Агент, Whats App-ты? пайдасы мен зияны дебат
Алматы облысы
Карасай ауданы
М. Габдуллин орта мектебі-мектепке
дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі
Ж. Темиргалиева
Тақырыбы:Агент, Whats App-тың пайдасы мен зияны.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа компьютер заманындаагент, Whats App-тың пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Өз денсаулықтарын сақтай білуге үйрету
Түрі: дөңгелек үстел Көрнекілігі: проектор, презентациялар,
газеттер
Қатысушылар:8-9-10 сынып оқушылары
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
ІІ. 1 жүргізуші: ХХІ ғасыр – компьютер заманы. Компьютерлік технология, интернеттің арқасында елдер, шет аймақтар арасында ақпараттық алшақтық жойылуда. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» ғылыми-танымдық ізденістерде көмекшілер-осылар.
2 жүргізуші: Иә байқап қарасақ агент, Whats App жастардың айнымас бөлігіне айналып барады. Жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырып, ұялы телефонның бетіне телміріп отыратын жастарды көріп, куә болып жүрген жайымыз бар.
1 жүргізуші: Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің де тақырыбы осы Агент, Whats App-тың пайдасы мен зиянына арналады.
2 жүргізуші: Ендеше іс-шарамызды бастайық. Бүгін біздің шарамызға өз ойын бөлісуге 9-10 сынып оқушыларынан құралған топтар келіп отыр. Топ мүшелері өздеріне алдын-ала берілген тақырыптар бойынша презентация дайындады. Келесі кезекте топ мүшелеріне сөз берейік.
9 сынып «Интернеттің шығу тарихы», «Интернеттің зияны »
10 сынып «Агент , Whats App дегеніміз не? Әлеуметтік желілер туралы не білесіз?»
Сергіту сәті: Ән: «Агентің қызы» 10 сынып оқушылары
Көрініс « Whats App-пен танысу» 9 сынып оқушылары
Қатысушыларға сұрақтар қою:
Агент пен Whats App-та танысқан дұрыс па?
Әлеуметтік желілерде қанша досыңыз бар?
Әлеуметтік желілердегі таныстардың шын мәніндегі бейнесін көруге бола ма?
Әлеметтік желілерге тіркелу ауру ма әлде әдет пе?
Анкеталық тест «Сіз компьютерге, интернетке, ұялы телефонға тәуелдісіз бе?»
Презентацияда «Компьютер, интернет, ұялытелефонға тәуелділікті жеңудің 10 жолы» слайдын көрсету.
Қорытындылау:
1 жүргізуші: Қазіргі кезде қаласаңызда, қаламасаңызда интернетсіз, оның мүмкіндіктерінсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Осы интернетті меңгеру біршама жұмысыңызды жеңілдететіні сөзсіз.
2 жүргізуші: Алайда ешкіммен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын адамадар саны көбейіп барады. Дәрігер мамандардың сөзіне жүгінсек осы заманауи техниканы шектен тыс пайдаланғандар түрлі ауруларға ұшырайды екен. Сондықтан «Денсаулық зор байлық» дегендей өз денсаулығымызды сақтай білейік.
Анкеталық тест
«Сіз компьютерге, интернетке, ұялы телефонға тәуелдісіз бе?»
Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңіздіалдын-ала анықтап айта аласыз ба?
Жоспарланған ісіңізді агент пен Whats App-тан үзіле алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
Интернетте, ұялы телефонмен жұмыс істеген кезде қуанған сәтіңіз болды ма?
Интернетте немесе ұялы телефон интернетінде қазіргіденде көп уақыт жұмыс жасағыңыз келіп тұра ма?
Интернеттен қол үзгенде ашуыңыз келе ме?
Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт отырғаныңызды байқайсыз ба?
Интернетте, компьютер алдында ұзақ отырғандықтан туыстарыңызбен әлде достарыңызбен қарым-қатынас бұзылды ма?
Сүйікті ісіңізден агент пен Whats App үшін бас тарттыңыз ба?
Шынайы өмірге қарағанда интернет арқылы танысу көбейіп кетті ме?
Көзіңіз ауырып, арқаңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз компьютер, интернет және ұялы телефон торына түскен тұтқынсыз. Сондықтан «Компьютер, интернет пен ұялы телефонға тәуелділікті жеңудің »10 жолын үйреніңіз.