ІІ кіші тобына арнал?ан дене шыны?тырудан технологиялы? карталары


ІІ кіші тобына арналған дене шынықтырудан технологиялық карталары № 1, №2
Білім беру саласы: «Денсаулақ». «Таным»
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Күні:
Тақырыбы: Нарғызға қонаққа барамыз.
Мақсаты: Меңгерген іскерлік, ептілік дағдырларды бекіту: шаған топпен тұру, педағогтің соңынан жүру, жүгіру. Тура жолмен жүруге үйрету. Орында тұрып қос аяқпен секіруге үйрету. Шағын топпен жүру, жүгіру кезінде қолды еркін қалыпта ұстап жүруге жаттықтыру. Педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау,белгі бойыеша тоқтау дағдыларан бекіту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ысқырық.
Іс-әрекет
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті + -
Мотивациялық
- қозғаушылық
«Нарғызға қонаққа барамыз». Оқу іс-әрекетінің мақсатымен таныстырады. Қонаққа қуыршақ Нарғыздың балабақшасына баратындарын хабарлайды.
- Балалар, Нарғыздың спортзалын көрейік, өзіміздің жаттығуларды қалай орындайтынымызды да көрсетейік.
Сапқа тұрғызады, сапта бірінің артынан бірі қалай жүру керектігін көрсетеді. Шағын топ құру. Жай, бірінің артынан бірі жүру, шағын топпен педагогтің соңынан ере жүру; сапта бірінің артынан бірі жүру. Шағын топ құру.
Ұйымдастыру кезеңі
Жалпы дамыту жаттығулары
Шеңбер бойы тұрғызып,
жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
Шағын топпен жүгіртеді. Орында тұрып қос аяқпен секіруді көрсетеді, яғни «Доптар» жаттығуының орындалуын түсіндіреді, көрсетеді.
«Маған қарай жүгіріңдер» қимыл-қозғалыс ойыны. Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.
Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
Ойынға жаппай қатысады. Рефлексиялық-
түзетушілік
Қорытындылау.
«Нарғызбен қоштасайық».
- Нарғыз, сау бол, біз қонаққа тағы келеміз. Қол бұлғайық.
Нарғызбен қоштасады.