Саба? жоспары ?аза? ?дебиетінен та?ырыбы: Жа?сы мен жаман адамны? ?асиеттері (6 сынып)


Алматы облысы
Райымбек ауданы
Шалкөде орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нусипова Мадира
Сыныбы: 6-сынып
Пәні: Әдебиет
Тақырыбы: С. Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Жетісу ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру, оқушыларды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдер: топтық жұмыс, өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс, «Топтастыру» стратегиясы, авторға хат
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мен Ж.Жабаевтың, М. Әуезов пен С.Аронұлының портреттері, үнтаспа, үлестірме.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Сыныпты ақыл, білім, өнер, достық тақырыбындағы мақал-мәтелдер арқылы 4 топқа бөліп, топтастырамын.
1-топ- Ақыл
2-топ- Білім
3-топ- Өнер
4-топ- Достық
әр топ топ басшыларын, топ мүшелерін сайлайды. Бағалау парағы таратылып беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жастарға арналған бата- тілек жаттау.
Ой қозғау.
1. Д. Бабатайұлының өмірі жайлы айт.
2. Риторикалық сұрау дегеніміз не? Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуінен нені байқауға байқауға болады?
3. Ақын өз сөзін бір Ақтанға арнау арқылы кімдер жайлы ой қозғайды?
4. Ақтанға айтқан ақ тілек батасынан ел қатарына қосылған ер жігітке тән қандай сипатты байқауға болады?
Мағынаны тану.
Айтыс өнерінің майталман жүйрігі, есіп тұрған қызыл жел, қазақтың әйгілі ақыны, қынаптағы қылыш, аспаннан түскен жасын, жырдың қияқтағы сұңқары, М. Әуезовтің «Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп баға берген, Ж. Жабаевтың «менің пірім» деп «сыйынған», ұстаз тұтқан ақын кім?
Оқушылар: - Сүйінбай Аронұлы
Иә, балалар, «Бөрілі байрақ астында,
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен»,- деп жырлағандай айтыс өнерінің асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман аданың қасиеттері» өлеңін бүгінгі сабақта өтеміз.
Сүйінбай Аронұлының өмір жолы мен шығармалары туралы оқушылар оқулық арқылы танысып, оқығандарын бір-біріне түсіндіріп айтады.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді оқып, өлеңнің идеясын ашып айту.
«Топтастыру» стратегиясы.
3314700-114300003200400228600Жаман адамның мінез-құлқы
00Жаман адамның мінез-құлқы
5143500-114300005143500-11430000-228600-114300001485900000-457200228600Жақсы адамның қасиеттері
00Жақсы адамның қасиеттері

28575003619500548640015049500-8001001504950018288003619500
285750022288500548640022288500-68580022288500182880022288500
331470022098000514350025908000-22860025908000148590025908000
Өздік жұмыс.
Жақсы қасиеттерді қолданып досыңа мінездеме жаз.
Дәптермен жұмыс.
Өлеңнен теңеу сөздерді тауып, дәптерге жазу.
Қаласындай, анасындай, баласындай, ағасындай, ағашындай, т.б.
Бекіту, қорыту.
Авторға хат (эссе түрінде өлеңнен алған әсерлерін жазады).
Рефлекция.
Сабақ ұнады ма?
Саған бәрінен ұнағаны не?
Сабақтан не түйдің?
Өзің нені зерделеуім керек дер ойлайсың?
Бағалау.
Өзара бірін- бірі бағалау, топтар бірін- бірі бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Өлеңнен үзінді жаттау. «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында ойтолғау жазу.