Технологиялы? карта Та?ырыбы: ?лкен- кіші с?біздер


Ортаңғы «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Күні : 29.09. 2016 ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет.
Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіздер.
Мақсаты:
Білімділік : Сәбіздің суретін сала білуге үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қол икемділігін арттыру. Су бояумен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:Сурет салуда батыл қимылқозғалыс жасай білуге,жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар : сәбіздің суреті.
Қажетті құрал –жабдықтар: сурет дәптері, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш. Сөздік жұмыс : сәбіз, сабақ.
Қостілділік компонент : Сәбіз – морковь, қоянзаяц
Оқу қызметінің
кезендері Тәрбиешінің
қызметі Балалардың
қызметі
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі бізге нелер сыйлайды?
Шеңберге тұрып , өлең жолдарын айтады.
-Күз мезгілі.
- Жемістер, көкөністер сыйлайды.
Іздену-құрастырушы
Тәрбиеші сурет бойынша жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.
Қоянның қолында не бар ?
Педагогсалыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т,б жұмыстарды жүргізеді.
Сәбіз қанша түстен тұрады?
Бүгін бізге қонаққа екі әдемі қоян келді. Біреу – үлкен қоян, екіншісі – кішкентай қоябн.
-Олардың сүйікті асы қандай көкөніс екен?
.Сергіту сәті :
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлықырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді.
Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызықпен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір- біріне қосамыз. Сәбіздің үш жағы жіңішке, бас жағыжуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз.
Сәбіз суретін қызғылт сары түспен
Бояймыз. Ал кішкентай сібізді де діл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге
Қарағанда кішілеу болады. Қостілділік компонент : Сәбіз – морковь, қоянзаяц
Күз мезгілі жеміс жидек, көкөністер байлығын береді.
Екі түстен тұрады.
Балалар сәлемдеседі.
-Сәбіз.
Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.
Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай.
Балалар толық жауап береді.
Жасыл түспен сабағын бояймын. Сәбізіміз дайын болады.
Балалар сөздерді қайталады.
Рефлексивті-
коррекциялаушы
Тәрбиеші балалардың суретті жақсысалғандарын, қоянның қуаны, алғысын алғысын білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді.
Оқу қызметін сұрақ –жауап арқылы қорта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтапмадақтайды.
Не салғандарын әңгімелейді.
Мен алмұрт салдым, ол сопақшаға ұқсайды т. б..

Күтілетін нәтиже:
Біледі : сәбіздің суретін салуды.
Игереді : бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Меңгереді : пішіндерден бейне жасауды