Орта??ы топ?а арнал?ан технологиялы? карта Отбасы
Ортаңғы тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Өткен сөздерді бекіту; балалардың жынысын ажырата білуге үйрету; «Мынау кім?» деген сұраққа жауап беру; «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігін үйрету; фотосурет арқылы отбасы туралы әңгіме құрастыруды үйрету.
Сөздік қоры: әпке, аға, ұл, қыз, бала.
Тәсілдер
Кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы - Сәлемдесу.
Ән
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман! Балалар шеңбер құрып, өлеңді тыңдап, қимылмен жасайды.
Іздену – ұйымдастырушы Фотосурет көрмесі.
«Ұл бала, қыз бала» ойыны
Ұл бала
Қыз бала
Мынау кім?деп мұғалім әр баланың басынан сыйпайды.
Сергіту сәті:
Бас бармақ – атам,
Балан үйрек - әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек - мен,
Бұл менің отбасым.
Дыбыстық жаттығу:
Ға-ға-ға
Мынау үлкен аға.
Ға-ға-ға
Мынау тамаша ағай. Әр бала өзінің отбасы фотосуреті бойынша әңгіме құрап айтады.
Балалар ұл бала дегенде
Ұлдар орындарынан тұрады,қыз бала дегенде қыздар тұрады.
Балалар атайды: «Ұл немесе қыз»- деп.
Балалар саусақтарын атап,
санамақты естеріне сақтайды.
«Ғ» дыбысын дұрыс айтуға үйренеді.
Рефлексифті - коррекциялаушы «Отбасы» ойыны
Мұғалім отбасы ол, деп сөздерді айтады.
Отбасы ол -әке, ана.
Отбасы ол- есік, терезе. Балалар дұрыс мұғалімнің айтқаны дұрыс болса болса
Шапалақтайды, бұрыс болса аяқтарымен тыпылдатады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Отбасы мүшелерінің атауларын.
Түсінеді: Балаларды жынысын ажырата білуді.
Қолданады: Фотосурет арқылы өз отбасы туралы әңгіме құрастыруды ; «Ғ» дыбысын дұрыс айтуды;санамақты саусақтар арқылы айта білуді.