға – в глубокую яму Түсіп кетті – упал Неге тұрсың – почему стоишь Жаным жай тауып тұр – душа ликует Салқын – прохладно Шөлдедім – сильно хотел пить Тұп-тұнық су – прозрачная вода «чистая вода» Секіріп үстіне мінеді – вскакивает, прыгает на него (Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртып, мағынасын ашу). 2. Оқулықпен жұмыс. Ертегіні оқу, 65-бет Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтқызу. Мәтінді дұрыстап түсініп оқыту. 3. Сұрақ-жауап жұмысы. Оқушылар білімін тексеру, сұрақтар қою арқылы ойларын жинақтау. - Бұл ертегі не туралы айтылған? - Қандай кейіпкерлер бар? - Ешкі кімнің сөзіне алданып қалады? - Не себептен? - Орыс халқында осы ертегіге ұқсас ертегі бар ма? IV. Бекіту. Жоспарға сүйене отырып, ертегінің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар. 1.Түлкінің апанға түсіп кетуі. 2. Ешкінің апандағы түлкіні көруі 3.Түлкінің өтірік айтуы. 4. Ешкінің алданып қалуы. V. Пысықтау. Сатылай кешенді технологиясы бойынша талдау 1. Авторы: халық, өйткені нақты авторы жоқ. 2. Тақырыбы: табиғат. 3. Жанры: хайуанаттар туралы ертегі, себебі бас кейіпкерлері ешкі мен түлкі туралы. 4. Идеясы: жануарлардың мінездерін суреттей отырып, адам қасиеттерін бейнелеу. 5. Кейіпкерлері: түлкі –қу, тапқыр және ақылды ешкі – сенімді, ақмақ. 6. Шығарманың композициясы. 6.1. Бастауы: түлкінің абайсыздан апанға түсіп қалуы. 6.2. Байланысы: ешкінің су іздеуі. 6.3. Шиеленісі: ешкі мен түлкінің әңгімелесуі. 6.4. Шарықтау шегі: түлкінің апаннан шығып кетуі. 6.5. Шешімі: түлкінің ешкіге айтқан сөзі. 7. Негізгі түйіні: өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар. Тәрбиелік мәні: зерделі болу, нанғыш, сенімді адам болмау. Сабақты қорытындылау: 1. Түлкі апанға не себептен түсті? 2. Түлкінің мінезі қандай? 3. Ешкіге сипаттама бер? VI. Үй тапсырмасы: Түлкі мен ешкі ертегісін оқып, мазмұнын айту. VII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерілді: 02.11.2016 ж