?аза? ?дебиетінен ?ыс?а мерзімді жоспар Балаларды о?у?а ша?ыру


Сыныбы: 5«В» Пәні: Қазақ әдебиеті Күні: 13 .02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларды оқуға шақыру»
Сабақтың мақсаты: Өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беріп, өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: Жазушы туралы білімдерін толықтыруға жағдай жасау;
Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Өлеңнің мазмұны мен идеясын толық түсінуіне ықпал ету;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы білімдерін толықтырып, еркін сөйлеп, өз белсенділіктерін танытып, өлеңді жан-жақты талдайды, оның негізгі идеясын түсінеді
Керекті жабдықтар: Суреттер, қима қағаздар, интербелсенді тақта
Сабақ барысы
І. Психологиялық ахуал.
Амандасу.
Оқушыларды топқа бөлу
(мақал-мәтел немесе жаңылтпаш айту бойынша екі топқа бөлінді) 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру «Қыс» өлеңі жатқа сұралды, топтар өлең бойынша бір-біріне сұрақтар қойды 8 минут
Кіріспе Топта рөлдерді бөлу 1 минут
Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ: Тұсаукесер арқылы түсіндіру 5 минут
Миға шабуыл: 1-топ Жазушы туралы білімдерін топтастыру
2-топ Хронологиялық кесте жасау 5 минут
Өлеңмен жұмыс:
«Балаларды оқуға шақыру» Сөздікпен жұмыс
Түсініп оқу
Өз сөзімен баяндау 10 минут
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадағы «Қызыл өрік» бейнебаяны арқылы сергіту 2 мин
Шығармашылық жұмыс: «Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің мазмұнын ашатындай кесте, постер жасау 8 минут
Бағалау: Оқушының аты-жөні 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Жалпы ұпай Баға
3 минут
Кері байланыс: Таратылған қима қағаздарға тілектерін, сұрақтарын жазу 2 минут
Үй тапсырмасы:
Өлеңді жаттау 1 минут