Урок по казахскому языку для классов с русским языком обучения. Лексическая тема урока: Казактын дастарканы, грамматическая тема Есiмше.
Қазақ тілі 10-сынып 25.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны. Есімше
Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой - қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есімшелердің түрлерін меңгеріп, шақтарын ажырата білу.
Сабақтың түрі: Саяхат – сабағы.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, әзірленген дастарқан, карта, карточкалар, бағалау парақтары
Сабақтың барысы.
№ Сабақ кезеңдері Болып жатқан жұмыстар уақыты
І Ұйымдастыру кезеңі 1) амандасу; 2) сабақтың мақсатымен таныстыру. 1-2 мин
ІІ Жаңа сабақ Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі сабағымыз – саяхат сабағы. Білгенімізді ортаға салуымыз керек. Саяхатты белгіленген бір жерден бастаймыз. Қолдарыңызда саяхаттың картасы болады. Міндетіміз – сабақтың соңына дейін соңғы аялдамаға жетіп, дастарқанын әзірлеп, қонақтарды дұрыс қарсы алып, жақсы шығарып салу.
Сонымен, сендердің алдарыңда саяхат бағдарының картасы жатыр. Оның ішінде аялдамалардың аттары жазылған. (әр аялдамада сендерді түрлі тапсырмалар күтіп тұр. Дұрыс орындағаннан кейін ғана келесі аялдамаға көше аласыңдар). Ал, енді көп созбай бастайық. 3 минут
ІІІ 1 аялдама. «Лото» ойыны. (берілген сөйлемдерді аяқтау). Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары; сүт тағамдары; нан тағамдары. Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет. Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар: қуырдақ, қазы, шұжық, жая. Нан тағамдары: бауырсақ, жалпақ нан, таба нан, самса, бәліш. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, құрт, ірімшік, сарымай, қаймақ, сүзбе.
(тақтада суреттер көрсетіледі)
● Сүт тағамдары
● Нан тағамдары
● Ет тағамдары 5 минут
І\/ 2 аялдама. «Мәтінмен жұмыс» а) оқу; ә) сұрақ құрастыру Қазақтың дастарқаны
Қазақ халқы «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаған. Қонақжай, бауырмал халық дастарқанына ерекше мән берген. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған. Сыйлы қонаққа ет асқан.
Қазақ дастарқанының сәні мен мәні – құрт пен май, бауырсақ, ірімшік пен жент, қымыз бен шұбат. Қазақтың дастарқаны кімді де таңғалдыратыны анық.
Қазақтың дастарқаны олардың кеңпейілдігін, жомарттығын, қонақжайлығын көрсетеді. 7 минут
\/ 3 аялдама. «Есімше». (Берілген етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар). Ауыспалы шақ есімше ---- Өткен шақ есімше ------ Мақсатты келер шақ есімше
Бар... атын - ған - мақ
Жүр... – етін - ген - мек
Көр ... – етін - ген - мек
Ойна...-йтын - ған - мақ
Пісір... –етін - ген - мек
Арна... –йтын - ған - мақ
Іш.... – етін - кен - пек
Үрле... – йтін - ген - мек
Тұзда... – йтын - ған - мақ 5 минут
\/І 4 аялдама. «Монолог» (білген мәтіндерді айтып шығу). 4-5 минут
\/ІІ 5 аялдама. «Сөз тіркесі» Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп жазыңдар.
Сын есімдер: Жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, қою, майлы, қатты, дәмді, сүт қатқан.
Зат есімдер: ет, нан, тамақ, қамыр, сорпа, шай, қазы, шұжық, шелпек. 3-4 минут
\/ІІІ 6 аялдама. «Дастарқан» 1.шақыру қағазын тарату;
2.шайын құйған кезде, түсіндіріп отыру, қонақтарға шайды ұсыну, ішкізу;
3. «Қонақ сыбағасы» әңгімені айтып беру;
4.Қонақтар үшін бір әнді орындау;
5.Қонақтардан ( қазақтың «ауылдың алтыауызы» дәстүрі бойынша өлеңдді айтуды ұсыну;
6.Қонақтардан бата сұрау;
7.Қонақттарға «қонақ кәдесін» беру. 8 минут
ІХ 7 аялдама «Мақал-мәтелдер» Дастарқанға байланысты мақал-мәтелдерді айтып шығу. 3 минут
Х Үй тапсырмасын беру Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу. Есімшелерді анықтау.
К.. ңілін ақтарып сап,
Ашы..(л)ған мақтаға ..(ұ) қсап.
Даланы...(ң) маржаны ма,Шашылған ақ бау...(ы) рсақ.
Ей, менің ас..(қ) ар тауым -
Қазақы дастар..(қ) аным!
Өзі..(ң) сін ырыс, қуат..(ы) м,
Ба..(қ) ытым, бастауларым! 1 минут
ХІ Бағалау Бағалау парақтарына қойылған бағалар бойынша қорытынды бағаны шығару. 2 минут
Сабаққа анализ жасау:_________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________