Саба? жоспары Жиын. Бір-к?п. Заттарды орта? ?асиетіне ?арай топтар?а біріктіру.
Пән: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Жиын. Бір-көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.
Мақсаты: 1)Балаларды заттар тобының ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік өалыптастыру: «бір» және «бірнеше» терминдерін енгізу;
2)Дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту;
3) Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Мотивациялық-қозғаушылық
«Анамызға дастарқан жаюға көмектесейік» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз).
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-- Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық.Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністр, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.
-- Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме?
-- Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?
- Қарбыз туралы не айтуға болады?
-Қарбыз нешеу екен?
Дәптермен жұмыс:
1 тапсырманы орындау.
-Балалар, жемістерді қызыл, көкөністерді жасыл, тәттілерді көк қарындашпен қоршап сызыңдар. Барлық қызыл түсті, барлық жасыл түсті заттарды атаңдар.
2 тапсырма:
Алма, алмұртты тиісті түстермен бояу
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
3 тапсырма:
-Сол жақтағы себетке көп алманы, оң жақтағы себетке бір үлкен алманы жапсырыңдар.
Рефлексиялық – түзетушілік
-Бүгін қандай сөздер кездестірдіңдер?
-Жапсырманы қайдан табамыз?
Не үйреңдіңдер?