Саба?ты? та?ырыбы: Х?ІІІ ?асырда?ы ?аза?станны? дамуы


І бөлім. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік экономикалық, саяси және мәдени дамуы
§1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Сабақтың мақсаты:
- ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен танысу, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстарға назар аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі тәртібі мен әдет-ғұрпының рөлін анықтау, деректермен танысу;
- Туған өлкенің тарихына және әдет-ғұрпына құрметпен қарау.
Көрнекіліктер: карта, терминологиялық сөздік, ватмандар, фломастер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
«Ассоциация» стратегиясы
Әр топқа тапсырма беру: Қазақстанның ХҮІІІ ғасырға дейінгі жағдайына шолу жасау.
1-топ: әлеуметтік жағдай;
2-топ: экономикалық жағдай;
3-топ: саяси жағдай;
4-топ: мәдени дамуы.
3 минут уақыт беріледі. Бұл тапсырма жұпта, топта талқыланады. Топтағы талқылау нәтижесі қағазға түсіріледі.
ІІІ. Мағынаны тану.
INSERT стратегиясы.
Тақырыпты оқу алдында тапсырма беріледі: оқу кезінде қосымша жұмыс жасалынады. Оқи отыра, мәтіннің шетіндегі ашық жерге белгі қойып отырылады. Белгілер тақтаға жазылады және сабақ соңына дейін сақталады:
«v» - егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса мәтіннің шетіне «v» белгісін қоясыз.
«-» - егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, онда «-» белгісін қоясыз.
«+» - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, «+» белгісін қоясыз.
«?» - егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе «?» белгісін қоясыз. Сонымен оқу кезінде мәтіннің шетіне осындай төрт белгі қоясыз. Сіз әр абзацқа 1-2 белгі қойсаңыз жеткілікті, бірақ ол кейде аз, кейде көп болуы мүмкін. Ал енді белгі қоя отырып, оқуға кірісіңіз.
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан кейін жұбымен оқығандары туралы бөліседі. Содан кейін топта талқылайды. Талқылау аяқталғаннан кейін, әркім өз бетімен дәптерінде кестені толтырады:
v - + ?
жүзге, руға бөліну,
хан билігі,
сұлтандар,
құлдар ұлықтау рәсімі,
сұлтандардың әдет заңы,
қожалар – таңдаулы ақсүйектер тобы этностық және субэтностық топтар құрамалар деп аталды
тархандар – Ресей империясы-
ның атағы құлдар туралы ақпарат
құн төлейтін заң
Сібір қырғыз-
дары туралы жарғы
Оқушылар өздік жұмыстарын бітірген соң, жұптарымен кестедегі жазғандарын талқыға салады. Содан кейін сыныптың ортақ кестесі құрастырылады.
ІҮ. Ой толғаныс.
Топта ортақ кестені талқылаған соң, плакатта жазылған алғашқы ақпаратқа ораламыз. Сәйкес келген пікірлерді анықтаймыз. Содан кейін сәйкес келмеген пікірлер шешімін тапты ма немесе қосымша материалдар керек пе деген сұрақ талқыланады.
Ү. Бағалау.
Кестенің барлық бағандарын толтыру – 1 балл
Кем дегенде, жоғары деңгейдегі 2 сұрақ – 4 балл
Кем дегенде, 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша) – 5 балл.
ҮІ. Үй тапсырмасы.
«Қазақ жеріндегі құлдар» эссе жазу.