Саба?тан тыс ж?мыс: С?з мерген
Сөз мерген
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау. Тіл көркемдігінде көне сөздерді қолдануын арттыру. Ұлттық тіліміздің шеберлігін және байлығын көрсету. Адамзат дамуына тағылым терең тәрбие қалыптастыру.
1-Жүргізуші: Армысыз жиылған жұрт, барша халқым,
Армысыз көрерменім, жүрегі алтын.
Сәлем сөздің анасы деген сөз бар,
Сәлем бердім ардақтап ата салтын.
2-Жүргізуші: Бүгінгі «Сөз мерген» атты жекелеме сайысына қошкелдіңіздер. Бүгінгі
сайысымызға қатысатын қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1) Бастауыш сыныптың мұғалімі: Қасаболатова Айнұр Берікқұлқызы
2) Сызу және бөйнелеу өнерінің мұғалімі: Шымырбаева Линара Серғазықызы
3) Химия пәнінің мұғалімі: Жұмагельдина Толқын Тілеуханқызы.
1-Жүргізуші: Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:
1) Жүйрік болсаң, шауып көр.
2) Тапқыр болсаң, тауып көр.
3) Ойлы болсаң, озып көр.
2-Жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па.
Қазылар алқасымен таныстыру:
1) _____________________________________________
2) _____________________________________________
3) _____________________________________________
1-Жүргізуші: Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркемде
кестелі тілдердің бірі екені бәріне аян. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойнау ерекшелігі –
дүниені көркем образбен қабылдауында.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз
таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Келесі «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңін
бастайық. \кезеңде қалай сайысатыны жайлы түсіндіріп кету\
Асығы алшысынан түсті – жолы болды
Асық - түсті
Жатыр
Лақтыр
ұста
Төбесі көкке жетті – қатты қуанды
Төбе - көкке
Аспанға
Жерге
суға
Екі көзі төрт болды – ұзақ күтті
Көз - төрт
Алты
Бес
екі
Тонның ішкі бауындай - жақын, тату
Тон - бау
Жіп
Ине
бұл
Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану
Жер – қоян
Барыс
Тышқан
Сиыр
Қой ауызынан шөп алмау - момын
Қой - су
Шөп
Жем
Жымық
Бет – аузына бес ит тойғандай - нас, лас, кір
Бет - құлақ
Көз
Ауыз
Қол
Қабағынан қар жауғандай - ашулы
Қабақ - жаңбыр
Қар
Жел
Су
Тайға таңба басқандай - анық
Тай - ең
Таңба
Із
Белгі
2-Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз кезегі. Қай сайыскердің ұпайы төмен болса, сол
сайыскермен қоштасамыз.
Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы - мақалдар мен мәтел
сөздер. Бұл қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара,
жаңғыра беретін байлық. Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі –
мақал келесі турдың мазмұны дей келе келесі «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңін бастауға
рұқсат етіңіздер. \кезеңде қалай сайысатыны жайлы түсіндіріп кету\
Тіл – буынсыз, 2. Ауруда – шаншу жаман,
Ой – түпсіз. Сөзде қаңқу жаман.
Тіл - ой Ауру - сөз
Ақыл әріп
Мінез дыбыс
Әдеп дерт
3. Жеті жұрттың тілін біл, 4. Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа
Жеті түрлі білім біл
Жеті - ел Алты - ата
Жұрт апа
Халық әке
Адам ана
5. Тал – жүйрігі азаптаң құтқарады, 6. Сөйлемесе - кесек,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады. Сөйлесе - есек
Тал - азап Сөйлемесе - тышқан
Күлкі есек
Алуан маймыл
Арам жылан
7. Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді.
Тіл - тиын
Ақы
Ақша
Карточка
1-Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз кезегі.
Қазақта «Алты жыл ашболсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Соңғы
сайыстың мазмұны - ата-баба дәстүрі мен салты, жөн-жоралғысы.
Сендерге артар міндет көп,
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі бар бір мектеп, -
дей отырып келесі «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңін бастаймыз.
Енші - салық
Мал-мүлік
Ыдыс-аяқ
Киім-кешек.
Енші: Балалары ер жетіп, жеке үй болғанда, ата-анасы оған отау тігіп, дүние – мүлік, мал береді.
Қасаба - киім – кешек
Тағам
Аспап
Ыдыс-аяқ
Қасаба: қымбат матадан тігілген қыздардың бас киімі.
Зымырауық - ойыншық
Саз аспап
Алқа
Белбеу
Зымырауық: ортан жіліктің жұмыр басын ортасынан тесіп, ағаш өткізген балалар ойыншығы.
2-Жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша көрермендерге кезек берсек.
Екі адам ортаға шықсың. Қаншалықты ырым-тыйымдарды білетініне көз жеткізейік. Кезекпен ырым-тыйымды айтып жарысады.
1-Жүргізуші: Мектеп директоры Ж. М. Мадымовқа сөз беріледі.
Қазылар алқасына сөзберіледі.
2-Жүргізуші: Ғасырлар бабаң жиғанын
Шашылтып алма, жан балам!
Ана тілі – арың, иманың,
Айрылсаң берер кім саған?!
1-Жүргізуші: Кіршіксіз ардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат!
Ұрпақтар! Атар ақ таңдар
Аманат, саған аманат!
Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды, келгендеріңізге көп-көп рахмет. Амандықта жүздесейік.