Внеклассное мероприятие по казахской литературе посвященное 550 летию казахского ханства Тарих белестері


Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай
сыныптан тыс сабақ
Пән: қазақ әдебиеті
Тақырып: «Тарих белестері»
Өткізу түрі: зияткерлік сайыс.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмді және өз елі Қазақстан үшін мақатныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
еліміздің ашылмаған тарихына деген оқушылардың қызығушылығын арттыру;
қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін жетілдіру;
Қазақстан тарихы және мәдениеті туралы оқушыларға қосымша мәлімет беру.
Мұғалім: Қайырлы күн құрметті оқушылар! Биыл 2015 жылы Қазақ хандығының құрылуына 550-жыл толуы аталып өтуде, бұл бірінші қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандағын құрудағы тарихи маңызы зор кезең. Қазақ хандағының құрылуымен Қазақстанның мемлекет ретіндегі бірінші тарих беттері ашылды.
Ойын реті: Қатысушыр 2 топ құрады. 1-топ: қыздар тобы, 2-топ: ер балалар тобы.
Ойынды әділ қазылар алқасы бағалайды: 1 дұрыс жауап үшін – 1 ұпай беріледі.
Бірінші сайыс – «Тарихи тұлға»
Презентациялар мен слайдтар.
Сіздердің алдарыңызда Төле би, Әйтеке би, Абылай хан және Тәуке хан портреттері.  
№1 сұрақ. Ресей шежірелерінде оны «Сібір ханзадасы» деп атады
(Абылай хан)
№2 сұрақ. «Жеті жарғының» басты авторларының бірі, рулар арасында қанды кек себебін тоқтату мақсатында, қан үшін қанмен кек алу қағидасын «әділ жаза берумен» немесе «өтеу» жазасына ауыстыруға ықпал етткен.
(Әйтеке би)
№3 сұрақ. Халық арасында тараған аңыз бойынша, жоңғар шапқыншылығы кезінде барлық халық кашып жатқанда оның жалғыз киіз үйі далада қалып қояды. Жоңғар әскерінің қолбасшысы таңғалып одан барлығы қашып жатқанда сіз қалай қорықпай қалып қойдыңыз дегенде, ақсақал киіз үйінің шаңырағының астында ұя салған қарлығаштың мазасын кетірмеу үшін қашпадым деп жауап қайырады. Ақсақалдың ақылымен даналығы таңқалдырған жоңғар қолбасшысы оны және оның барлық тайпасын аман қалдырған.
(Төле би)
№4 сұрақ. Бұл ханның билік құрған жылдары қазақ тарихында ерекше орын алады. Бұл заң үстемдігі, экономиканың және сауданың дамуның «Алтын ғасыры» болды.
(Тәуке хан)
Екінші сайыс – блиц-турнир « Көне дəуірден ...»
Слайдта сайыс атауы..
Бұл сайыстың ережесі бойынша сіздер блиц-турнирде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлердің қалыптасуы туралы айтып, қай дәстүр әңгімеленіп жатқанын анықтауларыңыз кажет. Сұрақтарға командалар лезде жауап беруі тиіс.
Ақшалай және басқада қайырымдылық - садақа
 Наурыз мерекесінде ұсынылатын дәстүрлі тағам - наурыз көжеКез келген мереке басталын ән - тойбастарДәстүр бойынша уйге қуанышты хабар әкелген кісіге үй иесі құнды сыйлық беруі тиіс, бұл дәстүр қалай аталады – сүйінші.
Бірінші рет адамды немесе жануарды көргенде беретін сыйлық - көрімдікБағалы діни тілек - бата
Той иелерінен шашылатын тәттілер - шашуҚұда түсу рәсімінен кейін күйеу жігіт жағынан төленетін ақы - қалымНаурыз көже құрамына қанша тағам кіреді – 7
Қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыра.
Үшінші сайыс - «Маңызды күндер, жылдар»
Сіздердің назарларыңызға Қазақ хандығының қалыптасыунда маңызды орын алған жылдар ұсынылған. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңызды жылдар. Топтар өздерінің таңдауы бойынша жылдарды таңдайды және сол жылдар бойынша түсінік береді.
1465- 1480 жж. – Керей мен Жәнібек билік еткен жылдар
1723- 1727 жж. –«Жоқшылық жылдары»
2 қазан 1991 ж. – бірінші ғарышкер Тохтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы 
1 желтоқсан 1991 ж. – ҚР бірінші президентінің сайлауы
10 желтоқсан 1991 ж. – Қазақ ССР атауын Қазақстан Республикасына ауыстыру
15 ноября 1993 года – ұлттық валюта теңгенің айналымға енуі
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі
6 шілде – Астана күні болып есептеледі
30 тамызя  - конституция күні болып есептеледі
16 желтоқсан  - Егемендік алған күн
Әділ қазылар алқасы алдағы үш сайыс қорытындысын шығарады.
