Орта??ы топ?а арнал?ан технологиялы? карта Дене м?шелері


Ортаңғы тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Дене мүшелері»
Мақсаты: Дене мүшелерінің атауларымен таныстыру; сөздерді анық айтуға жаттықтыру. «Мынау не?» деген сұраққа жауап беру. «Ұ», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Сөздік қоры: бас, көз, құлақ, шаш,бет, қол, аяқ, дене, мұрын.

Тәсілдер
кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы - Сәлемдесу.
Мұғалім балаларға қағазға салынған дөңгелекті көрсетеді. Бұл неге ұқсайды, бұл не? - деп сұрайды.
Мұғалім дөңгелекке көз, шаш, құлақ салады.
-Енді не болды? Балалар: шар, дөңгелек, доп т.б
-Бас.
Іздену - ұйымдастырушы Компьютерге назар аударып суреттерді көрсетіп, дене мүшелерімен таныстырады.
(электрондық оқулық).
«Дұрыс көрсет?» ойыны. Мұғалім дене мүшелердің атауын атайды
Сергіту сәті:
Орныңнан тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Орныңа отыршы.
Балалармен дене мүшелері туралы сурет арқылы әңгімелесу.
Ойын: «Мынау не?» Қуыршақтың дене мүшелерін атауды сұрайды.
-Мынау не?
-Мынау бас.
-Мынау не?
-Мынау көз. т.б.
Дыбыстық жаттығу:
Лақ-лақ-лақ –
Мынау құлақ.
Рын-рын-рын –
Мынау мұрын.
Жаттау:
-Көз не істейді?
-Көз көреді.
-Құлақ не істейді?
-Құлақ естиді. Балалар жаңа сөздерді суреттен көріп, оларды қайталап,жаңа сөздермен танысады,
Балалар мұқият тыңдап оларды көрсетеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар «Мынау не?» деген сұрақты түсініп, қуыршақтың дене мүшелерін дұрыс атайды.
«Қ», «Ұ» дыбыстарын дұрыс айтуға үйренеді.
Балалар сұрақ-жауапты қайталап отырып, жаттайды.
Рефлексифті - коррекциялаушы Ойын: «Кім дұрыс айтады?»
Балалар өз дене мүшелерін көрсетіп, айтады. Біріншіден бүкіл топпен, сосын жалғыз бала шығып көрсетеді. Балалар ойын арқылы дене мүшелерін атап, қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Дене мүшелерінің атауларын.
Түсінеді: Дене мүшелері туралы түсінік, «Ұ», «Қ» дыбыстарын дұрыс айтады.
Қолданады: «Мынау не?» деген сұраққа жауап беруді.