Саба? жоспары 8 сынып физика Электр кернеуі. Вольтметр
«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-1349-2312Ашық сабақ
0Ашық сабақ
-73088582550Тізбек бөлігіне арналған ом заңы. Электр кедергісі
00Тізбек бөлігіне арналған ом заңы. Электр кедергісі
Пән мұғалімі: Ғ.Карабаева
Сыныбы: 8 «А»
Күні: 18.01.13ж
Қаскелең қаласы
Бекітемін
Мектеп директорыГ.Такимова
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға электр кедергісі, электр кедергісінің бірлігі, шартты белгісі туралы мағлұмат беріп, білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, талдау жасау қабілеттерін есептер шығару арқылы дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәәрбиелеу
Сабақтың көрнекі құралдары: оқулық, есептер мен жаттығулар жинағы, ақпараттық коммуникативті технологиялар, үлестірмелі дидактикалық материалдар
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (ұжымдық жұмыс, сұрақ-жауап әдісі) (2 мин)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сыныпта бүгін кім кезекші?
Кезекші сабақта кім жоқ?
ІІ. Білімдерін тексеру ( сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс) (10 мин)
Электр тогы дегеніміз не?
Электр тогы пайда болу үшін қажетті шарттар
Электр тогының қандай әрекеттері бар?
Ток көзіне не жатады?
Ток күшіне анықтама бер
Ток күшін есептеу формуласы
Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
Ток күшін өлшеуге арналған құрал.
Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
Электр кернеуі дегеніміз не?
Электр кернеуін есептеу формуласы қандай?
Электр кернеуінің өлшем бірлігі не?
Электр кернеуін өлшеуге, есептеуге арналған құрал.
Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
Вольтметрдің шартты белгісі
Амперметрдің шартты белгісі
№1 есеп
25 Кл заряд өткенде ток күші 25кА болатын электр заряды қанша уақытқа созылады.
ІІІ.Жаңа сабақ мақсатын қою (ауызша баяндау әдісі, ұжымдық жұмыс) (1мин)
Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.
IV. Жаңа сабақ ( түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс, ауызша баяндау әдісі, ұжымдық жұмыс) (15мин)
Ток күші неге тәуелді екенін қарастырайық.
Электр тізбегін жинап, АВ өткізгіші арқылы ток өткізейік. Амперметрмен АВ өткізгішіндегі токты, ал вольтметрмен өткізгіштің ұштарындағы керенуді өлшейік. Ток көздерін ауыстырып және тәжірибені қайталағанда, тізбектегі токтың да, өткізгіштің ұштарындағы керенудің де өзгергенін көреміз. АВ өткізгіштің ұштарындағы кернеу қанша есе артса, өткізгіштегі ток сонша есе артады, яғни I ̴ U. Егер АВ өткізгішін басқа өткізгішпен алмастырып, одан кейін ток көздерін ауыстыра отырып, олармен дәл осы тәжірибені жасасақ, онда токтың ұштарындағы кернеудің шамасына пропоционал екенін көруге болады.
Тәжірибеден алынған ток күшінің кернеуге тәуелділігін көрсететін нәтижелердің математикалық өрнегін былай жазуға болады:
I=1RU немесе I=1R ,мұндағы 1R-пропорционалдық коэффициент. Тәжірибе 1R шамасының өткізгіштің қасиеттеріне ғана тәуелді екенін көрсетеді.
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 ж. Г.Ом ашты.
Георг Симон Ом (1787 ж. 16 наурыз, Эрлангем - 1854 ж. 7 шілде, Мюнхен) - неміс физигі. 1805-1806 жылдары Эрланген университетінде оқыды. Әр түрлі гимназияларда математика мен физикадан сабақ берді
Эрланген университетінде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегі Политехникалық мектептің, Мюнхен университетінің профессоры болды.
1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшін, кернеу және кедергінің бір-бірімен байланысын өрнектейтін электр тізбегінің негізгі заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы U=I*R қарапайым формуламен өрнектеледі. Ом кедергінің өткізгіш материалына тәуелділігін, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына кері пропорционал екенін көрсетті. 1827 ж. электр мен жылудың таралуының сәйкестігіне сүйеніп теория негіздерінен заңдылықты табуға әрекет жасады. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерінің түсуі" деген ұғым енгізді. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткізгіштік" деген ұғымдарды да ол енгізген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзінің электр қозғаушы күшін өлшеді.
Омның кейінгі еңбектері акустикаға, соның ішінде дыбыстың күрделі құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалімен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесі болды.
Ом заңы былай тұжырымдалады:
Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:
I=URSI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді. Ом заңына сәйкес R=UIБұл өрнектен кедергінің бірлігін анықтайды:
1 Ом=1 В1 А1 Ом=1 Вольт 1 АмперКедергінің 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі қабылданған.
36244881085850314198016738002875416108749Тізбектегі кедергінің шартты белгісі:
2731577516726273157751672600Тізбектегі кедергіні өзгертіп отыру үшін реостаттар қолданылады. Олар тежегіштер және іске қосқыш болып бөлінеді.
2947328115035254557953340233045011493500Реостаттың шартты белгісі:
Кедергі өзгергенде, тізбектегі ток күшін біртіндеп өзгерту үшін реостат қолданылады.
V. Жаңа материалдың алынған тексеру (сұрақ-жауап, жеке) (5 мин)
1.Ом заңы қалай тұжырымдалады?
2.Электр кедергісін есептеу формуласы?
3. Электр кедергісінің бірлігі қандай?
4. Электр кедергісінің шартты белгісі?
5. Реостат не үшін қолданылады?
VI. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап әдісі, жеке) (10мин)
1.Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең?
2.Амперметрдің паспортында кедергісі 0,1 Ом деп жазылған. Егер амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқышындағы кернеу неге тең?
3.Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.
4.Сызба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар
1) а-сурет б-сурет
VIІ. Үй тапсырмасы
§38 оқу, 18 жаттығу №1-5