Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан ?нші балапан бай?ауы
Нағарашы орта мектебі
(1-4 сынып оқушыларына арналған байқаудың жоспары)
Ұйымдастырушы: Беделбекова Қ.Қ.
2014-2015 оқу жылы
Әнші балапан
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, ұстаздар және оқушылар . Бүгінгі өткізгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер!Жүргізуші:Көңілдері марқайып бір қалсыншыӨнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
Бүгінгі байқауымызға келіп отырған
Аруларымызға құтты қадам болсыншыОлай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
Сайысқа қатысушы сыныптарымызды ортаға шақырамыз
Жүргізуші: Армысыздар әділқазы әз жандар,
Өнерлерін әділ ғып бағалаңыздар-деп бүгінгі күзгі балға қатысушы сыныптардың жетістігіне ортамызда отырған әділ-қазылар алқасы баға береді. Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік
Мектеп психологі Кәдірбаева З.Қ.
Музыка пәнінің мұғалімі Жұматаева Қ.О.
Ұлдар жұмысының жетекшісі Райымбеков Ә.
Қыздар жұмысының жетекшісі Мейірманова Ж.Н.
Сахнада ән сап жүредіАқниетті бәрі біледіҚазіргі бізге тартуыӘсем ән «Анашым» қарсы алыңыздар.
Бал дәуренім тәтті балдайОтаным менің әсем қандайЕркін елім еркелеткенМен қызымын жазық маңдай дей келе ортаға Аружан қызымызды «Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар.
Мұңға батқан жүректі ән оятарТәтті үннің әсері жан оятарЖанға қуат жүрекке шаттық сыйлапЖас балаша көңілді жадыратар
Келесі кезекте ән шырқайтын Нәзерке «Бал дәурен» әнімен.
Ертең-ақ мен ержетіпӘнші ағадай боламынҮлгі тұтып жақсыныМенде әнге саламынДей келе Аруды «Ақ мамам » әнімен қарсы алыңыздар.
Орындап ата-ана өсиетінБаламын жасы үлкенге бас иетінПаш етем ер жеткен соң бар әлемгеЖаңарған нағыз қазақ қасиетін деп ортаға Арманды «Отаным» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.Ендеше осы өнер қайдан шығады.Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек деп ойлайтын Толғанайды« Асыл әжем» әнімен қарсы алыңыздар.
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасынШаршағанда жаныма өзің ғана дауасыңЖас дәуірдің түлегімізАна деп соққан жүрегімізӘрқашанда аман бол,Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға Маликаны « Ана » әнімен қарсы алыңыздар.
Достық, достық жасасыншы мәңгілікДостықты жүрейік тек ән қылыпТатулық пен достық біздің ОтандыЖарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада Жасұлан «Жан досым» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Өз елім өлеңім, де өнерім де Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде Еліме арнап бар ғұмырымды Шаттанып жүрейін тек өз елімде дей келе бүгінгі «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын
шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыны айтып марапаттап,сыйлықтар үлестірді.
Осымен бүгінгі байқауымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар.