Тілдер онк?ндігіне байланысты есеп


«Макинск №5 орта мектебі» КММ
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер
онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар туралы
Ақпарат
Макинск №5 орта мектебінде 7-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – елімнің ертеңі» атты тілдер онкүндігі өтті. Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. 9-қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанатына орай мектеп директоры М.И.Хамзин тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатынын айтып, Қазақстан Республикасы халқының тілдер күнімен құттықтады. Орыс тілінің мұғалімі Г.Т.Садыханова «Тіл- елімнің ертеңі» атты әдеби кеш өткізді. Оқушылар тілге деген сүйіспеншіліктерін ән мен жырмен жеткізді.

Аудандық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Насретхан Лаура «Мәңгілік еліміздің – Мәңгілік тілі» тақырыбында 9-10-сынып оқушылары арсында мектепішілік шығармалар байқауын өткізіп, ең таңдаулы алты оқушының шығармасы аудандық шығармалар байқауына жіберді.

11-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Муса Маржангул мен Насретхан Лаура Жамбылдың 170 жылдығына арналған «Жыр дүлділі Жамбыл» атты әдеби кеш өткізілді.11-сынып оқушылары Жамбылдың шығармасы және өлеңдері туралы өткір ойлар, құнды пікірлер айтты.


Ағылшын тілі мұғалімі Н.М.Салимжанова 9 «А»,9 «Б» сынып оқушылары арасында «Lets speak English» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара жүргізді. Әртүрлі тапсырмалар берді. Ағылшын тілінде оқушылар өз ойларын толық айтты. Өздерінің жылдамдықтарымен,өнерлерімен, білімдерімен 9 «А» жеңіске жетті.


Ағылшын тілі мұғлімі А.Титибаева 7 «А»,7«Б»сыныптар арасында «Үш тұғырлы тіл- жарқын болашақ кепілі» атты интеллектуалдық сайыс өткізді.Әртүрлі сұрақ- жауаптар, ойындар өтілді. Оқушылар тапсырма жауаптары мен ойындарды ағылшын, орыс тіліне,қазақ тілінде айтты.


Нәтижесінде 7«А» сыныбы жеңіске жетті.Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі салтанатты түрде жабылды. Шығарма жазған оқушылар мен сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: Насретхан Лаура