8 сынып. ашы? саба?: Ток к?ші, электр кернеуі, токты? ж?мысы мен ?уаты


Пән: физика
Сабақтың тақырыбы: Ток күші, электр кернеу, токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Ток күші, электр кернеу, токтың жұмысы мен қуаты тақырыптарын бекіту.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды ауызбіршілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, салыстыру, көрнекілік, тәжірибелік
Сабақтың көрнекілігі: слайд, карточкалар
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І Сабақты ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу
- оқушыларды түгелдеу, аудитория дайындығын тексеру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар біз физиканың Электродинамика,яғни электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейін бөлімін қарастырып жатырмыз,жалпы «электр» сөзі қайдан пайда болды?
- Ежелгі гректер янтарьды теріге ысқанда немесе жүнге үйкегенде ,ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты, астықтың сабағын өзіне тарту қасиетін аңғарған.Ал, «янтарь» - «электрон» деген грек сөзі. «Электрон» сөзінен электр деген термин шықты.
Дәптерлерін жауып қою.
А) Интерактивті тақтада оқушыларға жалпы сұрақтар қойылады:
1. Электр тогы дегеніміз не?
- Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
2. Ток күші деп нені айтады және формуласы қандай?
- Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы
3. Электр кернеуі деп нені айтады және формуласы қандай?
- Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы
4. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?
- Вольтметр. Ол тізбекке параллель қосылады.
5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?
Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал
«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау»
Ә) Тақтаға үйтапсырмасына жауап беру үшін оқушы шығады, қосымша есеп беріледі.
Есеп :
Егер амперметр 2А-ді көрсетсе, ал резисторлардың кедергілері R1=15Ом,R2=10 Ом,
R3=5Ом болса, онда тізбектегі кернеуді табыңдар Жауабы: 60 В
Б) екі оқушыға кәртішке таратылады (уақыты – 3 минут)
№1
Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау

№2
График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?

3321057429500 I,A
3320558385600 10
342900-444500678815-825500
34290013017500
200 U,B
В) Тақтаға үйтапсырмасына жауап беру үшін оқушы шығады, қосымша есеп беріледі.
Есеп :
Кедергілері 10 Ом және 15 Ом өткізгіштер паралель жалғанған. Егер электр кернеуі 60 В болатын болса, жалпы ток күші неге тең Жауабы: 10 А

Оқушыларға қосымша алма ағашында жасырылған сұрақтар беріледі:
-411480266065001.Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда:а) R = ?ә) I = ?б) U=?
Жауабы:
а) R = R1+R2+…+Rn ә) I = I1=I2=…=In б) U= U1+U2+…+Un
2.Өткізгіштерді параллель жалғағанда:а) R = ?ә) I = ?б) U=?
Жауабы:
а) 1/R = 1/R1+1/R2+…+1/Rn ә) I = I1+I2+…+In б) U= U1=U2=…=Un
3. Ом заңының маңызы ?
Жауабы :
Ом заңы берілген кернеуде ,кедергі белгілі болған жағдайда электр тізбегіндегі ток күшін анықтайды.Сол арқылы ол токтың жылулық,химиялық және магниттік әсерлерін есептеуге мүмкіндік береді.Себебі ол шамалар ток күшіне тәуелді.Ом заңы – барлық тұрақты ток электротехникасының негізі.
4.Өткізгіштің кедергісі мен меншікті кедергісі туралы не білеміз ?
Жауабы :
Өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы – кедергі.Берілген кернеуде ток күші осы шамаға тәуелді.Ом заңынан өткізгіштің кедергісін анықтауға болады:

Кедергі өткізгіштің материалына және оның геометриялық өлшемдеріне тәуелді.Ұзындығы l ,көлденең қимасының ауданы S өткізгіштің кедергісі мынаған тең :
p- өткізгіштің затына және оның күйіне ,температурасына тәуілді шама.Бұл шама өткізгіштің мешікті кедергісі д.а.Меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом*м.
5. Электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар
Жауабы :
Затта тұрақты электр тогы пайда болуы және жүріп тұруы үшін,біріншіден, еркін зарядталған бөлшектер бар болуы қажетті ,екіншіден,оларға белгілі бір бағытта әсер ететін күш қажетті.
6. Толық тізбек үшін Ом заңы
Жауабы :
Математикалық өрнегі.Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электрқозғаушы күшіне тура пропорционал,тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын кедергіге кері пропорционал.