Төртінші сайыс  «Салт-дәстүрлер»
Слайдтар.
Мәдениет салт-дәстүрсіз дами алмайды. Сіздер берілген тапсырмалар бойынша дәстүрдің орындауын, қажеттілігін анықтайсыздар.
№1 сұрақ.
Қазақ халқының салты бойынша бала туылғанда 40 күнге дейін нәресетені ешкімге көрсетпейді. 40 күн өткен соң нәрестені шомылдырып бесік дайындайды. Бесікке салу салтын өткізеді. Нәресте жылы суға шомылдырылады.
Нәрестені аурудан қорғау үшін, шомылдырғанда суға не қосылады? (тұз).
№2 сұрақ. Қазақстанның оңтүстігінде Наурыз мерекесін тойлау ал қызыл гүлді мадақтаумен толықтырылады. Бұл салт қай гүлге арналып жасалады (Қызғалдақ).
№3сұрақ. Қазақ халқында ұйлену той салты ерекше орын алады, орта ғасырларда қыз өзінің күйеу жігітін көрмеген, себебі оның ата-анасы қызы үшін шешім қабылдап қойған, бірақ бойжеткен өзінің келісімін білдріп, күйеу жігітке сыйлық беру керек. Ол қандай сыйлық? (орамал).
№4 сұрақ. Қуанышты мерекелерде той иелеріне тәттілер шашылады, балалар қуанып, шашылған кәмпиттерді жинайды, қазақтар осындай шашулар сәттілік әкеледі деп сенген. Бұл салт қалай аталады? (шашу).
Бесінші сай»ыс «Бұл кім немесе бұл не?»
Слайдтар
Көшпелі қазақтардың баспанасы – киіз үй
Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек
Мұсылмандар арасындағы белгілі философ, Аристотелден кейінгі «Екінші ұстаз» - Әль фараби
Бүкіл түркі халықтары діни орталық болып саналатын қала - Түркістан
Қазақтың классик сазгері, композиторы - Құрманғазы
Қазақстанның ең биік шыңы – Хан Тәңірі
50 теңгелік тиын жасалатын металл - нейзильбер
Қашқарияға ол көпес Әлімбай есімімен барып келді. Қазақ халқының арасынан шыққан Орыс географиялық қоғамының бірінші мүшесі - Ш. Уәлиханов.
Жазулары екі тілде жазылатын, дүниежізінде жалғыз валюта – теңге.
Исатай Таймановтың жақын досы . -  Махамбет Өтемісов.
Алтыншы сайыс «Тарихта аты қалған түлғалар»
Слайдтар.
Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтырының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Бірінші қазақ ғалымы – Шоқан Уәлиханов.
Белгілі ағартушы, ұстаз. Бірінші мектепті ашқан. Қазақ балалары үшін ана тілі және орыс тілі оқулықтарын жазған – Ыбырай Алтынсарин.
Оның шығармашылығы поэзияның маржаны. 100 жылға жақын өмір сүрген қазақ халық ақыны – Жамбыл Жабаев.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және ойшыл, классик, қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбаев.
Жетінші сайыс «АСТАНА»
Слайдта сайыс атауы
Астана 1997 жылы астана мәртебесіне ие болды. Содан соң астанамыз дами бастады мұнда қазіргі заман бизнес орталықтарымен қатар, астананың символына айналған ғимараттар бой көтерді.
Қазір сіздерге ұсынылатын тапсырманы бойынша, бейнелеп, сипаттау арқылы қандай ғимарат туралы айтылып жатқанын анықтау қажет.
Орта Азиядағы ең үлкен ойын-сауық орталығы. Сонымен қатар ол дүниежізіндегі шатыр тәрізді ең биік ғимарат. (Хан шатыр)
Әлемде теңдесі жоқ, ерекше құрылым. Оның биіктігі 105 метр, салмағы мың тоннадан артады. (Бәйтерек)
2006 жылы Астанада ерекше ғимараттың құрылысы аяқталды,
Жоғары деңгейдегі әлемдік діни өкілдерінің кездесулерін өткізуге арналған, ерекше ғимараттың құрылысы 2006 жылы аяқталды. Бұл қандай ғимарат?
(Бейбітшілік және тутулық сарайы)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу, өткенге көз салу, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз.
Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарады.
Жеңіске жеткен командалар марапатталады.