?МЖ Электр кернеуі. Вольтметр (8-сынып)


Мұғалімнің аты-жөні Ундаганова Г. Р-физика пәнінің мұғалімі Қаратөбе ауданы
Мұхит ЖОББМ
Күні: 16.01.2014 ж
Сабақ тақырыбы Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы
8 сынып Б.М.Дүйсембаев. Г.З.Байжасарова А.А.Медетбекова
Жалпы мақсаты Білімділік: Электр кернеуі ұғымын енгізу және оның физикалық мағынасын ашу. Өлшем бірлігін, өлшейтін құрал-вольтметрмен таныстыру
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту.
Күтілетін нәтиже Кернеу және оның белгіленуін, өлшем бірлігін, өрнегін, оны өлшейтін аспап-вольтметрдің бөлік құнын есептей алады, вольтметр электр тізбегіне параллель жалғанатынын және электр тізбегі бөліктерін білетін болды.
Негізгі идеялар Кернеу-физикалық шама, вольтметр-кернеуді өлшейтін құрал
Тапсырмалар Ғаламтор, Power Poin, ресурстар, «Білім беру платформасы»

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
4 минут І.Өткен тапсырманы тексеру. Топқа бөлу. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу үйге берілген тапсырма негізінде дайындалған карточкалар мен топқа бөлінеді яғни карточкаларда «Ток күші Амперметр» тақырыбына байланысты мәліметтер жазылады. Бұл карточкалар оқушыларға таратып беріледі, содан кейін үй тапсырмасын дұрыс дайындалып келген оқушылар шапшаңдатып өздерінің қай топқа қатысты екендерін біледі және сол топқа жинақталып отырады.
І топ «Ампер» тобы (француз физигі, 1 А, 1 Кл/1с, адам ағзасына қауіпті, күнделікті қолданылатын электр құралдарындағы ток күші)
ІІ топ «Амперметр» тобы (ток күшін өлшейтін құрал, шкаласында «А» әріп қойылған құрал, шартты белгісі дөңгелек ішінде «А» қойылған, оң және теріс қысқыштары бар, ток күші өлшенетін құралмен тізбектеп қосылады)
ІІІ топ «Ток күші» тобына (формуласы І=q/t
қатынасымен сипатталады, өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр заряды мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы, үлестік және еселік өлшем бірліктері миллиампер, микроампер және килоампер болатын шама, электр тогын өлшеу және салыстыру үшін енгізілген шама )
Топқа бөлініп болғаннан кейін әрбір топ өздерінің топ атауларының мағынасын қорытындылап ойын жинақтап бір-бір оқушыдан сөйлейді.
Әрбір топтың топбасшылары бағалау бетшесіне топқа бөлінуден бастап бағалауды орындайды. Үй тапсырмасы бойынша топқа бөліне алмағанда немесе қателесіп басқа топта отырып қалса, сол оқушыға бірінші тапсырма бойынша (-) қойылады. Ал дұрыс тауып топта жиналған оқушыларға (+) қойылады. Топ атауларына дұрыс сәйкес келетін жазбасы интерактивті тақтада көрсетіледі, соған қарай дұрыс-бұрысын анықтай алады.
3 минут
ІІ. Тұсау кесер. Тақырып бойынша бейне ролик көрсетіледі. «Найзағай түрлері»
Оқушылар көрген бейне роликті өздерінше тұжырымдайды.
10 минут ІІІ. Мағынаны тану
1.»Түртіп алу стратегиясы» бойынша оқушыларға оқулықтағы мәтінмен танысып, жұмыс жасауға тапсырма беріледі.
1).Оқулықпен жұмыс-түгел тақырыпты берілген уақытта оқып шығады.
2.Топтық тапсырма
І топ. Теоретиктер. Тақырыпты қорғау.
ІІ топ. Экспериментшілер. Электр тізбегін құрастырады. Вольтметр мен амперметрді тізбекке жалғай олырып, бөлік құнын анықтауды енгізеді. Электр тізбегінде кездесетін құралдардың схемада белгіленуін көрсетеді.
ІІІ топ. Практиктер. Формулалар және өлшем бірліктер арасындағы қатысты табады. Оқушылар топқа берілген тапсырмаларды қорғайды.
Критерий
1 Тақырыптың ашылуы
2 Оқушылардың тың идеялары
3 Көркемдігі
4 Түсініктілігі
Топтарда өзара бағалау
5 мин
5 мин ІУ. Жаңа сабақты бекіту
1.«Серпілген сауалдар» стратегиясы
1.Электр кернеу дегеніміз не?
2.Электр кернеуінің өлшем бірлігі қандай?
3.Электр тізбегі қандай бөліктерден тұрады?
4.Кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады?
5.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
6.Құралдардың бір бөлігінің құнын қалай анықтаймыз?
2.Кестемен жұмыс
Атауы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы Шартты белгісі Өлшейтін құрал Құралды жалғайды
Ток күші Электр кернеуі Әрбір оқушы бірін-бірі бағалау парағындағы жұмыс алгоритміне орай бағалайды
3 мин
3 мин
5 мин V. Ой толғаныс. Жеке жұмыс
1.Қыздыру шамы,ток көзі,амперметр,вольтметр,кілттен тұратын электр тізбегінің сызбанұсқасынын сызу тапсырылады.
2. «Қатесін тап» ойыны
Электрлік сызба нұсқалар көрсетіледі. Қатесін тауып, дұрыс сызылған сызбанұсқаны көрсетеді.
Ойын жеткізу үшін уақыт
Бағалау. (5 мин) Сызбанұсқа сызылады. Көршісіне жылжыту арқылы тексеріледі.
Сызбанұсқаның қатесі табылады. Дұрыс сызба, кесте слайдтан көрсетіледі.
Топбасшылары өз (неліктен, неге 3,4,5) деген бағаларды алғандығын дәлелдеп шынайы, нақты бір бірін бағалайтын болады. Тобындағы оқушылардың бүгінгі сабақтағы алған бағаларын айтып береді
1 мин
1 мин VІ. Үйге тапсырма. §37 Қосымша тапсырма. Үйдің бір бөлмесіндегі электр тізбегін және ток көзінің неше вольт екендігін анықтап, сызбанұсқасын сызып келу. Электрлік құрылғылардың шартты белгілерін жаттау
Рефлексия. Бүгінгі сабақты қалай түсіндің?
Стикерді смайликтер тұсына жабыстыру арқылы қалай түсінгендіктерін білдіреді.