Берілген білімнің өзектілігін айту:
Тізбектегі әр түрлі өткізгіштер бір-бірімен тізбектей немесе параллель қосылады.Бірінші жағдайда барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей,ал екінші жағдайда өткізгіштердегі кернеу бірдей,көбінесе жарықтандыру жүйесіне токтың әр түрлі тұтыну көздері параллель қосылады.

Өткізгіштерді қосуда негізгі үш параметр қолданылады,олардың өлшем бірліктері ғалымдардың есімдерімен аталады.Олай болса ғалымдардың еңбегін құрметтей білейік.


Ға Ғалымдардың
Ат аты – жөні Туған жылы Ашқан жаңалығы
1.

Георг Симон Ом 1787 – 1854 Көрнекті неміс физигі мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай – ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты
2.

Вольта Алессандро 1745 – 1827 Итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты.
3.
Ампер Андре Мари 1775 – 1836 Француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді.
ІІІ
«Токтың жұмысы мен қуаты»
222050219401700 SKIPIF 1 < 0 А=Uit
Ал енді балалар кестені толтырайық
Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Ток күші Электр кернеуі Электр кедергісі Жұмыс Жылу мөлшері Қорытынды айту және күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген электр аспаптарының қуаты көсетілген кестені көрсету.
№ Кейбір электр аспаптарының қуаты кВт
1 Шаңсорғыш 0,65
2 Электр үтігі 0,6
3 Кір жуатын машина 0,5
4 Шаш кептіргіш 0,4
5 Теледидар 0,3
6 Тоңазытқыш 0,2
7 Бейнемагнитофон 0,02
8 Электрсақалқырғыш 0,014
9 Қалта фонарының шамы 0,001

IV. Тест:
Сонымен біз токтың жұмысы мен қуатын, Джоуль-Ленц заңын, олардың өлшем бірліктері мен формулаларын қайталадық. Енді тақырып бойынша,формулаларды пайдаланып,есептер шығарайық.


Енді «Өз үйіңді адаспай тап» ойынына көңіл бөлейік:

Уақытқа байланысты «Сөзжұмбақ»ты пайдалану

сұрақтары :
Электрленуді байқауға арналған аспап
Неміс физигі
Заряд бірлігі
Жұмыс бірлігі
Заттың агрегаттық күйі
Ток бірлігі
Өткізгіш ретінде қолданамыз
3600 секунд
UIt = ?Затты құрайтын бөлшек
Вольтметр нені өлшейді ?
Джоуль мен ... заңы
UI=?
Бу машинасын ойлап тапқан физик
Кулон ненің өлшем бірлігі ?
Янтарь грек тілінен аударғанда ...
Токтың жұмысы не бөліп шығарады ?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Есептер
№110
10В кернеуге есептеген электр шамының қуаты 25 Вт.Шамның кедергісін және ток күшін тап ?
№111
Кедергісі 1Ом өткізгіштен 15с уақытта 45 Кл заряд өтетін болса,онда өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең ?
№115
Тұрақты 2А ток өтетін өткізгіштінң кедергісін 10 Ом-нан 5 Ом-ға дейін кемітсе,ондағы бөлінетін қуат қалай өзгереді?
№117
Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы тоқ күші неге тең?
«Сөзжұмбақ»ты пайдалану сұрақтары :
Электрленуді байқауға арналған аспап
Неміс физигі
Заряд бірлігі
Жұмыс бірлігі
Заттың агрегаттық күйі
Ток бірлігі
Өткізгіш ретінде қолданамыз
3600 секунд
UIt = ?Затты құрайтын бөлшек
Вольтметр нені өлшейді ?
Джоуль мен ... заңы
UI=?
Бу машинасын ойлап тапқан физик
Кулон ненің өлшем бірлігі ?
Янтарь грек тілінен аударғанда ...
Токтың жұмысы не бөліп шығарады ?

№1
Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау
№2
График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?

3321057429500 I,A
3320558385600 10
342900-444500678815-825500
34290013017500
200 U,B
№1
Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау

№2
График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз?

3321057429500 I,A
3320558385600 10
342900-444500678815-825500
34290013017500
200 U,B
Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Ток күші Электр кернеуі Электр кедергісі Жұмыс Жылу мөлшері Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Ток күші Электр кернеуі Электр кедергісі Жұмыс Жылу мөлшері Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Ток күші Электр кернеуі Электр кедергісі Жұмыс Жылу мөлшері