Ашы? саба? Т?лкі мен ш?ркей ертегісі
Білімділік саласы: «Шығармашылық»
Кіші саласы: «Мүсіндеу»
Тақырыбы: «Түлкі мен шәркей» ертегісі бойынша сюжетті мүсіндеу (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: мүсінделетін дененің қозғалысын беру тәсілін өз бетінше ізденуге бағыттау (басы төмен түскен, құйрығы көтеріңкі, аяқтар қозғалыста); балалардың 5-6 бөліктен тұратын, пішіні және көлемі бойынша әртүрлі орман жануарларын мүсіндей алу дағдыларын арттыру; ұжымда жұмыс істей алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті ермексаз, ермексаз кескіш, сулық, үлестірмелі материалдар, ертегінің сюжеті.
Сөздік жұмыс: шәркей
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, шәркей-лапти.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушышылық
Ұйымдастырушы
ізденушілік
Рефлексифті түзетемдеуші Педагог:
-Балалар, біз сендермен бүгін «Түлкі мен шәркей» ертегісін еске аламыз.
Сөздік жұмыс: шәркей
-Балалар, ертегінің неден басталатынын еске түсірейікші.
-Әдетте, ертегілерде түлкіні қалай суреттейді?Ол қандай?
-Ол қандай қулық ойлады?
-Таңертеңгісін түлкі қаттты дауыстап жылап, қояннан шәркейінің орнына тауығын беруді сұрайды.
Қоян түк те істей алмай, оған сүйікті тауығын береді.Содан соң түлкінің ойына не келді?
-Иә,ол түнде тауығын орманға жасырып, ұйықтауға жатты.
-Ал таңертең, тауығын жоқтап, оның орнына қасқырдан сүйікті қозысын беруді сұрайды.
-Содан соң ол кімнен үйіне түнеп шығуды сұранды? Ол аюды қалай алдады?
-Иә ол осындай қу аң. Содан кейін не болғаны естеріңде ме?
-Түлкі інге тығылды. Құйрығы інге сыймай,далада қалып қойды. Иттер оны құйрығынан суырып алып шықты.
Міне,біз ертегіні есімізге түсірдік. Біз бүгін мүсіндеу жұмысын шағын топтармен орындаймыз.Бір-біріңмен келісіп,кім қандай жануарды мүсіндейтінін анықтап алыңдар
( түлкі,қоян, қасқыр,аю,ит)
-Үстелде түрлі түсті ермексаздар тұр, алдарыңдағы үлестірмелі материалда ертегі көрінісі суреттелген.
-Біз ненің қай үйде тұратынын қалай білеміз?
-Жануарлар денесін бірнеше бөлшектен біріктіру тәсілімен жасаймыз. Дене бөліктерін атаңдаршы.
-Содан соң ұсақ бөлшектермен толықтырамыз (көз,құлақ,мұрын, т.б)
Педагог тақтаға жұмыстың орындалу реті көрсетілген плакатты іледі.
Педагог ойын түрінде жануарлардың қозғалысын берудің мүмкіндіктерін көрсетеді: түлкінің құйрығын көтереді, түсіреді, аяқтарын қозғалысқа келтіреді, басын төмен түсіреді немесе көтереді, құлақтарын жылмитып, қулығын көрсетеді.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, шәркей-лапти.
Педагог балалардың бір-бірін тыңдап бірге жақсы мүсіндер жасағанын айтып мадақтайды.
Балалар ертегіні естеріне түсіріп, ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды: шәркей.
Тақтаға ілінген иллюстрация бойынша жауап береді.
-Алдымен түлкі шәркей тауып алады.
-Түлкі қу аң ретінде сипаттайды.
-Ол қояннан үйіне түнеп шығуды сұрайды да,өзі түнде шәркейді лақтырып жіберіп,ұйықтауға жатады.
-Ол қасқырдың оның сүйікті қозысын сұрады.
-Содан соң түлкі бұзауы бар аюдың үйшігіне келді.Түнде ол қойды орманға тығып қойып, таңертең орнына бұзауды беруді сұрайды.
-Содан соң оның артынан иттер қуды. Ол қорыққанынан жолда тауықты да, қозыны да, бұзауды да қалдырып кетті.
Балалар топтарға бөлініп отырады.Кім нені мүсіндейтіндіктерін келіседі.
-Үйдің алдында әтеш,қозы, бұзау бейнеленген.
-Денесі, басы,
аяқтары,құйрығы
құлағы.
Балалар қажетті материалды таңдайды, өзіне бөлінген жұмысты мүсіндеп,үлестірмелі материалдағы панноға тиісті орнына қояды.
Қайталайды: түлкі-лиса, шәркей-лапти.
Балалар мүсіндеу жұмысын аяқтағаннан кейін,мүсіндерін қолдарына ұстап, ертегіні сахналап көрсетеді.
Балалар ұжымдық жұмысты қарау кезінде өздеріне ерекше ұнаған кейіпкерлерді атап көрсетеді,бір-бірінің жұмысын, сахналық көріністерін бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: 5-6 бөліктен тұратын,пішіні және көлемі бойынша әртүрлі орман жануарларын мүсіндейді.
Түсінеді: ұжымда жұмыс істей алуды.
Қолданады: мүсіндеу тәсілдерін, оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыл