Открытый урок 1 ?ырк?йек — Білім к?ні
Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Слайд 1
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (слайдпен)Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд – суреттер.Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі:а) Оқушылармен амандасу, қатысымын тексеру.ә) Оқушылардың назарын сабақ ырғағына аудару.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты.Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт - дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?
Елбасшымыз,Президентіміз кім?
Біз қандай рәміздерді білеміз?
Слайд2 Елтаңба,Ту,Әнұран
Тақпақтар:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Отан сенің ата-анаң,
Отан –досың,бауырың.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Слайд 3:
Оте жақсы,біздің еліміздің табиғаты өте әсем,жері кең.Мысалы: біздің жердің кеңдігі соншама,франциядай жеті мемлекттің жері бар.ал оны көркейтетін және сақтайтын сіздер және біз!
Слайд4:
Біздің еліміз-көптілді ел.олардың түрі мен тілі,діні бөлек болса да,тілегі.құқығы мен парызы бідей.Біз жақсы білім алсақ,елді қорғайтын ер,дамыған ғалым боламыз!
Слайд5:
Әр мемлекеттің мақтанышы –өзінің астанасы.Ал сол бас қалада халықтың мақтаныш тұтатын, сүйікті де,сұлу да, және бір таңқалатындай ерекшелігі бар танымал ғимараттары,ескерткіштері немесе тарихта белгіленген жерлері бар.
Астана
Астана әйбат қала,
Келесің айбаттана.
Еліме тірек болып,
Тұр соғып жүрек болып.
Слайд6
Көкшетау қаласы 1824 ж.құрылған.Қала статусы 1862 ж. берілді.Жер аумағы 40 кв.км.Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.биылғы жылы біздің қаламыз 190 жылдығын тойлайды екен.
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,Болашақтың қасиетті көзіміз.Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.