Ж?мба?тар еліне саяхат.


Жұмбақтар еліне саяхат.Сабақтың мақсаты: Балаларға жұмбақтар туралы білім беру. Сөздік қорын байытып , жұмбақты нақты етіп айта білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көріністері , жан – жануарлар, жеміс- жидектер, көкөністер бейнелері, әртүрлі суреттер.Сабақтың әдісі: Түсіндіру , айту, көрсету, жұмбақ жасыру .Сабақтың барысы: Тәрбиеші сабақты жұмбақтар еліне саяхаттан бастайды.Балалар , бүгін біз «Жұмбақтар еліне» саяхатқа барамыз. Жұмбақбай атамыздың бізге дайындаған жұмбақтарын шешіп берсек, Жұмбақбай ата бізді өзінің еліне жібереді. Балалар ,біз қазір екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ- «Айгөлек» , ал екінші топ – « Раушан» . Әрбір топқа Жұмбақбай ата әртүрлі жұмбақ түрлерін жіберіпті. Ал, енді атаның бізге жіберген сиқырлы сандығын ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар. Мен сендерге қандай жұмбақ жазылғанын оқып беремін. Жауабын айтуға дайын отырыңдар. Ал енді балалар бізге жіберілген мына сиқырлы сандықшаны ашып көрейік. Екі топта мұқият тыңдап отырыңдар. «Раушан» тобына : Жұмысқа, сабаққа , Шақырып , тамаққа, Тақылдап соғады, Хабаршы болады.( сағат ). Бұл не балалар ? ( балалардың жауабы) «Айгөлек» тобына: Сыртылдайды күнімен, Сыртылдайды түнімен.Білгің келсе мезгілді,Көрсетеді тілімен.( сағат)Бұл не балалар ? ( балалардың жауабы) -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер суретке қарап жалғастырасыңдар.«Раушан» тобына : Табаны бейне алақан,Мынау қандай...........( балапан) Әткеншек тебу қиынба, Кіп- кішкене............(тиінге) «Айгөлек» тобына: Итпен бірге таласып,Табаққа қонып тоймайды,Білесіңбе , қане айта ғойТанисыңба................( торғайды)Тебен ине – бір түріТанисыңба ............(кірпіні)Сабақтың келесі бөлімінде балаларға дидактикалық ойын ойнатылады. « Үйдің есігін тап», « Лото », « Пішініндерден зат құра» Сабақ соңында көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Жеңген топқа силық тапсырылып , тәрбиеші сабақты қорытындылайды.