Мен ?андаймын, мен сондаймын! бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан


«Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Тренинг тақырыбы: «Мен қадаймын, мен сондаймын?» (бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг)
Мақсаты: Оқушылардын өз-өзіне деген сүйіспеншілігін,басқаларға деген қайырымдылық сезімін арттыру.
Тренинг барысы: І. Топпен танысу
1.«Айна» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың топпен жүйелі жұмыс істеуге және шешім қабылдауға үйрену.
Топ бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа тұрады (егер қатысушылардың саны тақ болса, жаттықтырушы да қатысады). Бірінші саптағы қатысушылар кез келген қозғалыстар мен қимылдарды жасайды, ым-ишарасы мен дене қалпын өзгертеді, ал екінші саптағы қатысушылар, айна сияқты, өз жұбының соңынан барлық ауызша емес көріністерді қайталайды. Ойын 2-3 минутқа созылады, содан соң топтар рольдерімен алмасады.
2.«Қисық айна» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне деген қарым қатынасты жақсарту және бірлесіп жұмыс жасау.
Бірінші сап кез келген қозғалыстарды жасайды, бірақ қозғалыстар дискретті, яғни, олардың арасында кідірістер болуы тиіс. Айна (екінші сап) бір қозғалысқа қалыс қалып, қозғалыстарды қайталай бастайды. Мысалы, адам қолын көтереді, бір секунд кідіріс болады, содан соң екінші қолын көтереді, айна алдыңғы қозғалысты жасайды, яғни, бір қадамға қалыс жүреді. 2-3 минуттан кейін саптар рольдерімен алмасады.
4.«Қолтырауын»
Бұл ойынды, егер сізге ахуалды аздап бәсеңсіту қажет болып көрінсе, күннің ортасында да, әңгіме ауызша емес мінез-құлық туралы болып отырғанда да ойнауға болады.
Нұсқаулық. Топ екі бөлікке бөлінеді. Әрбір шағын топ бейнелеп көрсету қиын болатын сөздерді ойлап табады. Содан соң екінші шағын топтың өкілін шақырады да, оның құлағына осы сөзді айтады, ол оны өз тобына көрсетуі тиіс. Әріптер бойынша көрсетуге болмайды, сөздің мағынасын бейнелеп көрсету керек. Бәрі белсенді түрде сұрақтар қоя алады. Топтар кезекпен жұмыс істейді.
Ойынды уақыттан шектеуге болады, мысалы, көрсетуге екі минут беріледі. Сондай-ақ топтар арасында есеп жүргізуге болады. Әдетте осы арқылы жарыс мезеті енгізіледі. Бұл жаттығудың эмоционалдылығын арттыра алады, және бүкіл ойын анағұрлым көңілдірек өтеді. Кейбір топтарда қатысушылардың жарысқа бағдарланатындықтары соншалықты, жаттықтырушы айтпастан-ақ өздері есеп жүргізеді.
Егер уақыт болса, әрқайсысының көрсетуші ролінде болып көргені дұрыс. Өте күлкілі жағдайлар болады. Бір топта «құйыршық» сөзін көрсеткені есімде. Өте күлкілі болды, топ осы мезетті ұзақ уақыт бойы есіне алып жүрді.
Сөздерді емес, мысалы, мәтелдерді жасыруға болады. Бірақ мәтелдермен жаманырақ, өйткені егер олар аса белгілі болмаса, шеше алмайсың, ал егер белгілі болса, бірден шешуге болады.
5.«Мүгедектер үйі»
Топ үштіктерге бөлінеді және үштіктегі әрбір адамға роль беріледі: біріншісі – «мылқау және соқыр», екіншісі – «сал және керең», үшіншісі – «керең және мылқау». Барлық топтарға алдымен бірдей нәрсе айтылады: оларға тапсырманың нұсқасы ұсынылғаннан кейін олар бәрін қалай орындайтындықтарын келісіп, содан кейін бұны басқаларға айтып берулері тиіс. Содан соң әрбір топқа жеке-жеке жағдай ұсынылады. Бірінші топқа – сіздер теңізге демалуға барасыздар, қалай баратындарыңызды, қалай күнге қыздырынатындықтарыңызды, шомылатындықтарыңызды және т.б. келісулеріңіз қажет. Екінші топқа – сіздер саяжайға картоп қазуға барасыздар. Үшінші топқа – орманға саңырауқұлақ теруге немесе туған күнге және т.б. Соқырлар көздерін жұмады, кереңдер естімейтін кейіп танытады, салдар қолдарын қозғамайды. Содан соң, келісіп алғаннан кейін, әрбір топ осыны барлығына бет-әлпеттерімен көрсетеді.
Ойын өте көңілді өтеді, бірақ ең бастысы, оның мысалында ақпараттың кейбір арналары бұзылған кезде не болатынын, қатысушыларға келісудің қаншалықты жеңіл немесе ауыр болғандығын, олардың үштікте бір-бірін қаншалықты толықтырғандықтарын талқылауға болады.
Кері байланыс орнату.