Хал?ымыз ?ашанда дария к??іл, ке? кеуде ?арттарымен ма?тана білген. А?са?алы мен а? шашты ананы ?адірлегені соншалы?, а? киізге орап, к?терген екен. Б?гінде бізді? аталарымыз бен аналарымыз да сондай ??рметтен кенде емес. Орны – т?р, ?атары – алды??ы сапт


Тақырыбы: Қарттары көп ел – қазыналы ел
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Солай бола тұра, еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жыл¬дар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарт¬тар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырға ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік дастарханымызға қош келдіңіздер!
Өткізген шәкіртімен қыс жаздарыңКөп пе екен айтар бізге мұң наздарыңЕңбегімен бөленген нұр алғысқаАрмысыздар! Ардагер ұстаздарым!
Дүниеге келер бір ретДария кеуде тау – мүсінҚұрыштай күйген құдіретҚарттарым, аман –саумысың?
Ардагерлер ардақты асыл жандарШәкіртімен мерейі тасығандарБілімнің сәулесі мол нұр көшіндеШуақ боп, шапағат боп шашылғандар, –дей отырып кешімізді әдемі әнмен ашқалы отырмыз.
«Алтын ана» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік кештің құттықтау сөзін мектебіміздің басшысы Ертемірова Нұрзия ханымға береміз.
Жүргізуші:
Өздерің болсаң жанындаЕл іші жомарт, еңселіДән исі сіңген қанындаДаламның бір-бір бөлшегіОқушыларымыз сіздерге өлең жолдарын арнайды.
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастанТаң атып күн де шыққан өздеріңненЖалындап жұлдыз жанған көзлеріңненТербедің көктем бағын самал болыпӨсиет жастарға айтқан сөздеріңменСүйсінер ісің көп болса,
Батаға жарып өсесің- Көп жаса, балам!- дегізсеңҚарттыққа сен көшесіңЖер бастырмай баласын,
Желкесіне мінгізген.
Өсіріп ар-намысынАта-аналығын білгізгенҚартаю деген әрқалай,
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген.
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Қадірлей біл қартыңды!
Болып жүрме тексізден.
Кеше ол да дәл сендей,
Жас болғанын ұмытпа.
Дүние кезек, достарым.
Қарттардың көңілін суытпа!
Бүгін сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға биылғы жылдың бірінші сыныбы, ғылым мен білімнің есігін алғаш ашқан, болашақта өздеріңіздей болуға талпынған бүлдіршіндері де келіп тұр. Қабыл алыңыздар!
Жақсылықтар үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыданБәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау – кішілікҮлгілі мінез - кісілікҰстаз алдын көргендер,
Көп жақсылық табады.
Оның ерен еңбегі,
Есейтеді баланыҰстаз бізді «ертеңгіДаналар» деп ойлайды.
Санадағы селтеңдіБағындырмай қоймайды.
Үйіріп ап үнімен,
Жанымызда күнімен.
Шаршаса да мойымас.
Ұстаздарға жүгінем.
Жүргізуші:
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын Аса құрметті ардагер ұстаздар, сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.Ендеше келер ұрпаққа айтар тілектеріңізді тыңдасақ дейміз!
Жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілгенШәкірттерін сүйген таза көңілденТағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірденҚадірлі ардагер ұстаздар, қазіргі әсем билеріміз сіздерге арналады. (КТК)
Жүргізуші:
Ізгілікті он бойына жинағанШәкірттерге жан жылуын сыйлағанТәрбиелеп жаңа адамын ОтанныңАрдақтысы болған елдің мұғалімШәкірттердің тыңдап жазып, сұрағынЖас сынаға төгіп білім шуағынХат танытып, жол сілтеген өміргеБарша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.
Осымен сіздерге арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.