«Жол т?ртібін са?тайы?!» т?рбие са?аты
«Жол тәртібін сақтайық!» тәрбие сағаты
1Үйірмеге мүшелері арасында өткізілген«Жол тәртібін сақтайық!» тәрбие сағатыныңсценарийіТақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар, плакаттар.Қатысушылар: Үйірме жетекшілері және үйірме мүшелері.Жоспары: 1. Кіріспе2. Топтарды таныстыру3. Белгілер сөйлейді4. Сұрақ - жауап5. Жұмбақтар шешу6. Ойын7. ҚорытындыБарысы:І бөлімМұғалім:Арманға алда күткен асығамыз,Біз қалай толқын атпай басылармыз.Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.Бүгінгі бізге келген қонақтарғаСабағымыз басталады сәлемменен!Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!1 – жүргізуші:Шуақты күндеріміз күндей күліп,Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.Арманға сапар тарту мүмкін емесЖол жүру ережесін білмей тұрып.2 – жүргізуші:Қай көше, қай қалаға барсаңыз даҚай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі заңды тәртіпОл – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады.Сонымен сіздердің алдарыңызда«Бағдаршам» тобы және «Жол белгілері» тобы.ІІ бөлім. «Бағдаршам» тобыҰраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!Жүрме жолға таласып»Бағдаршамның шығу тарихынан баяндайды.1–оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.2-оқушы:Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.3-оқушы:1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.4-оқушы:1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.5-оқушы:Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.6-оқушы:Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ Әйтеке би кентінің кейбір көшелерінде де бар.«Жол белгілері» тобыҰраны: «Үйрен таппай тыным бір,Белгілердің тілін біл.»Жол белгілерінің шығу тарихынан баяндайды.1-оқушы:Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.2-оқушы:1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.3-оқушы:1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды.4-оқушы:1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.5-оқушы:1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды.6-оқушы:1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.ІІІ бөлім. Топтар шартты белгілерімен таныстырады.«Бағдаршам» тобы1. Мен көзімді ашқанда,Ешқашанда баспа алға.Орыңда тұр, қозғалма,Ереже бұл «Сен, тоқта!»2. Мен көзімді ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жүруге әлі болмайды,Дайындықты сақтайды.3. Мен көзімді ашқанда,Көліктер саған тоқтайды.Ережені білген жандар Өтуге еш қорықпайды.4. Көрегенмін, қырағымын,Үш көзім бар, үш сыншым.Сақтап халық өмірін Тәртіпті мен орнаттым.«Жол белгілері» тобы1. «Ескерту» белгісіӨзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,aЖолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.2. «Тыйым салу» белгісіМен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамынҚауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?3. «Нұсқау» белгісіБелгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.4. «Көрсеткіш» белгісіБаратын сапардың жақынын, қашығын,Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.Күндіз де, түнде де от болып жанады,Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.5. Төрт топтан құралған белгілер туыстай,Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!ІV бөлім. Сұрақ-жауапБағдаршам тобына1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/«Жол белгілері» тобына1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/V бөлім. Көрермендерге жұмбақтар беріледі. Ән орындалады. Жұмбақтардың жауабы алынады. VІ бөлім. Оқушылармен бағдаршам ойыны ойналады.VІІ бөлім. ҚорытындыБіз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.Жол ережелері жазылған стенд көрсетіледі.Оқушылардың «Менің Оқушылар Үйіне дейінгі жолым» атты схемалары түсіндіріледі.Газет қорғалады.Айналайын, абайла!Жан-жағыңа қарайла!Жолда жүру ережесінЕсте сақта қалайда.Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!